Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Терапевтическая стоматология_каз. «Crown down»әдісімен түбір өзектерін өңдеу дегеніміз:





 

$$$001

«Crown down» әдісімен түбір өзектерін өңдеу дегеніміз:

A) Түбір өзегін өзек сағасынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту

B) Түбір өзегін түбір өзегі ұшынан өзек сағасына қарай кеңейту

C) Сағат тілі бағытымен предентинді алу

D) Сағат тілі бағытына қарсы предентинді алу

E) Түбір өзегін түбір ұшынан жоғары қарай кеңейту

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 1

{Оқулық}= (Николаев А.И., Цепов Л.М. Практическая терапевтическая стоматология – М.: МЕД пресс-информ., 2010 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$002

Түбір өзегі сағасын кеңейтуге арналған аспаптар:

A) Плаггер

B) Гейтс-глидден

C) Спредер

D) Ример

E) Верификатор

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 1

{Оқулық}= (Николаев А.И., Цепов Л.М., Практическая терапевтическая стоматология-М.: МЕД пресс-информ., 2010 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$003

Eр адам 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт-қызыл түсті, қатты ауыратын, шеттерінде көпіршіктің қалдықтары сақталған эрозиялар байқалады. Шынтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Созылмалы қайталамалы стоматит

B) Көптүрлі экссудативті эритема

C) Вульгарлы күлдіреуік

D) Қызыл жалпақ теміреткі

E) Жүйелі қызыл жегі

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-685 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$004

45 жастағы ер адам еріндегі әсіресе оны жапқан кездегі ауыру мен күйдіру сезімдеріне, тағам қабылдау мен сөйлеудің қиындауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарағанда: еріннің қызыл жиегі сұр-сары түсті қабыршықпен жабылған,бұл кезде тек еріннің Клейна сызығынан ортасына дейінгі бөлігі ғана зақымданады. Кейбір жерлерде қабыршық алжапқыш тәрізді еріннен түсіп тұрады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Аконтолитикалық күлдіреуік

B) Эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі

C) Қызыл жегі

D) Гландулярлы хейлит

E) Қызыл жалпақ теміреткі

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-737 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$005

25 жастағы ер адам тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылатын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда ауырады. ЭОД-80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Созылмалы гангренозды пульпит

B) Созылмалы фиброзды периодонтит

C) Созылмалы фиброзды пульпит

D) Созылмалы гранулденген периодонтит

E) Созылмалы гранулематозды периодонтит

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$006

29 жастағы науқас тамақ ішу кезіндегі 3.6 тістегі ауырсынуға шағымданып келген. Тістегі терең кариозды қуыс тіс қуысымен жалғасқан, ұлпа мүйізі ашылған. Оны зондтап шұқығанда күрт ауырсынады, ұлпа қанайды. ЭОМ 40 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Созылмалы гангренозды пульпит

B) Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі

C) Жедел ошақты пульпит

D) Созылмалы фиброзды пульпит

E) Созылмалы гипертрофиялық пульпит

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$007

47 жастағы ер адам дәрігерге профилактикалық қаралу мақсатында келген. Анамнезінде: науқас ыстық және ащы тағамды қабылдағанды өте жақсы көреді. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығындағы тістердің қабысу сызығында жәңе астыңғы еріннің қызыл жиегінде әртүрлі пішінді және көлемді гиперкератоз ошағы бар, ол қоршаған бөліктердің шырышты қабығы деңгейінен көтерілмейді, бірақ шекарасы анық, ақ қақпен жабылған сияқты, қатты қырғанның өзінде алынбайды. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Лейкоплакияның жалпақ түрі

B) Қызыл жегінің типтік түрі

C) Лейкоплакияның веррукозды түрі

D) Папулезді мерез

E) Гиперпластикалық кандидоз

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-614 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$008

Диаметрі 1-3 мм төмпешіктер, ошақ ортасына топталған, бұзылып тегіс емес жаралар түзеді, беткейі сәл қансырайды. «Алмалы дірілдеуік (желе)» симптомы және зондпен сынама оң. Келтірілген клиникалық белгілер қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Қызыл жалпақ теміреткі

B) Екіншілік рецидивті мерез

C) Үшіншілік мерез

D) Лейкоплакия

E) Туберкулезді жегі

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-653 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$009

50 жастағы ер адам үстіңгі жақтың сол жағындағы тісінің ыңғайсыз сезімнің болуына шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен жалғасатын терең кариес қуысы көрінеді. Перкуссияда тіс ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы сілемейлі қабық көгілдір түсті, жыланкөзден қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбір ұшы аймағында көлемі 4 мм-ге дейінгі пішіні тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) Созылмалы фиброзды периодонтит

B) Созылмалы гранулематозды периодонтит

C) Созылмалы гранулденген периодонтит

D) Созылмалы гангренозды пульпит

E) Созылмалы фиброзды пульпит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-387 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$010

35 жастағы әйел адам еріннің үлкейіп ыңғайсыздық туғызатынына, жалпы бетінің ісінуіне шағымданады. Жарты сағат бұрын науқастың тіс тасын алып, пародонт қалталарды медикаментозы өңдеп, қызыл иегіне метрагил-дента гелімен аппликация жасалды. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі еріннің және ұрттың шектелген ісінуі. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Квинкенің ангионевротикалық ісінуі

B) Аллергиялық жанаспалы хейлит

C) Десквамативті хейлит

D) Эксфолиативті хейлит

E) Гландулярлы хейлит

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-671 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$011

Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Жаралы гингивит

B) Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

C) Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі

D) Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

E) Жайылмалы катаральды гингивит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./ Под ред. Г.М. Барера-М. ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта-2008 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$012

Тіс дәрігері 22 жастағы науқасқа тексеру барысында, 2.5 тістің созылмалы ұлпа қабыну диагнозын қойды. Емдеу үшін жартылай жансыздандыру жасады, тіс қуысын егеп тазалады, ұлпа мүйізіне күшәлә сықпасын қалдырып, уақытша пломба қойды. Бір күннен кейін уақытша пломбаны алып, тістің сауытты және түбір ұлпасын алды. Аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдеп, өзекті пломбалады. Содан соң аралық және тұрақты пломба қойды.

Дәрігер ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді?

A) Девитальды экстирпация

B) Витальды ампутация

C) Консервативті

D) Девитальды ампутация

E) Витальды экстирпация

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В., и др. Терапевтическая стоматология-М., 2007 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$013

49 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді бетінде тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 1.5 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Осы ауру кезіндегі ЭОМ көрсеткіші:

A) 20-30 мкА

B) 100 мкА жоғары

C) 30-40 мкА

D) 40-60 мкА

E) 60-80 мкА

{Дұрыс жауабы}= В

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В., и др. Терапевтическая стоматология-М., 2007-383 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$014

20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен-бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы ауру кезіндегі емдік шаралар ретінде қолданылады:

A) Профилактикалық тексеру

B) Гигиенаға үйрету

C) Форқұрамды препарттарды қабылдау

D) В витаминіне бай тағам қабылдау

E) Су көзін ауыстыру

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-167 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$015

Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 3.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс мойын аймағында орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді?

A) Консервативті әдіс

B) Витальді экстирпация

C) Витальді ампутация

D) Девитальді ампутация

E) Девитальді экстирпация

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В., и др. Терапевтическая стоматология-М., 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$016

Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақшыл- қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема, 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады?

A) Формалинді сынама жүргізу

B) Гигиеналық индекстерді анықтау

C) Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу

D) Рентгенография

E) Пародонтальды индексті анықтау

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-137 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$017

Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 4.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс шайнау бетінде орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді?

A) Консервативті әдіс

B) Витальді экстирпация

C) Витальді ампутация

D) Девитальді ампутация

E) Девитальді экстирпация

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-137 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$018

Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде-жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы пальпацияда ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет?

A) Гемагглютинация реакциясы

B) Манту реакциясы

C) Вассерман реакциясы

D) Лейкоциттер агломерация реакциясы

E) Лейкоцитолиз реакциясы

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2006-658 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$019

Тіс дәрігері 4.7 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін, егеп тазалады, тіс қуысын ашып сауыт және түбір ұлпасын алды (өтетін өзектері дистальды, медиальды-ұрттық,) өтпейтін өзекке мумификация жасалды (медиальды-тілдік өзекке), медикаментозды, инструментальды өңделіп, өзектерді пломбылап, аралық төсем, тұрақты пломбы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді:

A) Девитальды экстирпация

B) Витальды ампутация

C) Консервативті

D) Аралас

E) Витальды экстирпация

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$020

Ұлпа қабынуын емдеуде тіс дәрігері түбір өзектерін пломбылау үшін силер және гуттаперча штифтерді қолданды, спредердің көмегімен әрбір штифтке орын қалдырып, оларды кезекпен енгізді. Бұл түбір өзектерін обтурациялау әдісінің қандай түрі:

A) Термафил

B) Квик фил

C) Тік конденсация

D) Бір штифті

E) Латеральды конденсация

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

 

2 ВАРИАНТ

 

Date: 2015-09-20; view: 529; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию