Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Продуктифтік қабынуға сипатама беріңіз?





Қабыну (талаурау). Ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа-қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы. Негізгі белгілері: ісіну, қызу, қызару, ауыру және т. б. Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен): әлтерациядан, микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан және пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.

Этиологиясы. Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлық ықпалдар экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) болып екі топқа бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар, вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар, жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалық (бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер (суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) жатады. Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.

Date: 2015-09-27; view: 1097; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию