Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы





Құрылымдық геология геотектониканың бір бөлімі ретінде жер қыртысындағы таужыныстарының жатыс пiшiндерiн, олардың орналасу заңдылықтары мен бiр-бiрлерiмен өзара арақатынастарын жəне геологиялық пайда болуы жағдайларын зерттейдi. Пайдалы қазба кенорындарын игеру сатыларында құрылымдық геологияның элементтерін біліп, пайдалану өте маңызды. Мысалы, жарылысты бұзылыс бойымен жылжып ауысқан кенді қабатты «іздеп» табу үшін лықсыма немесе ысырма жайлы немесе басқада құрылымдар табиғатын түсініп пайдалана білуіміз керек. Инженерлік-геологиялық зерттеулер нəтижесінде грунттардың физикалық-механикалық қасиеттеріне таужыныстар қабаттарының жатыс əсерлері анықталады. Бұл мəліметтер өнеркəсіптік пен азаматтың құрылыс жұмыстарын жүргізуде өте қажет. Жарықшақтық үзілісті жарықтарының тез ерігіш таужыныстарға сəйкес келуі қарсты қуыстар пайда болуына əкеп соғады, ал ол өз кезегінде ғимараттардың құлауына əкеледі. Кейбір жыныстар созылғыштығы қабаттар сырғуына себепші болады. Бұл ғылым саласы жер қыртысы таужыныстарының жатыс пiшiндерi ғана емес, олардың пайда болу тегiн, дамуы мен өзгеру тарихын зерттейдi.. Бұл пəндi меңгерудің негізгі мiндеттері: 1. Шөгiндi, магмалық пен метаморфтық жыныстардың негiзгi жатыс пiшiндерiмен танысып, оларды геологиялық картада, қимада көрсетiп, ажыратып, оқи бiлу, олардың жатыс элементтерiн анықтауды меңгеру. 2. Құрылымдық пiшiндердiң пайда болуы мен өзгеру механизмiн түсiнiп, талдау. Демек, құрылымдық геология осыларды түсiнiп, тəжірибе жүзiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi. Таужыныстарының жатыс пiшiндерi жайлыбiлiмде гидрогеологиялық, инженерлiк геологиялық жұмыстарды жоспарлау мен жүргiзу кездерiнде пайдасы айтарлықтай. Мұнымен қатар таужыныстардың жатыс жағдайлары берiлген жер қыртысы бөлікшесiнiң дамуы тарихы туралы теориялық қорытынды жасауға, осындағы өткен тектоникалық қозғалыстар сыр-сыйпаты жайлы мағлұматтар беруге көмектеседі.

2.Геологиялық картаның анықтамасы, масштабына байланысты түрлері Геологиялық карта дегенiмiз - топографиялық негiзi бар жер қыр-тысының белгiлi бiр ауданының геологиялық құрылысын берiлген масштабта шартты белгiлер арқылы бейнелеу. Мұнда геологиялық құрылысы жер бетiне шығып жатқаны ғана емес, терең қабаттардағы таужыныстары бiр-бiрiнен жасы, құрамы жəне жатыс жағдайлары бойынша ажыратылады. Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн жəне т.б. көрсетуге болады. Геологиялық карталар масштабына байланысты ұсақ масштабты, орта масштабты, iрi масштабты жəне дəлдiктi болып төрт типке бөлiнедi. Ұсақ масштабты карталар (1:500 000 жəне одан да ұсақ) iрi аймақтардың, жеке мемлекеттердің, тұтас материктiң немесе дүниежүзiнiң геологиялық құрылысы жайлы жалпы мағлұматтар бередi. Мұнда масштаб көлемiнде негiзгi топографиялық элементтер (iрi өзендер, елдi мекендер мен теңiздер нобайы) ғана көрсетiледi. Мысалы Қазақстан аумағының 1: 1500 000 жəне 1:1000 000 масштабты карталары (В. Ф. Беспалов (1965)), (Н. А Афоничев (1981), (Г. Р. Бекжанов (1996)). Орта масштабты карталар (1:200 000-1:100 000) топографиялық планшеттiң жеке беттерiне сəйкестендiрiле құрастырылады. Ол сол аймақтың геологиялық құрылысының негiзгi ерекшелiктерi мен пайдалы қазындыларының болашағы жайлы мағлұматтар бередi. Бұл картаның топографиялық негiзiнде горизонталдар сиретiледi, негiзгi емес қатынас жолдары, елдi мекендер, жəне т.б. алынып тасталынады. Iрi масштабты карталар (1:50 000-1:25 000) жоғарыда аталған сияқты жеке беттер түрiнде, нақтылы топографиялық негiзде орындалады. Бұл карта ауданның толық геологиялық құрылысын, пайдалы қазындыларының барлық түрiн, болашағын айқындап көрсетедi. Ол жер бетiнiң геологиялық құрылысы ғана емес, оның терең қабаттарының құрылысы туралы да мəлiметтер бере алады. Бұл картаны ауылшаруашылық, құрылыс, өндiрiс қажеттерiне де пайдалануға əбден болады. Дəлдiктi масштабты геологиялық карталар (1:10 000 жəне iрiлерi) арнайы топографиялық негiздi пайдаланып құрастырылады. Мұнда кен орны орналасқан ауданның геологиялық құрылысы толық көрсетiлiп, пайдалы қазындының таралу заңдылығы, қоры мен игеру жағдайын анықтауға мүмкiндiк туады.

Date: 2015-09-05; view: 1113; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию