Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есептеуіш техника кабинеттіндегі қауіпсіздік ережесі





Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:

1.Жалпы ережелерді;

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

3. Жұмыс жасау кезіндегі;

4.Апаттық жағдайдағы;

5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

* Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қостілді розеткаларға, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқхсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

*Мұғалімнің рұхсатынсыз сыныптан шығуға кіруге болмайды;

*Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

*Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелдің қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

*Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

*Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

*Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлу керек;

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3.Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

*ЭЕМ- мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;

*Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұхсат етіледі;

*Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

*Электр тогымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет;

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4.Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

*Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

*От сөндіруде көмек көрсету қажет;

*Электр тогымен зақымданған адамға көмек көрсетуді білуі керек;

*Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

*Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолымен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

*Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

*Жұмыс орнын ретке келтіру;

Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Date: 2015-09-02; view: 867; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию