Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұрағаттық құжаттардың техникалық және физикалық-химиялық жай-күйін тексеру және есепке алу тәртібі





166. Мұрағатқа түскен мұрағат құжаттарын олардың алдымен физикалық жай-күйін тексермей мұрағат қоймаларына қабылдауға және орналастыруға жол берілмейді. Мұрағатқа келіп түскен мұрағаттық құжаттар қоймаға беруден бұрын қабылдау және уақытша сақтау үй-жайына орналастырылады және тасымалдау қорабынан ажыратылып, стеллаждар мен үстелдерге қойылады.

167. Келіп түскен мұрағаттық құжаттардың физикалық және техникалық жай-күйін, сондай-ақ олардың сақтандыру көшірмелерін бағалау мұрағат құжаттарын мұрағатқа қабылдаған сәттен бастап 3 айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

168. Қағаз негіздегі мұрағаттық құжаттардың физикалық жай-күйін бағалаудың нәтижесінде мынадай:

1) биологиялық зиянкестермен зақымданған;

2) жоғары дәрежеде ылғалдылық белгілері бар;

3) қағазы және мәтіндері бүлінген;

4) шаң басқан мұрағаттық құжаттар анықталады.

Бұл ретте істегі, папкалардағы және қораптардағы барлық бөгде заттар: металл, қатырма, қағаз қаттамалар және басқа салмалар, бөлгіштер, қыстырғыштар, және басқа да осыған ұқсас нәрселер алынып тасталады.

169. Дыбыс-бейнелік және электронды құжаттардың, сондай-ақ олардың сақтандыру көшірмелерінің техникалық жай-күйін бағалау кезінде материалдық тасығыштардағы ақпараттың оқылуы, техникалық жай-күйі туралы актідегі мәліметтің техникалық сипаттамасымен сәйкес келуі белгіленеді. Сонымен бірге кинофотоқұжат негізінің түрі анықталады. Нитронегіздегі мұрағат құжаттары соңынан қауіпсіз негізге қайта көшіру тұрақтылығын шұғыл тексеруге, қажет болған жағдайда – эмульсиялық қабатын қайта өңдеуге жатады

170. Ақау табылған жағдайда ақаудың түрі және оны жоюдың жолдары көрсетілген еркін нысанда акт жасалады. Ақауларды жою толықтыру көздерінің есебінен жүргізіледі.

171. Келіп түскен биологиялық зиянкестермен зақымданған (жәндіктер, белсенді зең) мұрағат құжаттары санитариялық-гигиеналық (залалсыздандыру, дәрілеу) өңдеуге жіберіледі.

Дымқылданған мұрағаттық құжаттар табылған жағдайда олар толық кепкенге дейін міндетті бейімдеу жүргізіледі. Бейімдеуді қабылдау және уақытша сақтау үй-жайында ауаны қарқынды желдетіп, сақтау бірліктерін теріс орналастырып, стеллаждар мен үстелдерге жайылған күйінде 7-14 тәулік ішінде (ылғалдану дәрежесіне қарай) жүргізеді.

Келіп түскен мұрағаттық құжаттардың мәтіні мен қағаз сапасының жалпы жағдайын бағалау үшін арасынан таңдап тексеріледі.

172. Келіп түскен құжаттарды шаң-тозаңнан тазартуды керме шкафтарды пайдалану арқылы және санитариялық және гигиена шараларын сақтай отырып жүргізеді. Түптелген құжаттардың қораптары, папкалары, мұқабалары және түптері міндетті түрде шаңнан тазартылуы тиіс.

173. Келіп түскен дыбыс-бейнелік және электрондық құжаттар:

1) магниттік таспадағы мұрағаттық құжаттар – шаңнан тазартылуға және таспаны қайта айналдырып тексеруге;

2) дискідегі тасығыштардағы мұрағаттық құжаттар, грампластинкалар, мұрағаттық фотоқұжаттар – шаңнан тазартылуға;

3) температуралық-ылғалдылық жағдайларға бейімдеуге;

4) буып-түюге жатады.

Үлдір және диск негізіндегі дыбыс-бейнелік және электрондық құжаттар қоймаға алынбас бұрын бейімдеу ашық түрде 20±3С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 35±15% болғанда жүргізіледі; ал түрлі-түсті кино және фотоқұжаттар үшін ауаның ылғалдылығы 35±15% болуы тиіс. Киноқұжаттар мен рулондағы микрофильмдерді бейімдеу 10 тәуліктен аз болмауы, ал магниттік таспадағы және дисктік тасығыштегі мұрағаттық құжаттарға 3 тәуліктен аз болмауы, фотоқұжаттар мен микрофиштер үшін 24 тәуліктен аз болмауы тиіс.

174. Сақтау барысында мұрағаттық құжаттардың физикалық-химиялық және техникалық жай-күйін тексеру зақымданған мұрағаттық құжаттарды анықтау және физикалық немесе биологиялық жай-күйі зиян төндіретін құжаттарды анықтау мақсатында жасалады және мынадай:

1) мақсатты тәртіппен; мұрағаттық құжаттардың бар болуын және жай-күйін тексеру барысында. Мақсатты тексеруге төтенше жағдайда зардап шеккен барлық құжаттар жатады;

2) мұрағаттық құжаттарды мұрағаттық қоймалардан беруге дайындық барысында;

3) мұрағаттық құжаттарды жекелеп (парақтап) қараумен байланысты барлық басқа жұмыстарда жүзеге асырылады.

175. Сақтау барысында қағаз негізіндегі мұрағаттық құжаттардың физикалық жай-күйін тексеру ылғалмен, биологиялық зиянкестермен (жәндіктермен, өңезденген) зақымданған, қағаздары мен мәтінінде зиян келген мұрағаттық құжаттарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Дымқылданған мұрағаттық құжаттар (істер, іс жиынтығы) бөлініп алынып, кезектен тыс өңдеуге жіберіледі (кептіру, бейімдеу). Мұрағаттық құжаттар жаппай дымқылданғанда, қойманы кептіру және сақтау режимін қалпына келтіру шаралары жүргізіледі.

Биологиялық зиянкестермен (өңез, жәндіктер) зақымданған мұрағаттық құжаттар тез арада бөлек алынады.

Мәтіндегі және қағаздағы кемшілікті анықтау, істі парақтап қарау барысында визуальды түрде анықталады. Кемшіліктер жалпы әріптік-цифрлық индекстеу негізінде әдістемелік өңдеулерге осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес қағаздағы (әріптік индекстеу) және мәтіндік (мәтіндік индекстеу) кемшіліктің үлгілік белгілері бойынша жүйеленеді.

Егер мәтіннің жартысынан көбі оқылмайтын дәрежеде зақымданған және қайта өңдеу мүмкін болмайтын құжаттар жойылуға жіберілуі мүмкін. Зақымданған құжаттардың мәтінін ішінара қалпына келтіру мүмкін болса, олар мемлекеттік сақтауда қалдырылады, сканерден өткізіледі, өңделеді немесе фотокөшірмесі түсіріледі.

176. Дыбыс-бейнелік және электрондық құжаттардың техникалық жай-күйін тексеру:

1) буып-түю жағдайын;

2) стандарттық ракордтардың болуын;

3) үстіңгі қабатының және перфорация жолақтарының және жапсырмалардың техникалық жай-күйін;

4) ластанудың және механикалық бүлінулердің болуын;

5) нитронегіздің тұрақтылығын;

6) киноүлдірдің перфорациясының айналымын және ені 35 және 16 мм магнитті таспаның жолағын;

7) физикалық-механикалық сипаттамасы (эмульсиялық қабаттасуы, қыртысталуы немесе жұмыс қабатының сусуы және басқалары);

8) химиялық және биологиялық ақаулардың бар болуы (микроорганизммен, жәндіктермен және кеміргіштермен зақымдануы, тұздың кристалдануының іздері және химиялық-фотографиялық өңдеуде қалдықтардың ыдырауы);

9) фоно және бейнеқұжаттардың электроакустикалық сипаттамасын;

10) бейне арнадағы бейнеқұжаттардың параметрін;

11) кино, фото, бейнеқұжаттардың көріну сапасын;

12) электронды құжаттарды сипаттау параметрінің деңгейін (мысалы, уақыт бірлігінде ақпаратты оқу кезіндегі үзілістердің саны);

13) электронды құжаттарда «вирустардың» болуын;

14) магниттенген аймақтардың және машиналық тасығыштардағы механикалық бүлінулердің орын алуын;

15) триацетатты үлдірдің сіркесу синдромын анықтау үшін жүргізіледі.

177. Киноқұжаттардың (кескіннің негативін, контратипін (дубль-негатив), позитивтік көшірмелерін) техникалық жай-күйін тексеру фильмді тексеру немесе дыбысты монтаж үстелінде монтаж парағымен салыстыра отырып жүзеге асырылады.

Позитивтік көшірмені оптикалық проекция жағдайында экранда көру арқылы тексеру барысында көріну сапасына, ішкі бөліктерінде көріністің тығыздығы мен түсінің бірқалыптылығына көшірмелерінің көру және есту бағасы бойынша бөліктерінің бірқалыптылығына, кадрдың тұрақтылығына, кескіннің контрастілігіне, кескінде ақаулардың орын алуына осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес назар аудару қажет.

Аралық позитивті (лаванда), фонограмманың қайта жазғандағы негатив фонограмманың магнитті түпнұсқасын, шу мен музыканың магнитті фонограммасын бақылау фильм тексеретін үстелде тексеру арқылы жүргізіледі.

Киноқұжаттарда кездесетін негізгі ақаулар 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте

Р/с № Ақаудың атауы Ақаудың түрін анықтау Пайда болу себебі Салдары Ескертпе
           
  Эмульсияның қажалуы Эмульсия бетіндегі бүлінулер   Жиі пайдалану Сапасыз көрініс  
  Фрикциялық жолақтар Үлдірдегі ораманың ұзына бойына жіңішке сызықтар жүйесі Үзіп-жұлып орау, киноүлдір орамын қолмен тарту Экрандағы жолақтар жаңбыр сияқты көрінеді  
  Сызаттар: ұсақ, штрихтік, орташа, терең Негіздің бетіндегі бүлінулер Жиі пайдалану Экранда күңгірт штрихтар  
  Перфорация-ның зақымдануы: ұсақ, орта, терең кескін   Перфора-цияның бұрышы-ның немесе жиегінің ажырауы Үлдірдің керілуі, үлдір перфорациясы-ның дыбыс монтаждау үстелінде немесе кинопроекторда тісті доңғалақ барабанның тістеріне сәйкес келмеуі Киноүлдір-дің үзілуіне әкеледі. Экранда кадрдың селкілдеуі  
  Кір, саусақ іздері   Қолғапсыз жұмыс істеу. Немқұрайлылықпен қарау. Экран кескінінде дақтар  
  Желімдеп жабыстыру   Үлдірдің үзілуі Дыбысталу сәйкессіз-дігі, кескін сәйкес-сіздігі    
  Металл күмістердің түсіп қалуы Эмульсия-дағы ұсақ ақ дақтар Үлдірді басып шығаруда техникалық регламенттің сақталмауы   Экранда ұсақ қара дақтар  
  Эмульсиядағы май дақтары   Көшірмеаппарат-тарда басып шығару, кинопроекторда көрсету Орамада үлдірдің жабысып қалуы  
  Эмульсияның ыдырауы Эмульсия қабатының үлдірдің негізінен бөлініп шығуы   Басу кезінде жоғары температурада ерітіндіде өңдеу Кескіннің жоғалып кетуі  
  Эмульсия қабатының жабысуы   Консервациялық-профилактикалық өңдеуде профилактика тәртібінің сақталмауы   Тақылдар, дыбыстың жоғалуы  
  Бетперде Кескін белгіленбе-ген және үлдірдің түрі шұбар (жарық түсіргенде үлдір сарғыш немесе жасыл сияқты) Үлдірді басып шығаруда техникалық регламенттің сақталмауы Экрандағы кескін контрастілі емес  
  Өңез Үлдірдегі күлгін қатпар көбінесе, перфорация-ның жиегінде Сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимін сақтамау Кескінді жоғалтып алу  
  Үлдірлік разрядтар Үлдірдегі жіңішке қара жолақтар Көбірек отырғанда үлдірді тарту Экрандағы кескінде қара жолақтар  
  Кескіннің дыбыспен үйлеспеуі Кескін мен дыбыстың сәйкес келмеуі Үлдірді басып шығаруда техникалық регламенттің сақталмауы Экрандағы кескіннің дыбыспен үйлеспеуі  

178. Фоноқұжаттардың электроакустикалық сипатын (жиіліктің бұрмалануы, копирэффекті деңгейі, фонның және шудың деңгейі, шытынаулар мен тақылдаулардың бар болуы, кідірістің шуы) бақылау агрегаттары бар, қуат күшейткіші, дыбыс күшейткіші және басқа да жабдықтары бар кәсіби магнитофонда есту арқылы тексеріледі. Бұл жағдайда беті (ферромагниттік жабын, үлдірдің қыртысталуы, жиегінің қисаюлары, механикалық зақымдар және химикалық немесе биологиялық ластанудың іздері), бастапқы және соңғы ракордтардың бар болуы, фоноқұжаттардағы жапсырулардың сапасының жай-күйі осы Қағидалардың 27-қосымшасына сәйкес анықталады.

Фоноқұжаттарда кездесетін негізгі ақаулардың тізімі 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте

Р/с №   Ақаудың атауы Ақау түрінің анықтамасы Пайда болу себебі Салдары Ескертпе
           
  Қыртыс- талу Үлдірдің ұзындығы бойынша ширатылуы Температура-лық-ылғалды-лық сақтау режимінің сақталмауы Тыңдау барысында дыбыстың әлсін-әлсін үзіліп қалуы  
2. Қылыштық Үлдірдің ұзындығы бойынша созылуы Сақтаудың температура-лық-ылғалдылық режимін сақтамау Сапасыз дыбысталу (дыбыстың секіруі), магниттік таспаның нашар айналуы, магниттік таспаның орамадан шығып кетуі  
3. Үлдірдің ескіруі Ферромагниттік қабаттың түсіп қалуы Сақтау мерзімінің өтіп кетуі Дыбыстың жоғалып кетуі  
4. Негіздің зақымдануы: үлдірдің бүгілуі, үлдірдің қыржымдалуы, үлдірдің үзілуі     Фоноқұжаттар-мен жұмыс істеу ережесін сақтамау Желімдеп жабыстырулар-дың көп болуы, ішінара дыбыстың жоғалуы  
5. Жоғарғы жиіліктің үйіндісі   Сапасыз жазба немесе қайта жазу Жазбаның күңгірттігі, сөздің түсініксіздігі    
6. Төменгі жиіліктің үйіндісі   Сапасыз жазба немесе қайта жазу Жазбаның қанықтығынан айрылуы, тембр реңкінің бұзылуы    
7. Дыбыстың өшіп қалуы   Ұзақ сақтаудан кейін жазба деңгейінің төмендеуі Сапасыз дыбысталу  
8. Кідіріс шуының жоғарылауы Магнитсіз-дендірілген таспаның шуы Ұнтақ бөлігінің әр тектілігі және олардың жұмыс қабатында әркелкі таратылуы Біркелкі шыңылдау  
9. Дыбыстың «секіруінің» әсері Фоноқұжаттарды тыңдау барысын да байқалған дыбыс үндестігінің өзгеруі Магнитофон-дағы таспатартқыш механизмде таспаның қозғалу жылдамдығы- ның тербелу нәтижесі   Сапасыз дыбысталу  
10. Копирэф фект Қайталанатын жаңғыр-ықтармен дыбысталуы Сақтау ережесінің сақталмауы    
11. Үзілген жазба Жазба-ның басы мен аяғының болмауы      

179. Фотоқұжаттарды бақылау фотоқұжаттарды және бақылау таңбаларды монтаж немесе жарық үстелінің үстінде қарау арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда үстіңгі бөлігінің техникалық жай-күйі (сызаттардың, кірдің, қажалудың және басқа да ақаулардың болмауы); фотографиялық сапасы (ашықтық, контрастілігі, оптикалық тығыздық диапазоны, бетперденің болмауы, басып шығаратын ақаулардың орын алуы және сол сияқты) анықталады.

Ақау түрлерін көзбен көріп анықтау қиын болған жағдайда, фотоқұжатты лупамен немесе микроскоппен осы Қағидалардың 28-қосымшасына сәйкес көреді.

Фото және бейнеқұжаттарда кездесетін негізгі ақаулардың тізімі
4-кестеде көрсетілген.

4-кесте

Р/с № Ақаудың атауы Ақау түрінің анықтамасы Пайда болу себептері Салдары Ескертпе
           
1. Кескіндегі саусақтың іздері   Қолғапсыз жұмыс істеу Негативте-гі дақтар  
2. Эмульсияға батқан тырнақ іздері   Қолғапсыз жұмыс істеу Негативке батқан іздер  
3. Үлдірдің иіні   Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы Кескіннің ішінара жоғалуы  
4. Сияның іздері   Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы Кескіннің ішінара жоғалуы  
5. Кескінге автоқаламмен жазу   Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы Кескіннің ішінара жоғалуы  
6. Тырнақ іздері: ұсақ, өткір Үлдірдің үстіңгі қабатының бүлінуі Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы Қайта көшіруде кескіннің сапасын жоғалту  
7. Эмульсиядағы майлы дақтардың іздері   Үлдірді басып шығару кезінде технологиялық регламенттің сақталмауы Құжаттар-дың ұзақ уақытқа сақтал-мауы    
8. Перфорацияның үзілуі Үлдір жиегінің немесе бұрышының ажырап кетуі Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы Құжаттар-дың ұзақ уақытқа сақтал-мауы  
9. Эмульсиядағы желімнің дақтары   Құжаттармен жұмыс істеу ережесінің сақталмауы   Кескіннің ішінара жоғалуы    
10. Әлсіз кескін   Үлдірді басып шығару кезінде технологиялық регламенттің сақталмауы   Кескін контрастілі емес  
11. Тығыз кескін   Үлдірді басып шығару кезінде технологиялық регламенттің сақталмауы   Қараңғы- ланған кескін  
12. Бетперде Кескін белгіленіп алынбаған және үлдірде дақ іздері бар (жарықта үлдір сарғыш немесе жасыл болып көрінеді) Үлдірді айқындау кезінде техникалық регламенттің сақталмауы Кескін контрастілі емес  
13. Эмульсияның сарғыш тартуы   Сапасыз белгілеу Қайта көшіру кезінде кескін сапасының жоғалуы    
14. Үлдірдің деформациясы   Температуралық-ылғалдылық режимін сақтамау Қайта көшіру кезінде кескін сапасының жоғалуы  
15. Эмульсия қабатының ыдырауы және жылжуы   Жоғары температурада ғы қоспада басып шығару кезінде өңдеу Кескіннің жоғалуы  

180. Бейнеқұжаттардың техникалық параметрлерін тексеруді бақылау-өлшеу аппараттар кешенінің көмегімен жүргізеді: осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес бейнежазбалардың жазба тұрпатын, стандарттарын және жүйесін анықтайтын бейнемагнитофондардың тиісті түрімен.

181. Электронды құжаттардың техникалық параметрлерін тексеру тиісті мұрағаттық құжаттардың тиісті түрімен жұмыс істеуге арналған арнайы аппаратураны және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып жүргізіледі.

182. Ұлттық мұрағат қорының физикалық жай-күйі қанағаттандырмайтын құжаттар деп материалдық тасығыштарының бүліну деңгейі жоғары, мұрағаттық құжаттардың физикалық біртұтастығына қауіп төндіретін құжаттар танылады.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының физикалық жай-күйін қанағаттандырғысыз деп тану және оны тез арада арнайы өңдеу жүргізу үшін арнайы есепке алу туралы шешім осы Қағидалардың 186-190-тармақтарына сәйкес өңдеушінің сараптамалық қорытындысы және мұрағаттық құжаттарды сақтау үшін жауапты бөлім басшысының қорытындысы негізінде мұрағат басшысы қабылдайды.

183. Физикалық жай-күйі материалдық тасығыштарды қайта қалпына келтіре алмайтын және ақпараттары оқылмайтын құжаттар өңдеуге келмейтін, бүлінген мұрағаттық құжаттар болып танылады.

Мұрағаттық құжаттарды қайта қалпына келмейтіндей зақымданған деп тану және оны есептен шығару туралы шешімді мұрағаттық құжаттарды сақтау үшін жауапты бөлімше басшысының және өңдеушінің сараптама қорытындысына және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес зақымданған құжаттар туралы актіге сүйене отырып уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Уәкілетті органның жазбаша рұқсаты негізінде жарамсыз мұрағаттық құжаттарды есептен шығару туралы мұрағат басшылығының бұйрығы шығарылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық құндылығы объектілеріне жататын Ұлттық мұрағат қорының қайта қалпына келмейтіндей бүлінген құжаттарын жоюға және есептен шығаруға жол берілмейді.

184. Қағаз негіздегі мұрағаттық құжаттардың физикалық және техникалық жай-күйін есепке алу мынадай жолдармен:

1) осы Қағидалардың 30-қосымшасына сәйкес куәландыру парағында;

2) осы Қағидалардың 18-19-қосымшаларына сәйкес мұрағаттық құжаттардың бар болуын және жай-күйін тексеру актісінде және парағында;

3) осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес тасығышы бүлінген мұрағаттық құжаттардың есепке алу карточкасында;

4) осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес мәтіні зақымданған мұрағаттық құжаттардың есепке алу карточкасында жүзеге асырылады.

185. Дыбыс-бейнелік құжаттардың физикалық және техникалық жай-күйін есепке алу:

1) осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес киноқұжаттың техникалық жай-күйін есепке алу карточкасында;

2) осы Қағидалардың 28-қосымшасына сәйкес фотоқұжаттардың техникалық жай-күйін есепке алу карточкасында;

3) осы Қағидалардың 27-қосымшасына сәйкес фоноқұжаттардың техникалық жай-күйін есепке алу карточкасында;

4) осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес бейнеқұжаттардың техникалық жай-күйін есепке алу карточкасында жүзеге асырылады.

Ұлттық мұрағат қорының физикалық жай-күйі қанағаттандырмайтын құжаттарын есепке алу үшін карточкалардың орнына бақылау-есептік карточканың белгілеген деректемелеріне сәйкес есепке алу кітаптары қолданылады.

Тиісті белгілер мұрағаттық құжаттардың физикалық-техникалық жай-күйін есепке алу құжаттарына да қойылады.

Мұрағаттық құжаттардың физикалық және техникалық жай-күйін есепке алу бақылау-есепке алу құжаттарының деректемелеріне сәйкес белгіленгендей қағаз тасығыштарда немесе автоматтандырылған режимде жүзеге асырылуы мүмкін.

Date: 2015-09-05; view: 1476; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию