Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жиырмасыншы Сөз





Тағдырдың жарлығын білесіздер — өзгерілмейді. Пəндеде бір іс бар
жалығу деген. Ол — тағдырда адаммен бірге жаратылған нəрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын.
Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында тағы келіп жеңеді.

Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқаса осы адам баласының
жалықпайтұғын нəрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де,мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі аз ба,көп пе жалығады. Аның үшін бəрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды.

Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты
тұрмайды. Əрбір мақұлыққа Құдай Тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ.
Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?

Бірақ осы жалығу деген əр нені көрем деген, көп көрген, дəмін, бағасын —бəрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Хаттаки ғұмырдың баянсызын, дүниенің əрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.

Жиырма Бірінші Сөз
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы — қиын іс. Сол мақтан деген нəрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.

Үлкендік — адам ішінен өзін өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни надан
атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, əдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді — осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез — ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады.

Екінші, мақтаншақ деген біреуі: «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, əрнешік не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, əуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады.
Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол — надан, лəкин надан да болса адам.
Екіншісі, өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы əбден толық емес. Үшіншісі, өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол — наданның наданы лəкин өзі адам емес.

Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді.

 

Date: 2015-09-19; view: 444; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию