Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биурет реакциясы





Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, СuSО4 1% ерітіндісі, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), NаОН 10% ерітіндісі.

 

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5 тамшы 1% ақуыздың ерітіндісіне 3 тамшы 10% NаОН және 1 тамшы 1% CuSО4 ерітінділерін қосып араластырады  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №10

Ақуыздағы сутектік байланыстарды анықтау.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Ақуыздағы сутектік байланыстарды анықтау

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Екі пробиркаға 10 тамшыдан ақуыздың ерітіндісін тамызып, біреуін қыздырыңыз. Қыздырылған ерітінді лайланады (бірақ тұнба түзілмейді)  
  Лайлану себебін түсіндіріңіз  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

 


Практикалық дағды №11

Троммердің реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, глюкозаның 1% ерітіндісі, NaOH 10% ерітіндісі, мыс сульфатының 5% ерітіндісі, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 1%-тік глюкозаның ерітіндісін, 2-3 тамшы 10% -тік NаОН тамызып, үстіне ерітінді лайланғанша 5%-тік СuSO4 қосады. Қоспаны ептеп қыздырғанда алдымен сары, одан кейін кірпіш- қызыл тұнба түзіледі.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №12

Фелингтің реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, глюкозаның 1% ерітіндісі, Фелинг реактиві, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы глюкозаның ерітіндісін алып, оған 3-5 тамшы Фелингтің реактивін қосып қыздырады  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда глюкоза қандай қасиет көрсетеді?  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №13

Селивановтың фруктозаға жасалатын реакциясы

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, фруктозаның ерітіндісі, Селивановтың реактиві, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы фруктозаның ерітіндісін және 1-2 тамшы Селивановтың реактивін (0,5 резорцин + 100 мл 20%- тік НСІ) тамызып, 2-3 минут қайнатады. Ерітінді біртіндеп шие- қызыл түске боялады.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
     
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №14

Дисахаридтердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін зерттеу.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, 1%-тік сахароза, мальтоза және лактозаның ерітінділері, Фелинг реактиві, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Дисахаридтердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін зерттеу.

 

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Үш пробиркаға 3-4 тамшыдан 1%-тік сахароза, мальтоза және лактозаның ерітінділерін тамызып, үшеуімен де Фелингтің реакциясын орындау керек. Қандай дисахаридтер мыс гидроксидін тотықсыздандырады?  
  Дисахаридтердің Фелинг реактивіне әртүрлі әсер ету себебін түсіндіріңіз. Тотықсыздандыратын дисахаридтердің оксо-формаларын жазыңыз.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

 

Практикалық дағды №15.

Дисахаридтердің ерітінділерімен Селивановтың реакциясы.

Приборлар мени реактивтер: пробиркалары бар штатив, 1%-тік сахароза, мальтоза және лактозаның ерітінділері, Селиванов реактиві, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Үш пробиркаға 5-6 тамшыдан 1%-тік сахароза, мальтоза және лактоза ерітінділерін тамызып, Селивановтың реакциясын орындау керек Ол үшін пробиркаға 5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіні тамызып, үстіне 2-3 тамшы Селивановтың реактивін (100 мл 20% тұз қышқылындағы 0,5 г резорцин) қосып 2-3 минут қайнатады. Біртіндеп шие қызыл түске боялады.  
  Алынған нәтижелерді салыстырып, қандай дисахаридтін құрамында фруктоза барын көрсетіңіз. Құрамында фруктоза бар дисахаридтің формуласын жазыңыз.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Date: 2015-09-22; view: 2966; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию