Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылдардағы қазақ әдебиеті. 2 page





Иса Байзақов шығармашылығының зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5], [18] [22],[25], [61]

 

7-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)

Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. М.Жұмабаевтың шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары.Қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрін ілгері дамыта отырып, ағартушылық бағытта «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң», «Қазағым» өлеңдер жазуы.

Ақынның ағартушылық,үгіт-насихаттық бағыттағы сыншыл реализмге ден қойып, ескі әдет-ғұрыптың, қалыңмалдың құрбаны болған қазақ әйелдерінің бас бостандығын жырлайтын «Орамал», «Тілегім», «Алданған сұлу» өлеңдері.

Мағжан поэзиясының саяси-әлеуметтік сарынын күшейтіп, уақыт талабын, замана рухын бейнелейтін «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.

Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.

Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.

Мағжанның балаларға арнап өлеңдер, оқу құралдарын шығаруы. «Бастауыш мектептегі ана тілі»(Ташкент,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні»(Москва,1925), «Педагогика» (Орынбор,1923), «Сауатты бол»(Москва, 1926) оқулықтары мен «Аққала», «Әже», «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдері.

Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.

«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.

«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.

«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.

«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.

Мағжан аудармалары. «Орман патшасы» (Гете), «Күннің батуы» (Гейне), «Сарғайып келген егін толқынданса», «Тұтқын»(Лермонтов) шығармалары арқылы көрінетін аударма саласындағы асқан шеберлігі. Ақынның Горький, Иванов, Мамин- Сибиряк тәрізді орыс қаламгерлерінің прозалық шығармаларын аударуы. Олардың өзіндік ерекшеліктері.

Мағжан поэзиясының өлең құрылысы. Қазақ өлеңін байытудағы жаңалықтары. Образдар өрнегі.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы қорытынды.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[25], [61]

 

8-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)

Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы. Шығармада қазақ аулының төңкеріс қарсаңындағы саяси- әлеуметтік тіршілігін, қоғамдық әділетсіздіктерді суреттеу.1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы. Соның нәтижесінде сана – сезімі оянған қазақ кедейлерінің әлеуметтік күрес алаңына шыға бастауы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.

«Ақбілек»(1927-28) романы. Романдағы феодалдық- патриархалдық қоғам қалыптастырған ескі салт-сананың бұғауынан құтылып, мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің от басы, ошақ қасында қалып, етекбасты болған өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі

.Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.

«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақ әйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Оның образын сомдап, толықтыра түсуге көшпелі тұрмыс тудырған салт- сананың әсер-ықпалы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.

Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», «Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.

Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).

«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күресте қате көзқарастарының сыналуы. Ал «Қанапия- Шәрбану» пьесасының С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына» атты шығармасымен тақырып жағынан үндестігі. Бірін-бірі ұнатқан екі жастың махаббат хикаясы, қосыла алмауы мен 1916 жыл шырғалаңының тұспа-тұс келуі. Елдегі әлеуметтік әділетсіздік пен тап тартысының көрінісі. Пьесадағы Шәрбану, Қанапия, Ынтықбай, Сазанбай, т.б. образдар.

«Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.

«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.

Ж.Аймауытыв шығармашылығы жөнінде қорытынды.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[36], [61]

 

9-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Шығармашылық өмір жолы. 20-жылдары жазған әңгіме, повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері.

«Барымта», «Жетім», «Қорғансыздың күні», т.б. әңгімелерінде автордың сол кездегі әлеуметтік өмір шындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көрген қорғансыздардың жағына шығуы.

«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағы таптық, топтық және әлеуметтік тартыстардың көрінісі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.

«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.

М.Әуезовтің отызыншы жылдары жазылған «Іздер», «Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құм мен Асқар» шығармаларының мәні.

Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз» трагедиялары. Оларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.

«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас, Тәнеке образдары.

«Шекарада» пьесасы (1938). Шығармада ел қорғау,қырағылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімінің өркендеуі. Пьесадағы Мұрат, Сәрсен, Қанай мен Ажардың образдары. Әйтсе де драмалық шиеленістің жалған тартысқа құрылуы.

Тарихи тақырыптағы «Хан Кене» драмасын жазуы. Туындыдағы Кенесары мен оның інісі Науан батырдың бейнесі. Әлеуметтік және жеке бастық ішкі тартыстар. Әйелдер образдарының кейбір ерекшеліктері.

М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адам баласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы. Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау арқылы феодалдық ескі салт- санаға қарсы шығу.

Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.

«Абай жолы» роман-эпопеясының тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы екендігі. Оған берілген әр түрлі әдеби сыйлықтар мен өнер қайраткерлерінің бағасы.Романның эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада Абай өмірі мен шығармашылығымен қатар қазақтың жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс салтын көрсетуі.

Роман – эпопеяның басты тұлғасы Абай екендігі.Абайдың өсу, кемелдену эволюциясы.

Романдағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері.

Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.

Әуезовтің аудармалары. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Гогольдің «Ревизор», Н.Погодиннің «Ақсүйектер», К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесаларын аударуы. Осы арқылы драматургияның қыры мен сырын игеруі.

«Әдебиет тарихы»(1927) Әуезовтің тұңғыш зерттеу кітабы екендігі. Ғалым-жазушының қазақ фольклорының ертегі, эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралы зерттеулері. «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» зерттеулері.

Әуезов бейнесінің көркем прозада, театр сахнасында бейнеленуі.

 

Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]

10-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Өмірінен мәлімет. Жетімдіктің, жоқшылықтың тақсіретінен үзіп-жұлып білім алуы. Оның «Бостандық», «Кедей баласы» жырларында жастық шағының көрініс беретіні. Сәбиттің ақындық өнерге бой ұруына халық арасына кең тараған қисса, дастан, аңыздардың, батырлық, лиро-эпикалық, тарихи жырлар мен жыраулардың, Ғ.Тоқай, Абай, Горький, И.Бунин, Маяковский, Гладков, т.б. игі ықпалы. Социалистік құрылысты құптауы мен оған белсенді қызмет етуінің заңдылығы. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік», «Конвейер», «Майға сәлем», «Колхозды ауыл осындай», «Малшының мақтанышы», т.б. шығармалары. Соғыс кезінде туған «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында», «Берлин алынды» өлеңдеріндегі патриоттық сезім.

Ақынның «Жетім қыз үйінде», «Октябрьдің өткелдері», «Батырақ», «Балбөпе», «Пионер», «Жұмаштың өлімі», «Құрдас», «Жұпархан» «Алдабергенов туралы аңыз» поэмалары.«Сұлушаш» поэмасындағы Сәбиттің сюжет құрудағы, тіл қолданудағы, образ жасаудағы көркемдік ізденістері.

С.Мұқанов – жазушы. «Түсімде», «Ақбөпенің сыры», т.б. әңгімелердің, «Балуан Шолақ», «Екпінді» повестері, «Адасқандар» («Мөлдір махаббат»), «Теміртас», «Жұмбақ жалау» («Ботагөз»), «Сырдария» романдары, «Өмір мектебі» трилогиясы. «Тыңдағы толқындар», «Аққан жұлдыз» романдары. Жазушының «Адасқандар» романына таптық, әлеуметтік шындықтың арқау болатыны. Кезінде романның сынға ұшырағаны.Автор біраз ізденістерден кейін «Мөлдір махаббат» (1959) деген атпен қайта шығарғаны. Бәтес, Бүркіт, Мүсәпір бейнелері. «Мөлдір махаббаттың бастапқы варианты «Адасқандардың зерттеушілері (Қ.Ергөбеков) тарапынан көбірек құпталуының себептерін ашу.

«Ботагөз» (Жұмбақ жалау) – жазушының басты кітабы. Қазақ әдебиетінің тарихында өскен әдебиеттер талабына сай күрделі оқиғалы реалистік туынды. Асқар, Ботагөз, Амантай, Итбай, Кулаков,Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарының типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.

«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда», «Азатты жолда», «Есею жылдары») екендігі. Әміршіл-әкімшіл жүйенің саясаты мемуарлық шығармаға өз ізін қалдырғаны. Оның ұлттық санаға тигізген зиянын әділ бағалаудың қажеттігі.

«Балуан Шолақ» - белесті туынды. «Сырдария, «Тыңдағы толқындар» романдары мен «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат» сияқты очерктері.

«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Роман материалдары төрт кітапқа жоспарланғандықтан Шоқан образының әлі өз биігіне шыға қоймағаны. Романның аяқталған кітаптарында қазақтың тек Шоқан өмір сүрген тұсындағы тіршілік-тағдыры емес, бір жарым ғасыр бұрынғы сұлбасының бой көрсететіні.жазышының алдымен ескі тарихымыздың шежіресіне ден қоятыны.Қаламгер халық тарихының кезеңдерін оқиғалармен бере отырып, сындарлы талдауға барғаны, есте қаларлық көркем бейнелер сомдағаны.

С. Мұқановтың – драматург. «Көкірегі көрегендер», «Алтын аймақ», «Бурылтай», «Біздің үй», «Ақан мен Зайра» (Әуезовпен бірігіп жазған), «Балаусаға келіңіздер», «Жеңіс жыры», «күрес күндерінде» поэмалары мен»Гвардия, алға» либреттосы. «Сыбызғының сыры», «Ариадна арқауы» пьесалары, «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Қазақ драматургиясын байытқаны.

«Сәкен Сейфуллин» драмасының Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» драмасымен, «тар жол, тайғақ кешу» романымен үндестігі. Драманың алғаш «Дала дауылпазы» деген атпен жұрт назарын аударғаны. Кейін өңделіп, «Сәкен Сейфуллин» атты тарихи драмаға айналғаны. Колчак, Анненков, Қаранайлардың бейнелері. Сәкен, надежда, Шафран, Досов, Абдолла Асылбеков тұлғалары. Пьесада үш желі: төңкерісшілердің күрес жолы, Сәкен-надежда- Хамит арасындағы тартыс, әйел теңдігі мәселелерінің қиюласа өрілуі.Пьесаның түрлі кедергілерге кездесуі.

С.Мұқановтың «Саяхаттар», «Алыптың адымы» кітаптары мен «цейлон шеруі», «Адам атаның шоқысы» атты жолжазба очерктерінің дүниетанымдық, этнографиялық маңызы.

«Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер», «Абай – халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім қандай», «Қазақтың 18-19 ғасырларындағы әдебиеті тарыхынан очерктер», «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті», «Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып келемін», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ қауымы», т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектерін, оқулықтар жазуы.

С.Мұқановтың әдеби бейнесінің жасала бастауы.

Шығармашылығының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]

 

11-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкен дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті қадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелеп бергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь, горький, Короленколардың тигізген ықпалы.

1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабын арқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасаумен қатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапон балладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны. Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық әрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты» романына (1956) айналған туындыда майдан шындығы суреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш, Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, Василий Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат, офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл қасиеттерді бойларына жинақтаған, өзіндік мінез ерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығына социалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тіліне байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.

«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып суреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман, орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдік компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн, және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов, Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттар әулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтық тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір, Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей- Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б. шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатын Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы», халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелей алғандығы.

Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша, Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.

«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнер адамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялық тұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы. Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі. Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б. характерлердің жасалуы.

«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981) айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихи шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.

«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясының психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын Ақанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісін Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай, Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына сай мүсінделетіні.

«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Онда дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтары реалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстінде шыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынан кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел парызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқына көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада Амангелді характерінің әр қырынан, әр әлеуметтік топ өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары негізінде киносценарийлер жазуы.

«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі.

Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.

Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]

 

12-тақырып. Ғабиден Мұстафин(1902-1985)

Шығармашылық өмірбаяны. Қаламгердің 20-жылдары «Ер Шойын», «Қан», «Сәрсен мен Боқан», «Шағатайдың шатағы», «Кек», «Қашқын», т.б. әңгімелер жазуы. «Ер Шойын және басқа әңгімелер» (1929) атты жинағы. Сондай-ақ, колхоз тіршілігі, өндірісті жандандыру тақырыбына «Алыптың кереметтері», «Тұтқын», «Құлаған құз», «Күлмеген адам», т.б. очерктер жазуы.

Date: 2015-09-26; view: 2126; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию