Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эмоция (жан толғанысы) психикалық күйдің бір түрі





Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзі адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнерге немесе шығармаларға, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады, оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға деген көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жеккөреді т.б.

Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім мүшелері деп атаймыз, дұрысында оларды түйсіну мүшелері деп атауымыз керек.

Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім - бұл өте күрделі, адамның қалыптасқан тұрақты қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді. Сезім эмоциялар арқылы байқалады.

Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл күйі. Адамдар шындық дүниенің заттарымен
құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама канағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық түрде және қоғамды тұрмысқа байланысты қабілеттіліктерде жағымды эмоцияларды шақырады. Осындай қажеттіліктерді канағаттандыруға кедергі келтіретіндері жағымсыз эмоция қалыптастырады.

Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.

Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігі арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім («стенос»-грек сөзі, қазақшалағанда күш деген мағынаны береді), мысалы: күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділік қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім («астенос» - грек сөзі, қазақшалағанда әлсіздік мағынасында қолданылады), мысалы, нәзіктік, қайғықасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

 

Date: 2015-09-24; view: 1631; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию