Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Анестезиология және реанимация»_ каз 5 page





Фурацилин ерітіндісі, анаэробты микрофлораға тежеуші әсер көрсетеді©

Бор қышқылы ерітіндісі, микрофлораға тежеуші әсер көрсетеді©

Йодонат ерітіндісі, микрофлораға тежеуші әсер көрсетеді©

Салицил қышқылы, микрофлораға тежеуші әсер көрсетеді©

+Марганц-қышқылды калий, сутек асқын тотығы, өйткені оттегі анаэробты микрофлораға тежеуші әсер көрсетеді

***

.Кезекші дәрігер оң жақ санның соғылған жарасына хирургиялық өңдеу жасады. Өңдеуден кейін күшпен тігістер арқылы орнына келтірілген тері жабындысының дефектісі түзілді. Қандай қателік жасалды және неліктен?©

Хирургиялық өңдеу, өйткені соғылған жара кезінде ол жасалмайды©

Хирургиялық өңдеудұрыс жасалмаған, өйткені тіндердің ауқымды дефектісі түзілген©

+Тінді тарту арқылы тігіс салу тері некрозының пайда болуымен қауіпті©

Тіндерді бір-біріне келтірудің қажеті жоқ, өйткені соғылған жара тігілмейді©

Соғылған жараға БХӨ қажет емес.

***

Амбулаторлы қабылдауда Сіз Жоғарғы еріннің фурункулынадиагностика жасадыңыз. Бұл науқасқа байланысты Сіздің тактикаңыз қандай? Шешімдеріңізді негіздеңіз.©

+Жедел госпитализация; антибактериальді, детоксикациялық терапия, өйткені бас миының венозды синустарына ангулярлы вена арқылы іріңді тромбтардың эмболизациясымен байланысты бас миының абсцессі, іріңді менингит болуы мүмкін©

Фурункулды ашу,амбулаторлы жағдайдаантибактериальді, детоксикациялық терапия жүргізу, өйткені фурункул шектелген процесс болып табылады©

Гипертониялық таңғыш немесе Вишневский майын жағу, өйткені ерін фурункулын хирургиялық әдіспен емдеуге болмайды©

УФО, жергілікті антибиотик майларын жағу, өйткені ерін фурункулын хирургиялық әдіспен емдеуге болмайды©

Жедел госпитализация, өйткені ерін фурункулыжақасты, жұтқыншақарты флегмонасымен асқынуы мүмкін

***

.Қабылдау бөліміне табанның жаншылған жарасынан кейін 5 күні науқас әкелінді. Бас ауруы, шаршағыштық, жара маңы ауырсынуына шағымданады. Температурасы 38,5°, пульсі 110, АҚҚ110/70 мм с. б. Тершеңдік. Оң табанның табандық бетінде - диаметрі 0,7 см жара іріңді бөлініспен(гнойно-сукровичным отделяемым). Жара маңы–тырыспалы тартылулар. Сіздің диагнозыңыз, емдік шаралар?©

Диагноз: табанның жаншылған жарасы, іріңдеумен асқынған. Көмек – жараны ашу, антибактериалдық терапия, таңу жұмыстары©

Диагноз: табанның жаншылған жарасы, құтырмамен асқынған. Көмек – 2 кү ішінде антирабикалық сарысу, антибактериалдық терапия, тырысуға қарсы терапия©

+Диагноз: табанның жаншылған жарасы, сіреспемен асқынған. Көмек – сіреспеге қарсы сарысу, антибактериалдық терапия, тырысуға қарсы терапия©

Диагноз: табанның жаншылған жарасы, флегмонамен асқынған. Көмек – флегмонаны ашу, антибактериалдық терапия, таңу жұмыстары©

Диагноз: табанның жаншылған жарасы, гангренамен асқынған. Көмек – сирақтың төменгі 1/3 деңгейіндегі ампутациясы, антибактериалдық терапия, инфузиялық терапия.

***

Науқас В., 33 жаста, оң жақ мықын және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, жүрек айну, құсу, дене температурасының 38 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 тәулік. Тілі құрғақ. Щеткина - Блюмберг симптомы оң ішінің төменгі бөлігі пальпацияда ауырсынады. Ректалды тексергенде тік ішектің айқын ауырсынуы анықталады, бірақ қабырғалары түспеген. Лейкоцитоз – 13,0 х 10 9/л., гемоглобин-118 г/л., ЭТЖ - 12 мм/сағ. Науқасқа қандай диагноз қоясыз және неге?©

Жедел катаралды аппендицит, жергілікті шектелген перитонит, себебі науқас 2 күн ауырады, ал ауырсыну іштің төменгі бөлімінде орналасады©

Жедел флегмонозды аппендицит, жергілікті шектелмеген перитонит, себебі дене температурасы 38 С, Щеткина - Блюмберг симптомы оң©

+Жедел гангренозды - перфоративті аппендицит, диффуз­ды перитонит, себебі 2 күн ауырады, оң жақ мықын және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мазалайды, Щеткин - Блюмберг симптомы оң, лейкоцитоз 13,0 х 10 9 /л©

Аппендикулярлы түйілу, себебі ішінде ауырсыну, ауырғанына 2 күн©

Аппендикулярлы инфильтрат, себебі оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда қатаю және ауырсыну анықталады, ауырғанына 2 күн.

***

Науқас А, 48 жаста, клиникаға мына шағымдармен түсті: іштегі, әсіресе мезогастрийдегі интенсивті ауырсыну. Ауырғанына 1 күн болған. Іші кепкен, қатайған, іш перденің тітіркену симптомы оң. Лейкоцитоз 25,0 х 109/л. Науқасқа операция қандай тілім арқылы жасалады?©

Мак – Бурней – Волкович – Дьяконовтың қиғаш тілімі©

Колесовтің көлденең тілімі©

Леннандердің параректалды тілімі©

Пирогов бойынша тілім©

+Орталық лапаротомия

***

Іштің тұйық жарақатынан 3 күннен кейін науқасқа операция жасау барысында құрсақ қуысында ішектік қоймалжын, көп мөлшерде іріңді сұйықтық, висцералдық және париеталдық ішастарында фибрин, тоқ ішектің 2 см дефектісі анықталды. Сіздің хирургиялық тактикаңыз қандай?©

+Тоқ ішектің зақымдалған бөлігінің резекциясы, екібағанды колостома салу, назоинтестиналдық дренаждау©

Гемиколэктомия, еюнотрансверзонанстомоз салумен©

Тоқ ішектің зақымдалған бөлігінің резекциясы©

Тоқ ішектің зақымдалған бөлігін тігу, еюностома салу©

Тоқ ішектің бірбағанды колостома салуымен резекциясы

***

Құрсақ аймағында айқын ауырсыну, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында диафрагма асты кеңістігінде бос газ жолағы анықталғанда хирургиялық ем ауқымын анықтау неге негізделеді?©

Аурудың басталған уақыты©

+Ішастарларының қабыну өзгерістері дәрежесі ©

Құрсақ қуысы ағзалары дефектісі көлемі©

Құрсақ қуысы ағзалары дефектісі орналасуы©

Науқастың жасы

***

Науқас Н., 30 жаста, клиникаға іштің барлық аймақтарындағы ауырсынуға, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымдана түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ. Іші қатайған. Тыны салу актісіне қатыспайды. Пальпацияда іштің барлық аймағы ауырсынады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Іштің барлық аймағында Щеткин -Блюмберг симптомы айқын оң. Операция кезінде бауырдың сол жақ бөлігі астында қабаттасқан фибрин анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз? Емдеу тактикасы?©

+Перфорациямен асқынған асқазанның ойық жара ауруы, перитонит. Перфорацияланған ойық жараны тігу©

Жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі. Жабысқақты ажырату, ішек өтімсіздігін жою©

Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит. Шарбы қалтасын және құрсақ қуысын дренаждау©

Ұлтабардың тесілген ойық жарасы, перитонит. Асқазанның 2/3 бөлігінің Бильрот 2 бойынша резекциясы©

Жедел деструктивті холецистит, өттік перитонит. Холецистэктомия, холедох пен құрсақ қуысын дренаждау

***

Науқас С, 22 жаста. Құрсақ қуысының жедел іріңді ауруына орай жасалған операциядан кейін 5 тәулікте дене температурасының 37,6 С көтерілуі, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болған. Науқаста қандай асқыну дамыған және ең ақпаратты диагностикалық әдіс қандай?©

Құрт тәрізді өсінді тұқылының жетіспеушілігі, лапароскопия©

Ішек өтімсіздігі, құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©

+Дуглас кеңістігінің абсцессі, тік ішекті және қынапты саусақпен тексеру©

Жедел пиосальпинкс, кіші жамбастың УДЗ©

Инфекциялық колит, копрологиялық зерттеулер

***

Диагностикалық лапороскопия кезінде іштің оң жағында серозды перитонит және ұлтабар буылтығының алдыңғы қабырғасының перфорациялық тесігі анықталды. Науқас 42 жаста, “жаралық анамнез” теріс. Дұрыс әрекетті анықтаңыз.©

Жоғарғы - орталық лапаротомия және перфорациялық тесікті екі қатарлы тігіспен тігу©

Лапароскопиялық екі жақты бағаналы ваготомия, перфорациялық тесікті тігу ©

Жоғарғы - орталық лапаротомия, асқазанның 2/3 бөлігі резекциясы ©

Жоғарғы - орталық лапаротомия, пилоропластика, ваготомия©

+Перфорациялық тесікті лапароскопиялық тігу. Құрсақ қуысын санациялау, дренаждау

***

Клиникаға асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жарасы тесілгеннен 2 күннен кейін түскен 32 жасар науқасқа жасалған операция кезінде құрсақ қуысында көп мөлшерде іріңді бөлініс, ащы ішек ілметері, бауыр, диафрагма фибринмен жабылған, ішек ілмектері қоймалжынымен керілген, «ауыр». Науқасқа жасалатын операция көлемі және операциядан кейінгі кезеңді жүргізу қандай?©

Жоғарғы – ортаңғы лапаротомия, перфорацияланған ойық жараны екі қатарлы тігістермен тігу©

+Тесілген ойық жараны тігу, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау, ащы ішек интубациясы©

Жоғарғы – ортаңғы лапаротомия, асқазанның 2/3 резекциясы©

Жоғарғы – ортаңғы лапаротомия, ваготомия, пилоропластика©

Перфорациялық тесікті лапароскопиялық тігу. Құрсақ қуысын санациялау, дренаждау

***

Науқас 44 жаста, қатты тоңғаннан кейін, дене қызуы 39,0ºС жоғарлаған, кеуде қуысының оң жағында ауырсыну пайда болған, тыныс алғанда күшейе түскен, жөтел пайда болған. Қақырық түспеген. Дене қызуы 8 күн тұрақты жоғары болған, антибактериалды қабынуға қарсы терапияға қарамастан. Сосын науқаста көп мөлшерлі жаман иісті 200 мл – дей қақырық бөліне бастаған. Дене қызуы қалыптыға түскен. Науқас өзін жақсы сезінген, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тыныс алудың әлсіреуі байқалады. Басқа патология©

оң жақты плевра эмпиемасы©

Өкпенің бронхэктаздық ауруы©

Өкпе туберкулезі©

өкпе рагі©

+ оң жақ өкпенің жедел абсцессі

***

Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен, 52 жастағы науқас жеткізілді. Шағымдары: кеуде артының ауырсынуы, жұтынғанда және басын артқа қайырғанда ауырсыну күшеюі, дисфагия, шөлдеу, ауызының құрғауы. Анамнезінен белгілі: ет сүйегін жұтып қойған, оны амбулаторлы жағдайда техникалық қиындықтармен эзофагоскопиямен алынған. Науқас үйіне қайтарылған, үйінде жағдайы күрт төмендеп, жедел жәрдем шақырған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр, терісінің бозару мен цианозды көкшіленуі, 30 минуттау ентігу, суық тер, тахикардия 120 рет/мин, дене қызуының 38 ºС жоғарлауы, кеуденің жоғарғы бөлігінде және мойын аймағында крепитация анықталады. Науқастың стационардағы емі қандай болмақ?©

Мойын бүйірі мен трансдиафрагмальді медиастинотомия, көкірек қуысын дренирлеу, гастростомия, күшті детоксикация, массивті антибактериалды терапия©

Мойын бүйірі мен трансдиафрагмальді медиастинотомия, көкірек қуысын дренирлеу, полиорганды бұзылыстарды емдеу, иммунотерапия, ауыз арқылы тағамдандыру©

Гастростомия, күшті детоксикация, массивті антибактериалды терапия, полиорганды бұзылыстарды емдеу, иммунотерапия, ауыз арқылы тағамдандыру©

Медиастинотомия, гастростомия,, күшті детоксикация, массивті антибактериалды терапия, полиорганды бұзылыстарды емдеу, иммунотерапия, ауыз арқылы тағамдандыру©

+Мойын бүйірі мен трансдиафрагмальді медиастинотомия, көкірек қуысын дренирлеу, гастростомия, күшті детоксикация, массивті антибактериалды терапия, полиорганды бұзылыстарды емдеу, иммунотерапия, ауыз арқылы тағамдандыру

***

Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен 52 жастағы науқас жеткізілді. Шағымдары: төс артындағы ауырсыну, жұтынғанда және басты артқа шалқайтқанда үдей түседі, дисфагия, шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы. Анамнезінен ет сүйегін жұтқаны белгілі, амбулаторлы жағдайда эзофагоскопия арқылы шығаруда техникалық қиындықтар болған. Науқас үйге жіберілгеннен кейін, жағдайының ауырлауына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Қарауда: науқастың жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, цианозды белгілермен, 30 минутқа ентігу, суық тер, тахикардия 120 соққы минутына, дене температурасы 38 С көтерілу, мойын аймағы мен кеуде қуысының жоғарғы жарты бөлігінде крепитация анықталады. Науқастың ауруын амбулаторлы жағдайда емдеудегі тактиканы бағалаңыз?©

Фиброэзофагоскоп көмегімен өңештегі бөгде затты алып тастау©

Фиброэзофагоскоп көмегімен өңештегі бөгде затты алып тастау, антибиотикотерапия©

+Эзофагоскоп кезіндегі техникалық қйындықтар, өңеш флегмонасына күмәндану, бөгде затпен перфорациясы бар науқасты міндетті түрде госпитализациялау керек, динамикалық бақылау, қажет болған жағдайда – қосымша тексерулер©

Наркоз арқылы қатты эзофагоскоп көмегімен өңештегі бөгде затты алып тастау©

Наркоз арқылы қатты эзофагоскоп көмегімен өңештегі бөгде затты алып тастау антибиотикотерапия

***

Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен 52 жастағы науқас жеткізілді. Шағымдары: төс артындағы ауырсыну, жұтынғанда және басты артқа шалқайтқанда үдей түседі, дисфагия, шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы. Анамнезінен ет сүйегін жұтқаны белгілі, амбулаторлы жағдайда эзофагоскопия арқылы шығаруда техникалық қиындықтар болған. Науқас үйге жіберілгеннен кейін, жағдайының ауырлауына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Қарауда: науқастың жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, цианозды белгілермен, 30 минутқа ентігу, суық тер, тахикардия 120 соққы минутына, дене температурасы 38 С көтерілу, мойын аймағы мен кеуде қуысының жоғарғы жарты бөлігінде крепитация анықталады.Оперативті енулердің түрлері?©

оң жақтан алдыңғы бүйір торокотомия ©

+Разумовский бойынша плевраалдыкөкірекүсті©

Стернотомия©

Т-тәрізді толық емес стренотомия©

сол жақтан алдыңғы бүйір торокотомия

***

Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен 52 жастағы науқас жеткізілді. Шағымдары: төс артындағы ауырсыну, жұтынғанда және басты артқа шалқайтқанда үдей түседі, дисфагия, шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы. Анамнезінен ет сүйегін жұтқаны белгілі, амбулаторлы жағдайда эзофагоскопия арқылы шығаруда техникалық қиындықтар болған. Науқас үйге жіберілгеннен кейін, жағдайының ауырлауына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Қарауда: науқастың жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, цианозды белгілермен, 30 минутқа ентігу, суық тер, тахикардия 120 соққы минутына, дене температурасы 38 С көтерілу, мойын аймағы мен кеуде қуысының жоғарғы жарты бөлігінде крепитация анықталады. Диагнозды нақтылауда диагностикалық әдістердің қайсысы қолданады?©

Мойын тіндерінің, көкірекаралықтың УДЗ, эзофагоскопия©

Мойын тіндерінің, көкірекаралықтың УДЗ, плевра және көкірекаралықтың пункциясы©

Мойын тіндерінің, көкірекаралықтың УДЗ ©

+ Мойын тіндерінің, көкірекаралықтың УДЗ, кеуде клеткасының рентгенографиясы, эзофагоскопия, КТ, спиральды КТ, плевра және көкірекаралықтың пункциясы©

Мойын тіндерінің, көкірекаралықтың УДЗ, кеуде клеткасының рентгенографиясы

***

Науқас 50 жаста, пулмонология бөлімінде мына диагнозбен ем қабылдаған: өкпенің сол жақ төменгі бөлігінің абсцессі. Жөтелген кезде науқас кеуде қуысында ауырсынуды байқаған. Ертесінде ентігу күшейіп, цианоз пайда болған. Аускультация кезінде зақымдалған аймақта дыбыс әлсіреген. Перкуторлы – кеуде қуысының сол жақ жоғарғы бөлімінде тимпанит және базальды бөлімдерінде дыбыс қысқарған. Жалпы шолу ренген суретінде сол жақта – горизонтальды суйықтық деңгейі мен өкпенің бөлікті коллапсы анықталды. Диагноз?©

Гидраторакс©

Гематоракс©

Пиоторакс©

Гемагидраторакс©

+тотальды пневматоракс

***

Науқас 45 жаста, 3 ай бұрын хирургия бөлімінде сол жақты плевраның жедел эмпиемасы диагнозымен емделген. Қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылған.Соңғы 2 аптада науқасты сәл қимылдан кейінгі әлсіздік, іріңді аздаған қақырықты жөтел, дене қызуының үнемі жоғарлауы мазалаған. Қарап тексерген кезде - тыныс алу кезінде кеуде клеткасының сол жағының қалуы, перкуторлы – кеуде клеткасының сол жақ төменгі бөлігінде дыбыстың қысқаруы анықталды. Қандай ауру туралы ойлайсыз?©

жедел бронхит©

өкпе абсцессі©

+плевра эмпиемасы©

крупозды пневмония©

бронхты демікпе

***

Науқас 65 жаста, пульмонология бөлімінде мына диагнозбен ем қабылдауда: Оң жақты пневмония. Антибактерологиялық терапияға қарамастан жағдайы ауыр. Жалпы әлсіздік, жиі беткей тыныс, дене қызуы гектикалық, анорексия. Науқас азыған, терісі бозарған,көкшіл түсті, құрғақ. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алуға қатыспайды. Тоқтаусыз ауыз тола қайта қайта іріңді фибринмен қақырықпен жөтеледі, өкпе тіндерімен кіші секвестрлі тәулігіне 1000 мл. көлемде шығуда. 2 проекциялы рентген суретінде – кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде тотальды қараю, кішкентай дұрыс пішінді емес ауа қуыстары анықталған, гидропневмоторакс. Сіздің диагнозыңыз бен емдеу тактикасы: ©

өкпе эмфиземасы©

оң өкпе ателектазсы©

өкпе эхинококкозы©

+ бронхэктаз ©

плевра эмпиемасы

***

Науқас М., токарь, оң жақ алақанның жыртылған жарасына байланысты емханаға қаралды. Науқастың айтуы бойынша, жарақат жұмыс уақытында бөлшектерді өңдеу кезінде алған. Хирург уақытша жұмысқа қабілетсіздік белгілерін анықтады. Оқыс жағдай актісі белгіленбеді. Уақытша жұмысқа қабілетсіздік қандай құжатпен расталады?©

095у анықтама формасы©

Оқыс жағдай туралы акт берілгеннен кейінгі ауру парағы©

+Уақытша жұмысқа қабілетсіздіктің 1-ші тәулігінен бастап ауру парағы ©

ЕКК анықтамасы©

Еркін түрде толтырылған анықтама

***

Егер зауыт жұмысшысы Л., 32 жастағы, жарақатты алкогольдік масаю жағдайында алса, жарақат алғаннан бастап ауру парағын қанша мерзімге беріледі?©

үш күнге©

бірінші күні©

алтыншы күні©

аурудың толық кезеңіне©

+берілмейді

***

Жұмысшы Д., 40 жаста, өндірісте жарақат алған. Уақытша жұмысқа қабілетсіздікке әкелетін бұл жарақат өндірісте болған оқыс жағдай ретінде қай жағдайда саналады?©

Жұмыстан қайтып келе жатқанда алған жарақат©

Демалыс кезінде алған жарақат©

Үй жұмыстарын жасағанда алған жарақат©

Қаражатсыз демалыс кезінде алған жарақат©

+Түсті ас үзілісі кезінде алған жарақат

***

Қалалық аурхананың қабылдау бөлімі хирург дәрігерінің негізгі қызметі болып не табылады?©

+Құрсақ қуысы ағзаларының жедел патологиясы бар науқастарды тәулік бойы госпитализациялау©

Науқасқа біріншілік медициналық көмекті көрсету©

Стационарға госпитализациялау үшін ауру тарихын толтыру©

Ауру профильдері бойынша науқастарды басқа стационарларға жолдау©

Қабылдау бөлімінде болғаны туралы анықтаманы беру

***

Ауру парағын толтыру кезінде тәртіптің бұзылуы ретінде төмендегі көрсетілгендердің қайсысын санауға болмайды?©

Басқа жерге шығу©

+Госпитализациядан бас тарту©

МСЭК - ға жолдаудан бас тарту ©

МСЭК - ға белгіленген күнде келмеу©

Алкогольдік масаю жағдайында келу

***

Жұмысшы Л., 44 жаста, түскі ас үзілісі кезінде алған өкше күйігіне байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздік себебі қандай?©

Жалпы сырқат©

+Өндірістегі оқыс жағдай©

Үй шаруасы кезінде оқыс жағдай©

Жұмысқа бара жатқан кездегі оқыс жағдай©

Жұмыстан қайтып келе жатқан кездегі оқыс жағдай

***

Хирург қабылдауына науқас оң жақ мықын аймағында интенсивті ауырсынуымен, екі реттік құсумен, жүрек айнуымен келді. Емхана хирургінің әрекеті қандай?©

Амбулаторлық жағдайда динамикалық бақылау©

+ Хирург жедел медициналық көмек бригадасын шақырып, науқасты стационарға тасымалдау керек©

Симптоматикалық терапия тағайындау©

Гастроэнтеролог консультациясына жолдау ©

Спазмолитикалық, антибактериалдық терапия тағайындау

***

Науқас А., 32 жаста, сол жақ алақан 2 саусағының пандактилиті клиникасы мен анамнезімен емхана хирургіне қаралды. Емхана хирургі тактикасы қандай болады?©

+Стационарда науқасты емдеу: операция – тілу, дренаждау, антибактериалдық терапия©

Емханада науқасты емдеу: операция –тілу, дренаждау, антибактериалдық терапия ©

Емханада науқасты емдеу: антибактериалдық, сәулелік терапия©

Емханада науқасты емдеу: симптоматикалық терапия©

Күндізгі стационар жағдайында науқасты емдеу: симптоматикалық, антибактериалдық терапия

***

Емхана хирургі қабылдауына науқас оң жақ иығының ауырсынуы, оның қызаруы, 39,5 С дейінгі гипертермияға шағымдана қаралды. Анамнезінде науқас орындықтан құлап, оң жақ иығына соққы алған. Қарау кезінде: оң жақ иығы ісінуіне байланысты мөлшері ұлғайған, тері жабындылары гиперемияланған, ұстау кезінде ыстық, осы аймақта пальпациялағанда ауырсынады. Хирург емдік тактикасы қандай?©

Емханада науқасты емдеу: операция –тілу, дренаждау, антибактериалдық терапия©

+Стационар жағдайында науқасты емдеу: операция – тілу, дренаждау©

Емханада науқасты емдеу: антибактериалдық, сәулелік терапия©

Емханада науқасты емдеу: симптоматикалық терапия©

Күндізгі стационар жағдайында науқасты емдеу: симптоматикалық, антибактериальды терапия

***

Науқасты қарау кезінде, хирург сол жақ алақанның 1 саусағы паронихийі диагнозын анықтады. Хирург емдік тактикасы қандай?©

Емханада науқасты емдеу: антибактериалдық, сәулелік терапия©

Емханада науқасты емдеу: симптоматикалық терапия©

Күндізгі стационар жағдайында науқасты емдеу: симптоматикалық, антибактериальды терапия©

+ Емханада науқасты емдеу: операция – Оберст-Лукошевия әдісі бойынша жансыздандыру барысында тілу, дренаждау ©

Стационар жағдайында науқасты емдеу: операция – Вишневский бойынша ЖИА жансыздандыру барысында тілу, дренаждау.

***

Науқас Е., 30 жаста, сегізкөз аймағында ауырсыну мен дене температурасының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданған. Суық тиюмен байланыстырады. Екі жыл бұрын науқаста эпителиалдық - құйымшақтық жол диагнозы анықталған, ұсынылған хирургиялық емнен бас тартқан. Жергілікті қарау кезінде ауырсынатын ісік тәрізді түзіліс, тері гиперемиясын және сегізкөз аймағының жамбас аралық қатпарында флюктуация анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактиканы қолданған дұрыс?©

Date: 2015-09-24; view: 593; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию