Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі сұрақтар. 1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны





1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары.. Жеке, жеке-жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау. Жариялылық және диспозитивтік принципі.

2. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

3. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.

1. Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық iзге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Кодекстiң 33-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке айыптау iстерi болып саналады, жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға тиiс. Кодекстiң 34-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке-жариялы айыптау iстер болып саналады, жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға жатады. Қылмыстар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып саналады. Бұл iстер бойынша қылмыстық iзге түсу жәбiрленушiнiң шағым беруiне қарамастан жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарында, 144-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 145-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 300-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Жеке-жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 104-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 117-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 135, 139-баптарында, 144-бабында (екiншi бөлiгiнде), 176-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 187-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 188, 189, 200-баптарында, 226-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 227-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 327-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс бойынша iс қозғалмайды. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 8-тарауында көзделген әрекет мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделерiне зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкiлеттi орган басшысының арызы немесе олардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық iзге түсу органы өз құзыретi шегiнде қылмыстың белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда қылмыс оқиғасын белгiлеуге, қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бiрдей кiнәсiз адамдарды ақтау шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы жәбiрленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге және қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеу шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық процестегi өзiнiң өкiлеттiгiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсiз және Кодекстiң талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады. Қылмыстық iс бойынша объективтi зерттеу жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық iзге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Қылмыстық iзге түсу органының заңға сәйкес қойылған талаптарын барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Аталған талаптарды орындамау заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Қылмыстық iс қозғауға болмайтын, ал қозғалған iс тоқтатылуға тиiс жағдайлар:

1) қылмыс оқиғасы болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары;

4) мерзiмiнiң ескiруiне байланысты;

5) ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚІЖКтiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 34-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы.

6) жеке айыптаушының - ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;

7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкiн болатын жасқа толмаған адамға қатысты;

11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.

Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де қысқартылады. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылған не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс. Істi қысқартуға, егер айыпталушы қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Бұл жағдайда iс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi жағдаяттар болған кезде жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбiрленушiмен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыпталушының қылмыстық iзiне түсуден бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық iзге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық iстiң материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық iзiне түсудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (сезiктiге) iстi қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша оны қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы жәбiрленушiге және оның өкiлiне хабарланады, олар қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Қылмыстық iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар.

2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.

3. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

4. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері.

5. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.

Date: 2015-09-19; view: 930; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию