Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Картадан көрсету керек оған өзің дайындалуын керек





Билет №23

1. Оңтүстік Қазақстан.

2. Су, әуе көлігі және құбыр желісі.

1. Экономикалық – географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары. Оңтүстік Қазақстан аумағының көп бөлігін шөл және таулы аймақтар алып жатыр. Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралығындағы шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км ұашыұтықты қамтиды. Аумағы жөнінен Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады. Жер көлеміне байланысты экономикалық ауданның табиғат жағдайы күрделі әрі алуан түрлі. Аудан аумағының солтүстік бөлігін республикадағы ең құрғақ климат – құмды шөл, ал оңтүстігін қоңыржай ылғалды климатты тау белдеулері алып жатыр.

Аудан су ресурстарына бай, еліміздегі су ресурстарының 49%-ы осы ауданда кездеседі. Бірақ су ресурстары аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Негізгі өзен торлары оңтүстік бөлігі арқылы өтеді. Сырдария, Іле, Лепсі, Талас, Ақсу, Қаратал өзендері су энергетика ресурстарына бай. Мысалы, Шардара, Қапшағай су электр стансалары.

Ауданда жер асты тұщы су қоры мол. Жерасты суының Мойынқұм, Бетпақдала, Қызылқұм сияқты шөлді аймақтарда шаруашылық үшін маңызы зор.

Республикамыздың ірі көлдері Балқаш пен Алакөл осы ауданда. Балқаш көлінде балықтың 25 түрі бар. Оған келіп құятын өзен атырауларында көл суын пайдаланатын кәсіпорындар орналасқан.

Қазіргі кезде Арал теңізінің экологиялық жағдайы ғаламдық проблемаға айналып отыр.Елімізде теңіздің табиғи байлығын сақтау және қалпына келтіру ісі жүргізілуде.

Арал теңізінде сульфат пен ас тұзы қорының мол болуы экономикалық ауданның шаруашылығы үшін маңызды рөл атқарады.

Оңтүстік Қазақстанның жер қойнауы жан-жақты зерттелген. Жамбыл облысындағы Қаратау жотасы пайдалы қазбаларға бай. Жаңатас, Ақсай, Шолақтау кен орындарында фосфориттің мол қоры кездеседі. Ал полиметалл кені Ащысай, Мырғалымсай, Хантағы, Байжансай кен орындарында өндіріледі. Қаратау фосфориті республиканы тыңайтқышпен қамтамасыз ететін негізгі база болып табылады. Облыста одан басқа асбест, мәрмәр, темір кендерінің елеулі қоры бар.

Халқы. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы халқының саны және қоныстануының орташа тығыздығы жөнінен экономикалық аудандар арасында бірінші орында – республика халқының 38,7%-ы осында тұрады. Халықтың 65,8%-ын қазақтар, 28,2%-ын орыстар, 5%-ын басқа ұлт өкілдері құрайды. Халықтың аумақ бойынша қоныстану тығыздығы 1 км² 8-10 адамнан келеді. Бірақ қоныстану тығыздығы экономикалық-географиялық орнына байланысты біркелкі емес.

Ауданның шаруашылық салаларының өркендеуі өнеркәсіп пен ауыл шарушылығының бірдей маңызға ие болуы қала халқы мен село халқының үлес салмағына әсерін тигізеді. Соңғы жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қала халқының саны өсуде. Қала халқы, негізінен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Кентау, Қапшағай және басқа қалалар мен қала типтес елді мекендерде қоныстанған.

2. Су көлігі. Біздің елімізде су көлігі Ресей мен Украинадағыдай рөл атқармайды,себебі су қатынасы бар ірі өзендер еліміздің шет аймақтарымен ағып өтеді.Республикамызда пайдалунаға болатын су жолының ұзындығы 6000 км болса,соның 4000 км- рі өзен көлігіне келеді.Өзен көлігінде жетекші орынды Ертіс өзені алады,оның ұзындығы 1700 км.Ол Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын бір-бірімен жалғастырады.Ертіс өзені мен кен,тұз,құрылыс материалдары тасымалданады.

Орал өзенімен Орал және Атырау қалалары арасындағы байланысты жүзеге асырып,ауыл шаруашылық шикізаттарын,тамақ өнімдерін жеткізеді.Сырдария,Есіл өзендерінің кейбір бөліктері ғана кеме қатынасына пайдаланылады. Іле өзені Қапшағай су электр стансысы мен су қоймасын салғанша елеулі көліктің маңызы болып,елді мекендерге өнеркәсіп бұйымы мен тамақ өнімдерін жеткізіп отырады.Қазір Іле өзенінің төменгі бөлігі жергілікті жол қатынасында пайдаланылады.Қапшағай су қоймасының халаықтың демалу және спорттық мақсатта маңызы елеулі.Өзен көлігінде 6 порт бар.

Елімізде су көлігінің болашағы зор. Ақтау теңіз портын кеңейту, Баутино және Құрық портындағы порт инфрақұрылымын дамыту,Атырау өзен портын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Болашақта Каспийдегі тасымалдың жалпы көлемі 40млн т-ға дейін өседі деп болжануда.Қазақстандық порттар арқылы мұнай тасымалының көлемі 2015 жылғы қарай жылына 38 млн т-наны құрайтын болады,ал құрғақ жүктер тасымалы 3 млн т-ға дейін жеткізілмек.

Әуе көлігі. Жолаушы тасымалынды әуе көлігінің алатын орны зор.Әуе көлігінің өзіндік құны қымбат болғанымен,жолаушы мен жүкті өте алыс қашықтыққа тасымалдауда теңдесі жоқ көлік түрі.

Қазақстанда әуежол компанияларының көршілес елдермен және шетелдермен халықаралық маңызы бар байланыс жолдары қалыптасқан.

Қазіргі елімізде 51 әуежай жұмыс істейді,оның 21 республикалық маңызға ие болып отыр.Астана,Алматы қаларындағы және облыс орталықтарындағы әуежайлар халықаралық әуежайға қызмет етеді.

Қазақстандағы 19 шетелдік әуе компанияларының 9 алыс шетелдерге жүк тасымалдауды жүзеге асырады.

Құбыр желісі. Республикамыздың құбыр желісі мұнай мен газ құбырларынан тұрады.Құбыр желісімен мұнайдың 60%,ал газ толығымен тасымалданады.Құбырды кез келген бағытта,барлық жерде бірдей салуға болады.Тасымалдау қашықтығы өзен және теміржол көлігіне қарағанда қысқа,ал өзіндік құны едәуір төмен болады.

Қазақстан аумағында ең алғаш салынған мұнай құбыры ұзындығы 60 км-лік – Доссор – Ракуша. Елімізде ең алғаш ұзындығы 720 км-лік магистральді мұнай құбыры 1936 жылы Атырау және Ор қаласындағы мұнай өңдеу зауыты арасында салынған.Маңғыстау түбегіндегі өндірілген мұнайды тасымалдау үшін ұзындығы 1500км,өзен – Жетібай – Ақтау және Өзен – Атырау – Самара құбыр жолдары тартылды.

Қазақстан құбыр жолының болашағы зор.Республика аумағы арқылы Батыс Қазақстаннан бес бағытта мұнай құбыры тартуды жоспарлаған болатын.Оның кейбіреуі іске қосылды:

Билет №24

1. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

2. Автомобиль көлігі.

1. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы. Орталық Қазақстан – республикамыздағы ірі индустриялды аудандардың бірі. Жалпы аймақтық өнім шығарудағы ауданның үлесі 9%-дан астам.

Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені қалыптасқан оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі жатады. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ын өндіреді.

Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау қаласындағы толық циклді комбинатқа байланысты, комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында қуаттылығы жөнінен 7-ші орында.

Түсті металлургияда қарқынды дамығаны мыс өндіру саласы, бірақ басқа да түсті металдардың қоры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазақстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және рафинадталған мысты алу кешенді түрде жүреді. Мыстың бұндай түрін тек орталық Қазақстан шығарады.

Мысалы: Орталық Қазақстанның тау –кен өндірісі мен өңдеу кешенінде 3 қайта өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл зауыттардың маңында ауданның 93 кәсіпорны өнеркәсіп қалдықтарын жеткізуде. Сонымен бірге жоғары деңгейдегі шикізат базасы және кәсіби мамандар бар.

Орталық Қазақстанның өндіріс салалары. Көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді, зиянды қалдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің қалдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт қышқылы өндірілсе, азот тыңайтқышы, азот тыңайтқышы, тас көмір смоласы, бензол Теміртау қаласында шығарылады.

Қождарды құрылыс материалы ретінде және цементке пайдаланады.

Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.

Электр энергетика саласында Жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның кәсіпорындарын толығымен электр энергиясымен қамтамасыз етеді, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданыныңда кейбір кәсіпорындарын қамтамасыз етуде.

Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. “Қаргормаш” зауыты – металлургия кәсіпорындарына арналған тау- кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.

Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығырады. Өндеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86%.

Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана – Қарағанды –Мойынты- Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданында отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.

Темір жолмен қатар автомобиль жолдарыда жақсы дамыған. Автомагистальдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды – Теміртау, Қарағанды –Балқаш – Алматы.

2. Автомобиль көлігі. Автомобиль көлігі жүрдек,анағұрлым ыңғайлы,жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді.Ол жақын қашықтыққа жүк пен жолаушына тасымалдайды.Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен жолаушы тасымалдауда жетекші орын алады.Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып,кала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі және жергілікті деңгейдегі жол болып бөлінеді.Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4мың км.

Қазақстанның ірі республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы.

Билет №25

1. Шығыс Қазақстан ауданы – түсті металлургия орталығы.

2. Картадан химия өнеркәсібінің орталықтарын, шикізат базаларын анықтап, сипаттама беру.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең. Кен өндіру өнеркәсібі

Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006). Негізгі өндірілетін өнімдері – түсті металл (мыс,мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10,8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізінен Риддер және Зырянов полиметаллкен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17,3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capіtal” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 2006 ж. Өскеменнің титан-магний комбинатын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ететін (Көкпекті ауданында) Сәтбаев атындағы ильменит құмының кен орны іске қосылды. Ол жылына 15,0 мың т ильменит концентратын береді. Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Ол негізінен “Қаражыра ЛТД” ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакөл кенорындары.

Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “Үлбі металлургиялық зауыты” АҚ-дары,“Қазақмыс корпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі

2.картадан көрсетесің

 

Date: 2015-09-05; view: 9931; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию