Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 3: Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері





Психикалық өмірді атомның құрылысы сияқты жай қөзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан зандылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым деп саналмайды.

Психикалық әрекеті арнайы белгіленген әдістер арқылы зерттейді.

Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістері бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы косалқы әдіс деп аталынады.

Негізгі әдістерінің бірі – байқау әдісі. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-кұлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темперамент де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сойлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сойлемдерін күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиисті қорытынды шығарады.

Байқау әдісінің ңәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

    1. байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттеулінуін қамтамасыз ету
    2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студенті алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу.
    3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұкият талдау жасау; басты фактілерді сол сәтте іріктеп алу.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да қөп уақытың жіберіп алады.

Екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

Бақылау әдісінің түрлері:

· бақылау мақсатының мазмұнына байланысты: мақсатқа бағытталған және еркін бақылау.

· бақылауды сипаттау бірліктеріне, жүйеленуіне байланысты: жүйеленген және жүйеленбеген.

· Бақылауды ұйымдастыру принципіне байланысты: табиғи бақылау, лабораториялық бақылау және табиғи жағдайда арнайы қалыптастырылған бақылау.

· Бақылаушы позициясына байланысты: сырттан бақылау және қосарланған бақылау.

· Бақылауды хронологиялық ұйымдастыруға байланысты: лонгитюдті бақылау, кезеңдік бақылау және бірлі-жарым оқиғаны бақылау.

· Бақылау есебін жазу формасына байланысты: стандартталған бақылау және стандартталмаған бақылау.

Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарыны көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процесті тууына өзі жағдай жасайды.

Лабораториялық эксперимент әдісің негізін салған неміс ғалымы В. Вундт (XIX ғ.); табиғи экспериментті психологияға тұнғыш енгізген көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский.

XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла басталды. Неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832 -1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Орыс психологы Н. Ланге (1858 - 1921) тәжірибе әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857 - 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың I –ші дүние жүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XIX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г. И. Челпанов (1862 - 1936) ұйымдастырды.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногородский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Тәжірибе нәтижелілігі мына келесі жағдайларға байланысты болады: 1) байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс; 2) тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар, т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); 3) зерттеуді күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнауылы әдістемеге сай жүргізу; 4) бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

Табиғи тәжірибенің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи тәжірибенің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констанциялау,) қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Тәжірибе жүргізу үшін кейбір қарапайым аспаптар:

· Психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін хроноскоп пайдаланады.

· Тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін эстезиометр пайдаланады.

· Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп пайдаланады.

· Естуді өлшеу үшін аудиометр пайдаланады.

· Денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін эргограф пайдаланады

 

Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды

Анкета арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Бұл әдістің негізгі кемшілігі - адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін.

Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өн-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтардың айналысында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрлері бөлінеді: А) жеке адамдармен В) топтармен С) стандарттық.

Адам іс-әрекетінің нәтижесін талдау әдісі. Бұған жатады: күнделік, өмірбаян (зерттелушінің тұған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу), шығарма, хаттар, мазмұндама.

Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Психологияда математиканы алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен. Атақты орыс психологтары Б. М. Теплов және В. Д. Небылицын осы әдісті адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын зерттеуде пайдаланды.

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Бұл әдісті қолданғанда тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі есептеленеді. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептеленеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді.Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.

ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды. Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады. Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. Сонымен, дифференциалды психология психология ғылымының маңызды салаларының бірі. Оның даму тарихы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Ең алғаш 1900 жылы «Дифференциалды психология» терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы В.Штерн.Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.

 

 

Date: 2015-09-22; view: 4241; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию