Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теңгенің жаңа бағамы ел экономикасына кері әсер етпейді. 12-Ақпан, 2014 Билік 50 рет оқылды





Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап доллардың теңгеге шаққандағы жаңа бағамы бекітілгенін жария етті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов БАҚ өкілдерімен Алматыда өткен бапасөз мәслихатында ашық түрде мәлімдеді. Сонымен, бұдан былай АҚШ долларының теңгеге шаққандағы жаңа айырбас бағамы 185 теңгені құрайтын болды. Елді елең еткізген бұл жаңалық журналистер қауымын да қатты қызықтырған еді. Олар белгіленген уақытта қалам-қағаздарын, асай-мүсейлерін қамдап, Ұлттық банктің жиын өтетін залына жинала қалды. БАҚ өкілдерінің алдында Ұлттық банктің төрағасы Қ. Келімбетов орын алған бұл өзгерістің себеп-салдарларын байыпты түрде түсіндіруге кірісті. Ол өз сөзінде мұндай құбылыстың әлемдік тәжірибеде кездесетіндігін, оған бола абыржудың қажет емес екендігін жеткізді. Сонымен қатар еліміздің бас банкирі айырбастау курсының бұл жаңа бағамының ел экономикасына кері әсері тимейтінін тілге тиек етіп, қайта оның Қазақстанның сыртқы сауда байланысын және отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің бәсекеге қабылеттілігін күшейте түсетіндігін мәлімдеді. Сонан соң ол жаңа бағамның дүниеге келуіне сепші болған кейбір жайларға тоқталды.лемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерлері біраз да­мыған елдердің өзінде қаржы және тауар рыноктеріндегі өзгерістердің артуына әкеп соқтырғанға ұқсайды. Оның бір мысалы – Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздіктің орын алғандығы. Көршілес елде рубльдің АҚШ доллары деңгейіндегі курсы 7,1 пайызға арзандаған. Осы жылдың қаңтар айында Ресей рублі құнының одан сайын түскені байқалған. Өз елімізде төлем балансының әр кезде сақталмауы, алыпсатарлық операциялардың өсуі экономикадағы құнсызданушылықты күту жағдайын жылдамдатқан. Болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлау қажет деп санайды.Алдағы уақытта қаржы рыногі мен экономикада тұрақсыздықты болдырмау, шапшаң өзгерістерді және айырбас курсындағы қысқа мерзімдік өзгерістерді жұмсарту мақсатындағы Ұлттық банк саясаты жалғаса береді. Ал, теңгенің айырбас курсындағы ұзақ мерзімдік тренді макроэкономикалық жағдайларға сай түзіледі. Ұлттық банк мамандарының есеп­теуінше, осы бағамнан соң, алыпсатарлық құн­сызданушылықты күтудің әлеуеті азаятын бо­лады.Ұлттық банк қазіргі валюталық опереция­лар тәртібіне ешқандай тосқауыл қоймайды Төрағаның айтуынша, биылғы жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айырбас бекеттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша АҚШ долларына – 2, Евроға – 3 теңгелік дәлізді енгізеді. Банк төлем жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ұлттық банк банктерге қажетті қысқа мерзімдік қар­жыны алдын ала бекітілген кепіл бойынша босатуды жалғастырады. Осы банк және басқа да банктер тарапынан айырбас бекеттері тиісті шетел валютасымен қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейдегі банктердің аймақтардағы бөлімшелері қажетті деңгейдегі шетел валютасына ие болады.Бір сөзбен айтқанда, айырбас курсындағы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы экспорттық және экономикалық импорт алмастыру салаларында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларын банк­тер арқылы дәйекті түрде жүргізе береді. Қайрат Келімбетов өзінің қорытынды сөзін­­де бүгін күн тақырыбына айналып отыр­ған Ұлттық банк жүйесіндегі бұл өзгеріске байланысты шешімді қабылдау өздеріне де оңай болмағандығын ашып айтты. «Бұл – бір біздің ғана емес, әлем елдері басында бар жағдай, – деді ол өз сөзін тағы қайталап. – Сондықтан бұған ақыл, сабырмен, терең парасатпен қарауымыз керек. Қазіргі басты міндет – инфляцияны ауыздықтау. Мен ойлаймын, шешілмейтін мәселе болмайды. Үкіметпен бірлесіп, ақылдаса отырып, 2014 жылғы инфляцияның деңгейін 6-8 пайыздан асырмау үшін жұмыс жүргізетін боламыз. Қазіргі басты міндет – теңгенің құнын сақтап, негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу. Екіншіден, мұндай жағдайды қай кезде де алаяқтардың әртүрлі топтары өз пайдасына бұруға дайын тұрады. Оларға тосқауыл қою керек. Айырбас бекеттерінде бақылау орнатқан жөн», – деді.Баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Қ.Келімбетов сөз болған мәселелер төңірегінде журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.

Ибрагим Бекмаханұлы

 

 

 

 

Date: 2015-09-22; view: 295; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию