Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Импорттық азық-түлік үлесі – 4 миллиард доллар. 26-Ақпан, 2014 Ақпарат 48 рет оқылды





Алыпқашпа ақпараттың әлегі. 19-Ақпан, 2014 Қоғам 35 рет оқылды

Сейсенбі күні Қазақстан тұрғындарына еліміздегі бірқатар ірі банктердің банкроттығы жақындағаны туралы күдікті sms хабарламалар таратылған көрінеді. Жұртшылықты негізсіз дүрліктірген осы жағдайға байланысты Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.Бүгін sms хабарламалар арқылы бірқатар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған және негізсіз ақпараттар таратылды. Бұл өз кезегінде осы банктерде шетелдік валюта бойынша салымдары бар адамдар арасында орынсыз дүрлігіс туғызды, деді Қ.Келімбетов. сыған байланысты Ұлттық банк бұл ақпараттардың жалған, негізсіз және біздің еліміздің банк жүйесін тұрақсыздандыруға бағытталған арандатушылық ақпарат екендігін мәлімдейді. Ұлттық банк өз тарапынан мұндай арандатушылық іс-қимылдардың алдын алу және тосқауыл қою мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына хабар түсірді, деп атап көрсетті бас банкир. лттық банктің мәлімдеуінше, барлық қазақстандық банктерде ұлттық және шетелдік валюталар жеткілікті. Керек болған жағдайда, Ұлттық банк кез келген уақытта банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсете алады. Осы орайда заңға сәйкес нақты тұлғалардың кез келген валюталық депозиттеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілгендігін еске саламын. Ұлттық банк Қазақстан азаматтарына мұндай арандатушылыққа сенбеуге және парасаттылық танытуға шақырады, деді Қ.Келімбетов.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

 

Импорттық азық-түлік үлесі – 4 миллиард доллар. 26-Ақпан, 2014 Ақпарат 48 рет оқылды

Теңгенің құлдырауы азық-түлік бағасына да әсер етті. Әсіресе импорттық тауарлар бағасы бұдан былай көтеріліп, нарықта қымбатшылық байқалмақ. Сырттан келетін азық-түліктің жалпы үлесі былтыр 4 млрд доллардан асқан. Апта басында Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осы мәліметті келтіре отырып, импорттық тауар нарығының бақылауда болатынын жеткізді. л депутат Шавхат Өтемісов агенттік басшысынан еліміздегі қазіргі уақытта азық-түлік импортының ахуалына тоқталуды, соған орай импорттың ішкі тұтынудағы үлесінің серпінін сұраған еді. Агенттік төрағасы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік импортының көлемі төрт миллиард доллардан сәл асқан. «Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. Айта кетерлігі 2012 жылы да осы көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда бес пайызға артқан еді. Осылайша, еліміздің ішкі нарығының тұтынудағы азық-түлік импортының үлесі 21,4 пайыздан 21,6 пайызға өсті. Алайда, айырбас бағамын түзету нәтижесінде азық-түлік импортының үлесі төмендейді деп ойлаймын», – деді Ә.Смайылов мырза. Жалпы бұл бағытта экономиканы, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөл­шерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды деп уәде еткен еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады.

Азамат Әбжанов

Date: 2015-09-22; view: 334; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию