Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билеттен кара

№4билет.

1)Карта және пландағы шартты белгілердің айырмашылығы.Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және касиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.

Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мумкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.

1.Планда жердің шағын аймақтары үлкен(1:500,1:1000)масштабпен алынса,карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен(1:5000,1:10000)алынады.

2.Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады,ал план бетінде тік бұрышты координаталық тордың кескіні ғана болады.

3.Планда жердің дөңестігі ескерілмейді.Кескіндеу масштабты планның барлық бағытында тұрақты болса,картадаол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.

2)Абрис дегеніміз(нем,сызба)-жер бетінің бедерін қағазға түсіру кезінде сұлба түрде салынатын сызба.Мунда түсірілетін аумақтың,ондағы обьектілердің нобайы,өлшеу нәтижелері,бедер элементтері т,б мәліметтер көрсетіледі.Абрис екі түсірім сызбаларын қамтиды.Теодолитті түсірімнің абрисі-тірек пункттердің,сызықтардың және түсірілетін обьектілердің өзара орналасуын көрсететін сызба болса,ал тахеометрлік түсірімнің абрисі-өлшеу станциялары мен қада нүктелерінің өзара орналасуы аралығындағы реттік нөмірі көрсетілген сызба.Дәл топографиялық пландарды жасау кезінде,сондай-ақ аэротүсіруде геодезиялық торап нүктелерін танып айыруға пайдаланылады.

№5 билет.

1) 2) Бағдарлау - сызықтың бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0"-тан 360°-қа дейін өлшенеді. Шын азимут — бақылау нүктесі астрономиялық меридианының жазықтығымен осы нүктеде осы бағыт арқылы өтетін вертикаль жазықтық түзетін екі қырлы бұрыш. Магниттік азимут — сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (машит нүсқарының солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді. Дирекциондық бұрыш — осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен берілген нүкте бағытына дейін есептелетін горизонталь бұрыш. Азимут дегеніміз-топографиялық картадабелгілеп анықтаған нүктенің,географиялық меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бағытында берілген бағытқа дейінгі көкжиектік бұрыш.

Румб дегеніміз-топографиялық картада таңдап алынып,бағытталған сызықтан меридианның осы сызыққа ең жақын жатқан бір бөлігіне дейін есептелетін көкжиектік бұрыш.

Дирекциялық бұрыш- () дегеніміз осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш екендігі шығады.

2)Құралдың горизонты дегеніміз(ГИ)-таппадым

№6 емтихан билеті

1. Картаның номенклатурасы.

(Номенклатура карт) — көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

2. Теодолиттің құрылысы.

Теодолиттің (40-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс.

Лимбаның үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады.

Алидада да керсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған.

Теодолиттің негізгі осі цилиндрлік деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерінің (1) көмегімен вертикаль жағдайға келтіріледі. Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін. Дүрбінің айналу осінің бір жағында вертикаль дөңгелек (3) бекітілген, ол осьпен берік жалғанған әрі онымен бірге айналады. Негізінде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеуге арналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бірінші орны «оң дөңгелек» (ОD), екіншісі — сол дөңгелек» (СБ) деп аталады,.

Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін колданылады. Үш сирақты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына стан винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолитті нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады.

Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады.

№7 емтихан билеті

1. Масштаб. Масштаб түрі.

масштаб дегеніміз-сызбадағы,пландағы,картадағы сызықтың озіне сәйкес жер бетіндегі сызық ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.Масштаб сандық,сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен қартаға кескіндеу кезінде каншалыкты, кішірейгенін көрсетеді.

Сызықтық масштаб дегеніміз-қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.

Көлденең масштаб-сызықты масштабтың бір түрі.Осы аталған масштабтың қолданылуы,нақты инженерлік құрылыстың жобалау жұмыстарын үлкен көлемді топографиялық жоспарларда бейнелеп,қашықтық өлшемдерін жүргізу үшін арнайы, көлденең масштабты темір сызғышты пайдалану негізінде жүргізіледі.

2. Нивелир құрылысы.

Нивелир-жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.

Н-0,5-дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.

Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.

Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм аспайтын нивелир түрі.

Н-3 нивелирі 3,4 кластық және техникалық нивелирлеу үшін қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне цилиндірлік деңгей (6) қондырылған дүрбі (8) көтергіш винттер (3) бар қондырғы (2) штатив бекіту үшін жасалған винт оймасы бар серіппелі пластинка жатады. Цилиндірлік деңгеймен бір коробкада орналасқан призмалы құрылған деңгей үлбіреуігінің бейнесін көз алдына келтіреді. Нивелирге қойылатын басты талап нысаналау сәулесінің горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайда дәл келтіру элевациондық бұранда (3) арқылы яғни деңгей жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреуігінің шетін ұштастыру арқылы

Цилиндірлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік бағытқа келтіру үшін, дөңгелек деңгей (12) орнатылған және оның үш түзетпе винттері бар. Ең алдымен дүрбінің көздегіші (7) мен бекітпе(10) арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт (11) көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көрінуін қамтамасыз ететін кремальера бар(3). Элевациондық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп әрқашанда төрт таңбалы сан болып келеді, мыс:1145 мм.

№8 емтихан билеті

1. теодолиттік түсірістегі алқаптық жұмыс.

Далалық жұмыстарға:

1) Жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту.

2) Бұрыштар мен ұзындықтарын өлшеу.

3) Жергілікті заттарды, контурларды түсіру.

Жүріс пунктерін жергілікті жердегі тірек пунктеріне байланыстыру

2.Тахеометрлік түсірістегі журналды өңдеу реті.- жоқ.

Тахеометриялық түсіріс -тахеометр деген аспаптың көмегімен жүргізіледі.Тахеометр арқылы горизонталь а,вертикаль V бұрыштар,қашықтық S және биіктік өсімшесі h анықталады.

№9 емтихан билеті

1. Геодезияның басқа да пәндермен байланысы.

Геодезия әртүрлі ғылыми пәндермен тығыз байланысты, соның ішінде математика, астрономия, физика, механика, автоматика, электроника, география, фотография және сызу.
Математика геодезиядағы өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерімен және талдау амалдарымен қамтамасыз етеді,
Астрономия геодезияға жер бетіндегі нүктелердің координаталары және астрономиялық азимуттары жайында алғашқы мәліметтер береді.
Физика мен механиканы пайдаланып, геодезиялық аспаптардың тетіктерін есептейді және қүрастырады. Аспап шығаруда автоматика және электроника көп қолданылады.
Географияны білу жер бетінің рельефін және жер бетіндегі табиғи жамылғыларды дүрыс бағалауға көмектеседі. Геодезияда қолданылатын фотография әдісі фотографияны білуді қажет етеді, ал план мен картаны графикалық түрге келтіру үшін топографиялық сызудың әдістерін меңгеру керек.


<== предыдущая | следующая ==>
Каждый педагог, организовавший группу участников (не менее 10 человек) получает благодарственное письмо и нагрудный знак конкурса | Картамен тапсырмаларды орындау

Date: 2015-09-19; view: 1551; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию