Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тестер (жеке папкада)





 

2. Сынақ, емтихан сұрақтары

«Жалпы медицина», мамандығына арналған

№1 Аралық бақылау сұрақтары

«Химия» пәні, 1 курс

Термодинамиканың негізгі түсініктері және заңдары

1. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Ішкі энергия. Энтальпия. Стандартты түзілу, ыдырау, еру энтальпиялары. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.

2. Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамикалық қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Гиббс энергиясы.

3. Термохимия заңдары. Гесс заңының салдарлары. Азық түлік өнімдердің калориялылығын бағалауда термохимиялық есептерді қолдану.

4. Ашық термодинамикалық жүйелер туралы түсінік. Биохимиялық процестерде термодинамиканың ерекшеліктері. Термохимиялық есептеулер және оларды энергетикалық қасиеттерде қолдану.

 

Биохимиялық реакциялардың кинетика негіздері

5. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар: концентрация және қысым. Химиялық реакциялардың жылдамдық константасы.

6. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның әсері. Химиялық және биохимиялық реакциялардың температуралық коэффициенті. Аррениус теңдеуі. Активтендіру энергиясы

7. Химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың молекулалығы және реттілігі. Күрделі реакциялар туралы түсінік. Фотохимиялық реакциялар.

8. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы, оның заттандың концентрациясы және қысым арқылы бейнелену тәсілдері: Кс және Кр.

9. Химиялық тепе-теңдік. Температура, қысым және концентрация өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле Шателье принципі.

10. Катализ, оның түрлері (гомогенді, гетерогенді). Ағза тіршілігінде катализдің ролі. Ферментативті катализ.

Ерітінділер және олардың коллигативті қасиеттері

11. Су еріткіш ретінде. Еру процесінің механизмі. ерудің энтропиялық және энтальпиялық факторлары. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Ағза тіршілігінде ерітінділердің маңызы.

12. Сұйықтықтарда газдардың еруі. Газдардың ерігіштігінің газдардың табиғатына, температураға және қысымға тәуелділігі. Генри және Генри-Дальтон заңдары. Кессон ауруы. Газдардың ерігіштігіне электролиттердің әсері (Сеченов заңы). Сұйықтықтарда сұйықтықтардың және қатты заттардың ерігіштігі. Ерегештікке сыртқы жағдайлардың және компоненттердің табиғатының әсері.

13. Химиялық эквивалент. Күрделі заттардың: қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің (есептеу мысалдары) эквивалентін және эквивалентті молярлық массасын есептеу.

14. Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері: молярлық концентрация, эквиваленттік молярлық концентрация, титр, еріген заттың массалық үлесі (%).

15. Рауль заңы. Ерітіндінің бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі. Рауль заңының салдары: ерітінділердің қайнау температурасының жоғарылауы (Раульдің 2-ші заңы) және қату температурасының төмендеуі (Раульдің 3-ші заңы).

16. Осмос. Вант-Гофф заңы, оның математикалық өрнегі. Осмостық және онкотикалық қысым. Осмометрия.

17. Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Изотоникалық коэффициент. Гипотоникалық, гипертоникалық және изотоникалық ерітінділер. Физиологиялық ерітінділер. Биологиялық жүйелерде осмостың ролі.

Протолиттік тепе-теңдік. Буферлі ерітінділер

18. Қышқылдар мен негіздердің теориясы. Протолиттік тепе-теңдік. Бренстедтің қышқылдары мен негіздері. Қышқылдар мен негіздердің иондану, бейтараптау және гидролиз реакцияларында қабысқан қышқылдық-негіздік жұптар.

19. Протолиттік реакциялардың түрлері. Әлсіз қышқылдардың иондануы (протолиз). Әлсіз электролиттердің иондану (диссоциациялану) дәрежесі және константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.

20. Протолиттік реакциялардың түрлері. Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутек ионының концентрациясы бойынша реакция ортасын сипаттау. Сутектік көрсеткіш рН.

21. Протолиттік реакциялардың түрлері. Тұздардың гидролизі, оның түрлері. Гидролиздену дәрежесі және константасы.

22. Буферлі ерітінділер, оларды құрамы бойынша жіктеу. Күшті қышқыл және сілті қосқанда буферлі жүйелердің әрекет механизмі.

23. Буферлі ерітінділер жіне олардың қасиеттері. Буферлі ерітінділердің рН-ы.

24. Буферлі сиымдылық. Ағзаның буферлі жүйелері. Қанның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі туралы түсінік. Гомеостаз сақтағанда (ацидоз, алкалоз) буферлі жүйелердің ролі.

Химиялық байланыс, молекулалардың құрылысы, биогенді элементтер

25. Химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыстардың әдісі (ВБ). Ковалентті байланыстың түзілу механизмі. полярсыз, полярлы және ионды коваленттік байланыс. Ковалентті байланыстың полярлығы, поляризациялануы және бағыты.

26. S-, р-, d- элементтерінің блогы, олардың периодтық жүйеде орналасуы. Табиғатта химиялық элементтердің таралуы. Қоршаған ортаның және адам ағзасының макроэлементтері және микроэлементтері. Биогенді элементтер туралы түсінік.

27. Биогенді s-элементтер (натрий, калий, кальций), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

28. Биогенді p-элементтер (оттегі және күкірт), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

29. Биогенді p-элементтері (азот және фосфор), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

30. Биогенді p-элементтері (галогендер), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

31. Биогенді d-элементтері (I-Б және II-Б топтар), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

32. Биогенді d-элементтері (VI-Б, VII-Б және VIII-Б топтар), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.

33. Комплексті қосылыстар (КҚ). Вернердің координациялық теориясы. Орталық атом, лигандалар, орталық атомның координациялық саны, КҚ ішкі және сыртқы сферасы. Комплексті бөлшектердің заряды. Донорлы-акцепторлы байланыс, ковалентті байланыстың түрі ретінде.

34. Комплексті қосылыстар. КҚ ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдік (диссоциация). Комплексті иондардың тұрақтылық константасы және тұрақсыздық константасы. КҚ медико-биологиялық ролі.

Тотығу-тотықсыздану процестері

35. Электродтық потенциал, оның пайда болу механизмі. Нернст теңдеуі. Қалыпты электродтық потенциалдар.

36. Тотығу-тотықсыздануэлектродтық потенциалдар, олардың биологиялық ролі. Потенциометриялық титрлеу.

Беттік құбылыстардың физико-химиялық негіздері

37. Фазалар бөлігінің қозғалмалы бетіндегі адсорбция. Беттік энергия және беттік керіліс. Беттік керіліске әсер ететін факторлар. Беттік активтілік. Беттік-активті және беттік-активсіз заттар. Беттік қабатта молекулалардың бағытталуы.

38. Беттік активтілік. Беттік керілістің изотермасы. Траубе-Дюкло ережесі. Сұйық-газ және сұйық-сұйық бөліну шекарасындағы адсорбция. Гиббстің изотерма теңдеуі.

39. Фазалар бөлігінің қозғалмайтын бетіндегі адсорбция. Қатты дене-газ және қатты дене-сұйық бөліну шекарасындағы адсорбция. Мономолекулалық және полимолекулалық адсорбция.

40. Хемосорбция. Панет-Фаянс ережесі. Ион алмасу адсорбциясы. Иониттер, олардың қолданылуы.

41. Хроматография, оның мәні, әдістерінің жіктелуі, биологияда және медицинада қолданылуы.

Дисперсті жүйелердің физико-химиясы

42. Дисперсті жүйелер олардың жіктелуі (дисперстілік дәрежесі бойынша; дисперсті фаза мен дисперсті ортаның табиғаты бойынша; дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша). Коллоидты күйдің табиғаты. Коллоидты ерітінділердің алыну әдістері.

43. Гидрофобты зол мицелласының құрылысы.

44. Дисперсті жүйелердің молекулалық-кинетикалық, оптикалық, электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез, электроосмос. Медицинада электрофоретикалық зерттеу әдістері. Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері: диализ, электродиализ, ультрафильтрация.

45. Лиозолдердің кинетикалық және агрегативті тұрақтылығы. Коллоидты жүйелердің коагуляциясы. Коагуляция табалдырығы. Коллоидты қорғау. Өзара коагуляция.

46. Ірі дисперсті жүйелер: аэрозолдер, суспензиялар, эмульсиялар.

Биополимерлердің және олардың ерітінділерінің физикалық химиясы

47. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) және олардың биологиядағы маңызы. Биополимерлер, олардың алынуы және құрылысы. ЖМҚ ерітінділерінің ерекшеліктері. Биополимерлердің ісінуі және еруі. Ісіну шамасына әртүрлі факторлардың әсері. ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы.

48. ЖМҚ ерітінділерінің тұрақтылығының бұзылуы. Биполимерлердің ерітінділерден коагуляциясы (тұнуы): тұздалып тұну, денатурация, коацервация. ЖМҚ коагуляциясына әсер ететін факторлар.

49. Биополимерлер полиэлектролиттер ретінде. Изоэлектрлік күй. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері. Ұйымалардың (гелдердің) қасиеттері.

50. ЖМҚ ерітінділеріндегі құрылымдық түзілу. ЖМҚ ерітінділерінің сіріленуі. Сірілену процесіне әсер ететін факторлар. Желатиндену. Ұйымалардың қасиеттері.

 

 

«Жалпы медицина» мамандығына арналған

№2 Аралық бақылау сұрақтары

«Химия» пәні, 1 курс

 

Органикалық қосылыстардың құрылысының теориялық негіздері және реакциялық қабілетін анықтайтын факторлар. Көмірсутектер.

1. Органикалық қосылыстардың құрамы. Органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасы бойынша және функционалды топтардың табиғаты бойынша жіктелуі. Функционалды топтар, органикалық радикалдар. Органикалық қосылыстардың кластары.

2. Органикалық молекулалардағы атомдардың өзара әсері және оның берілу қабілеті. Байланыстардың поляризациялануы және электрондық эффектілер (индуктивті және мезомерлі). Ашық тізбекті қабысқан жүйелер (бутадиен, изопрен, витамин А). Электронодонорлы және электроноакцепторлы орынбасарлар.

3. Субстрат, реагент, реакциялық орталық түсініктері. Органикалық қосылыстарда ковалентті байланыстың үзілу түрлері және бос радикалды бөлшектердің түзілуі (гомолиттік үзілу). Карбкатиондар және карбаниондар (гетеролиттік үзілу). Реагенттердің түрлері: радикалдық, электрофилдік, нуклеофилдік, қышқылдық, негіздік.

4. Органикалық реакциялардың нәтижелері бойынша жіктелуі (орынбасу, қосылу, элиминирлену, қайта топтасу, тотығу-тотықсыздану) және механизмі бойынша– радикалды, иондық (электрофилдік және нуклеофилдік).

 

Алкандардың, алкендердің, арендердің құрылысы, реакциялық қабілеті.

5. Алкандардың құрылысы, реакциялық қабілеті. Бос радикалды орынбасу реакциялары: көміртек атомы Sp3– гибридтелген С-Н байланыстың қатысуымен гомолиттік реакциялар.

6. Алкендердің құрылысы, реакциялық қабілеті, электрофилді қосылу реакциялары: көміртек атомы Sp2- гибридтелген p-байланыстың қатысуымен гетеролиттік реакциялар.

7. Алкендерді гидрогалогендеу және гидратациялау реакцияларының механизмі. Қышқылдық катализ. Реакциялардың региоселективтілігіне статикалық және динамикалық факторлардың әсері. Марковников ережесі.

8. Арендердің құрылысы, реакциялық қабілеті. Тұйық тізбекті қабысқан жүйелер. Ароматтылық. Электрофилді орынбасу реакциялары: ароматты жүйенің p-электрондық бұлтының қатысуымен гетеролиттік реакциялар.

9. Ароматы қосылыстардың галогендеу және алкилирлеу реакцияларының механизмі. Электрофильді орынбасу реакцияларында ароматты ядродағы орынбасарлардың реакциялық қабілетке әсері.

 

Көмірсутектердің функционалды туындылары. Құрылысы мен реакциялық қабілетінің негіздері.

10. Органикалық косылыстардың қышкылдығы мен негіздігі. Бренстед теориясы. Қабысқан қышқылдар мен негіздер. Сутектік байланыс қышқылдық-негіздік қасиеттердің арнайы көрсеткіші ретінде.

11. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың және аминдердің реакциялық қабілеті. Sp3– гибридтелген көміртек атомының нуклеофилді орынбасу реакциялары: көміртек-гетероатом (галогентуындылар, спирттер) сигма-байланысының поляризациялануын сипаттайтын гетеролиттік реакциялар.

12. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, сульфидтердің, аммиактың және аминдердің алкилирлеу реакциялары. Гидроксилді топтың нуклеофилді орынбасуында қышқылдық катализдің ролі. Алкилдеуші реагенттер (галоген туындылары, спирттер, фосфор қышқылының эфирлері, алкилсульфонды қосылыстар). Алкилирлеу реакцияларының биологиялық ролі.

13. Көп атомды спирттер: этиленгликоль, глицерин. a-диолдық фрагментке сапалық реакция ретінде хелаттық комплекстердің түзілуі. Көп атомды спирттердің күрделі эфирлерінің бейорганикалық қышқылдармен реакциялары (нитроглицерин, глицерин фосфаттары).

14. Екі атомды фенолдар: гидрохинон, резорцин, пирокатехин. Екі атомды фенолдардың тотығуы. Гидрохинон-хинон жүйесі, антиоксиданттар.

15. Спирттердің, тиолдардың, карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың), аминдердің тотығу реакциялары.

16. Карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың), иминдердің, дисульфидтердің тотықсыздану реакциялары.

 

Альдегидтер және кетондар.

17. Sp2- гибридтелген көміртек атомының (альдегидтер, кетондар) нуклеофилді қосылу реакциялары. Карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың) сумен, спирттермен, тиолдармен, біріншілік аминдермен реакциялары. Электрондық және кеңістіктік факторлардың әсері. Қышқылдық катализ ролі; Нуклеофилік қосылу реакцияларының қайтымдылығы. Ацеталь және иминдердің гидролизі.

18. Альдольдік қосылу реакциялары. Негіздік катализ. Енолят-ионының құрылысы. Альдольдік ыдырау альдольдік қосылудың қайтымды реакциясы ретінде. Осы процестердің биологиялық мәні.

 

Карбон және дикарбон қышқылдары.

19. Sp2- гибридтелген көміртек атомының (карбон қышқылдары және функционалдық туындылары) нуклеофилді орынбасу реакциялары.

20. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары (хлорангидридтер, ангидридтер, карбон қышқылдар, күрделі эфирлер, күрделі тиоэфирлер).

21. Ацилирлеу реакциялары –ангидридтердің, күрделі эфирлердің, күрделі тиоэфирлердің, амидтердің түзілуі. Ацилдеуші реагенттер (хлорангидридтер, ангидридтер, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, күрделі тиоэфирлер), осы реагенттердің салыстырмалы активтілігі. Ацилфосфаттар және ацилкофермент А – табиғи макроэргиялық ацилдеуші реагенттер. Ацилирлену реакцияларының биологиялық ролі.

Date: 2015-09-22; view: 1494; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию