Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бөлінбеген банк пайдасы. Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және





Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

• акционерлік банк формасында;

• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

в) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.

 

3. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасында жерді пайдалану ақылы. Жер салығы ҚР Салық кодексіне сәйкес төленеді.

Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Оның мақсаты - жерді тиімді пайдаланудың экономикалық әдістерімен жабдықтау жэне топырақтың құнарлылығын көтеру, оны қорғау, әртүрлі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік мәдениеттің дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

.

Салық салу мақсатында барлық жерлер козделген мақсат бойынша мынадай санаттарға:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2. елді мекен жерлеріне;

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жэне өзге де ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (өнеркәсіп жерлері);

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық жэне тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге

5. орман қорының жерлеріне;

6. су қорының жерлеріне;

7. босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

Жер салығы бастапқы 3 категорня бойынша алынады, бірақ орман қорының жерлерін ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруа- шылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер су қорының жерлері өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылса, онда салық өнеркәсіптік жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер онеркәсіптік жерлерді ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша салынады.

Date: 2015-08-24; view: 978; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию