Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ісіктер және олардың этиологиясы туралы айтыңыз





Ісік – клетканың генетикалық ақпаратының өзгерісі клетканың өсу регуляциясының және дифференцировкасының бұзылуына алып келетін, жаңа ұлпалардың түзілуімен сипатталатын патологиялық процесс.

Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті, демек, ісік адамнан бұрын пайда болған патология.

Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрек қан тамырлар ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылыми шұғылданады.

Ісіктердің этиологиясы.

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп. Олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген, карциноманы тексеруші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам карциномасының 80-90 пайызы қоршаған ортада таралған канцерогендік заттардың әсеріне байланысты.

Химиялық канцерогендер. Жапон ғалымдары Ямагива және Ишикава үй қоянының құлағына 15 ай бойы таскөиір қара майын жаға отырып, карциноманың пайда болатынын бірінші рет эксперимент жүзінде дәлелдеген болатын

Сонымен қатар, вирустық және физикалық канцерогенездер де болады. Америка ғалымы Р.Роуз өте майда сүзгіден өтуші заттардың ісік шақыратынын бірінші болып көрсеткен болатын. Ол вирустарды онкогендік вирустар деп атайды.

Физикалық канцерогенез ультракүлгін сәулелердің, иондағыш сәулелердің және радиобелсенді заттардың әсерінде дамиды.

Әдетте қатерлі ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылдаған ауруларда жиі кездеседі. Канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметн басып тастайды. Бірақ карциноманың пайда болуы иммундық жүйенің әлсіздігінен бе, әлде бұл өзгерістер карцинома пайда болғаннан кейін туындайды ма деген сауал өз шешімін әлі толық тапқан жоқ.


57.Қатерлі және қатерсіз ісіктерге сипаттама беріңіз

Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді

Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.

Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері — фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.

Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән.

Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен денеге жабысып тұрады.

Кілегей астылық аумаққа дамыған фиброманы полиптер, тыртықты тоқымадан пайда болған фибромаларды келлойдтар деп атайды. Егер де бірнеше ағзаны бір уақытта көптеген фиброма зақымданса оны фиброматоз деп атайды

Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. Олардың сыртындағы капсуласы кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ.

Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады.

Рак - беткейлік немесе безді эпителиде дамиды. Ісік дәнекер тоқымалы стромадан және паренхимадан, оның негізін эпителиальды клеткалар құрайды ағзалардан тұрады. Рак тоқымалар мен ағзаларда дамып эпитиальды тоқымаларын зақымдайды, сонымен қатар теріде, желінде, және ауыз қуысында, лимфа түйінде, көз аумақтарында да пайда болады.

Макроскопиялық қөрінісіне қарағанда рак тығыз, кедір - бұдырлы немесе жұмсақ тығыздығы бар матастаздануға және ыдырауға қабілеті бар жаңа пайда болған өсіндіге ұқсайды.

Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп жағдайда рецидив дамиды.

Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар: рак - эпителиясы шығу тегі бар ісік, саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар.

Date: 2015-09-27; view: 3544; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию