Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алматы – экономикалық қаржы және туризм орталығы





1. Шығыс Қазақстан -республикамыздағы поллиметал кендері мен ең арзан су электр энергиясын өндіретін аудан. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы жетекші орын алса, егіншілік пен олардың шикізаттарын өндейтін салалар қосалқы орында. Қазақстан аумағының 10%-ы, халқының 12%-ы, ауылшаруашылық өнімінің 13%-ы, өнеркәсіп өнімдерінің 18%- ы осы ауданның үлесіне тиесілі.

Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Ертіс өзенінің жоғары ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Қытай мемлекетімен шекаралас. Жер көлемі жөнінен еліміздегі ең кіші экономикалық аудан.

Экономикалық-географиялық жағдайы шаруашылық салаларын орналастыру мен дамытуға қолайлы. Бұл ауданның Қатонқарағай, Бұқтырма, Зайсан, Марқакөл және Сасықкөл сияқты аймақтары туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстанның шағын аумағында басын мәнгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр-Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы бар.

Шығыс Қазақстанның таулары атмосфералық ылғал әкелетін батыс және оңтүстік-батыс желдердің жолында,түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері тау етектерінде- 600мм, тауда -1000мм, Алтайдың биік беткейінде- 1500 мм- ден астам.Ауданнаң оңтүстік, оңтүстік-шығысында -200-250мм.Кенді Алтай, Қалба жотасы және Тарбағатайдың қара және қоңыр топырақты ылғал жеткілікті бөліктері ауыл шаруашылығына қолайлы болып, тәлімі егіншілікпен айналасуға мүмкіншілік береді. Сарыарқаның қуаншылықты оңтүстік-шығыс далалы аймақтары мен Зайсан қазаншұңқырларында атмосфералық ылғал жетіспейді, мұндағы егіншілік қолдан суаруды қажет етеді.

Табиғат ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы-қорғасын, мырыш және мыс. Полиметалдан басқа алтын, күміс, кадий, темір, күкірт,т.б. металдар да кездеседі. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам, ванадий кен орындары бар. Алтын өндіруден Семей өңірі жетекші орында. Алтынның Суздаль, Бақыршық, Боко, Октябрь кен орындары да әйгілі.

Шығыс Қазақстан- әлемнің кенге бай аймағының бірі. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26,1%-ы, мырыштың 45,8%-ы, мыстың 47,9%-ы, алтынның 52,2%- ы, титанның 37,1%- ы, танталь кенінің 59%-ы шоғырланған.

Ауданда минерал отын аз. Соған қарамастан тас көмір және жанғыш тақтатас кен орындары ауданның оңтүстігінде Зайсан маңындағы Кендірлікте кездеседі. Бұрынғы Семей полигоны аумағында Қаражыра көмір кен орны ашылып, қазір кен өндірілуде.Мұнда өндірілетін көмір бүкіл Шығыс Қазақстанның қажетін қамтамасыз ететін болады.

Шығыс Қазақстанның негізгі байлығының бірі –су энергетикалық ресурсы, республиканың су қорының 50%-ы осы ауданның үлесіне тиесілі. Энергетикалық ресурс ретінде Ертіс, оның таудан құлап ағатын Үлбі, Бұқтырма, Күршім салалары және Нарым өзендері көзге түседі. Ағысы қатты, тасқынды өзендер су энергетикасын алуға қолайлы.Аудан аумағында Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты тұщы көлдер бар. Аталған көлдердің маңы халықтың демалатын орны- рекреациялық аумақтар. Көлдердің балық аулау шаруашылығында маңызы зор. Мұнда балықтың 20-дан астам түрлері: бекіре, стерлядь, сүйрік, албырт, сазан,табан, аққайран, алабұға, шортан, т.б. кездеседі.сондай-ақ бұл ауданда теңіз деңгейінен 1 449м биіктікте ауданы 449км2, тереңділігі 30м, табиғаты өте әсем Марқакөл орналасқан.Оның маңында құрамы жөнінен Грузияның Цхалтубо және Батыс Сібірдің Белокурихасына ұқсас радиоактивті бұлақ – Рахман бұлағы бар.Ауданның солтүстік-батысындағы көлдер тұзды және онша терең емес, ал тау қазаншұңқырындағы көдлдер терең және тұщы болып келеді.

Орманның 40%-ы осы ауданда. Сондықтан да орман шаруашылығы бойынша республикада жетекші орында тұр. Шығыс Қазақстан құрылыс материалдарына да бай. Семей қаласы маңында Суықбұлақ стансысында цемент шикізаты әктәс,ал Ауыл стансысы маңында гипс, құрылысқа пайдаланылатын тастар кездеседі.

Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан алдыңғы орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км2-ге 5 адамнан келеді, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен сәл төмен.

Аудан халқы Кенді Алтайдың солтүстік – батыс бөлігіндегі,өнеркәсіп орталықтары шоғырланған тау аймақтарында және Түрксіб теміржолының бойында жиі қоныстанған. Климат жағдайы егіншілікке қолайлы,қара топырақты Белағаш даласында халықтың тығыздығы 1км2-ге 15 адамнан асады.Ал Оңтүстік Алтайдың тау етегінде халықтың тығыздығы 1км2-ге 15 адамнан асады. Ал Оңтүстік Алтайдың тау етегінде хлықтың тығыздығы 1км2-ге 40-65 адамнан келеді. Тарбағатай мен Зайсан қазаншұңқырында халық сирек қоныстанған, мұнда 1км2-ге 2-4 адамнан тіпті одан да аз. Ауданның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығысындағы ауыр өнеркәсіпті аумағында қала халқы басым.

Шығыс Қазақстанда қала халқы басым, ол бүкіл аудан халқының 60%-ын құрайды. ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты. Олар ауданның шығысында өнерәсіп орындары маңында шоғырланған.

Өнеркәсібі. Аудан шаруашылығында түсті металлургия өнеркәсібі жетекші орын алады. Шығыс Қазақстанда түсті металдардың 32 түрі өндіріледі, оның 17-сі өңделеді. Түсті металлургияның, әсіресе қорғасын мырыш,титан мен магний сияқты энергияны көп қажет ететін металдар өндірісі ауданның маманданған саласы.

Полиметалл өнеркәсібі - түсті металлургияның басты саласы. Шығыс Қазақстанда Өскемен қорғасын-мырыш, Риддер полиметалл комбинаттары сияқты ірі кәсіпорындар бар. Комбинаттың Өскеменде салынуы –мол шикізат базасының, арзан Өскемен су электр энергетикасының кәсіпорын салуға ыңғайлы жер бедерінің,сондай-ақ қолайлы байланыс жолдарының болуымен түсіндіріледі.

Риддер полиметалл комбинаты Риддер мен Ташинск кен байыту комбинаттарыынң концентраттарын қорғасын-мырыш қоспасын біріктіріп тазартылған қорғасын және мырыш шығарады. Одан әрі тазарту үшін қорғасын мен мырыш Өскемен комбинатына жіберіледі.

Зырян қорғасын комбинаты Шығыс Қазақстан түсті металлургиясының ірі кәсіпорны болып табылады. Шығыс Қазақстандағы қорғасын,мырыш және мыс өндірумен Қазақмырыш және Қазақмыс корпорациялары айналысады.

Шығыс Қазақстан-еліміздегі негізгі алтын өндіретін аудан. Қазақстандағы 141 алтын кен орындарының 62-сі осы аудан аралығында. Шығыс Қазақстанда түсті металдарды өндіру, байыту және балқытудан қалған шлак түріндегі қалдықтарды тау болып үйіліп жатады. Оны террикон деп атайды.Ауданның энергетика негізін жылу және су электр станциялары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен байланысты дамиды. Өскемен конденсатор зауытының өнімдері электр техникасы, теміржол көлігі, құрылыс,ауыл шаруашылығы, медицина машина жасау өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Аспап жасау зауыты электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар шығарады.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі. Ауданда өнеркәсіп пен тұрғын құрылыстарының талабына сай жергілікті шикізатты пайдаланып,құрылыс материалдары өнеркәсібі дамуда. Қалба жотасындағы Суықбұлақ және Сажевск әктас кені негізінде Семей және Өскемен цемент зауыттары жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан -ағаш даярлау, оны өңдеу және ағаш материалын басқа аудандарға шығару сияқты орман шаруашылығы мен айналысады. Ағаш Бұқтырма,Күршім,Үлбі, Нарым өзендері аңғарлары мен Белағаш даласында даярланады.Өскемен,Зырян, Семей және Шемонаиха ағаш өңдеу комбинаттары кесілген ағаштан құрылыс материалдарын, үйге қажетті ағаш бөлшектерін,терезе жақтауларын т.б өнімдер әзірлейді.Жеңіл өнеркәсіптің басты орталығы- Семей қаласы, мұнда мақта жібін иіру, жүн жуу, шұлық, тігін-трикотаж, шұға комбинаттары орналасқан.Ауданда тамақ өнеркәсібінің алатын рөлі жоғары.

Ауыл шаруашылығы. Шығыс Қазақстанауданының агро-өнеркәсіптік кешенінде жетекші орынды мал шаруашылығы алады. Шығыс Қазақстанда тәлімі егіншілік басым.

Көлік кешендері. Ауданда теміржол,автомобиль, және өзен жолдары маңызды орын алады.Өнеркәсіп тораптары.Өскемен, семей,Риддер, Зырян,Аягөзт.бКенді Алтайдағы түсті металлургияның, яғни қорғасын-мырыш, комбинаттарының салынуы,машина жасау салаларының дамуы жақсы жолға қойылған.

 

2. Алматы (орыс. Алматы́, Ресейде — Алма́-Ата́ [3]; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) —Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 485 496 адам тұрады (2013).[1] Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді. Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.

2010 жыл нәтижесі бойынша Алматы бюджеті 5 млрд АҚШ долларынан асқан

 

Date: 2015-09-05; view: 10780; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию