Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Маневрлік жұмыстар кезінде қол сигналдық аспаптармен сигнал беруге рұқсат етіледі





Поездарды құрастырушыда өзімен бірге алып жүретін жарамды радиостанциясы болуы тиіс. Станциялардағы қолда бар радиобайланыс құрылғылары мен екі жақты парктік байланыс құрылғылары маневрлік жұмысты ұйымдастыру мен қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ар-нап қолданылуы тиіс.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс арқылы берілетін нұсқаулар мен хабарламалар қысқа да нақты болуы тиіс; нұсқауды берген тұлға оны маневрлік локомотив машинисі мен өзге қызметкерлердің дұрыс түсінгеніне (нұсқаудың қысқаша қайталауын тыңдап, соған сәйкес жауап бе-руші дыбыс сигналын алумен және т.б.) кез жеткізуге міндетті.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс арқылы берілетін аса дәстүрлі нұсқаулар мен хабарламаларға арнап қажет болған жағдайда келіссөздерді жүргізудің шамалы түрдегі регламенті белгіленеді.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс құрылғыларын пайдаланудың тәртібі мен өздеріне аталмыш құрылғыларды пайдалану құқы берілген қызметкерлердің аты-жөндерін керсетумен оларды әрбір ма-неврлік ауданда қолданудың тәртібі станцияның техникалық-жарлық акті-сінде белгіленеді.

Станциялардағы радиобайланыс пен екі жақты парктік байланысты пайдаланудың тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның арнайы нұқсаулығымен белгіле-неді.

11.5. Станция кезекшісі маневрлік маршруттарды маневрлік жұмыстың жоспарына сәйкес даярлауы тиіс.

Қозғалыс бағыты өзгертілмеген маневрлік маршрут, әдетте, маневрлік құрамның бүкіл жүріс жолына арнап әзірленеді. Мұндай маршрутты әзірлеу 116

мумкін болмаған жағдайда станция кезекшісі машинисті (маневрлердің басқарушысын) маршруттың бөлігі қай жолға немесе қай бағдаршамға дей-ін әзірленгені жайлы ескертуге міндетті.

Тыйым салуды көрсетіп тұрған немесе шамы сөніп тұрған маневрлік бағдаршамды дайын маршрут кезінде өтуге станция (қосын) кезекшісінің маневрлік локомотив машинисіне радиобайланыс, екі жақты парктік бай-ланыс немесе маневрлердің басқарушысы арқылы берілетін тіркелетін бұйрығы бойынша рұқсат етіледі.

11.6. Құрамдарды парктен паркке жалғастырушы жолдар бойын-
ша немесе тартымдық жол арқылы ауыстырып қою кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің тәртібі мен шарттары станцияның техникалық-жарлық
актісінде белгіленеді, бұл ретте маневрлік құрамдардың вагондарымен
алдыға қаратылған қалпында қозғалту кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Жекелеген жағдайларда жергілікті жағдайларға байланысты (парктер бірінен соң бірі орналасқан кезде, маневрлік локомотивтер машинистің кабинасындағы вагондарды ажырату құрылғылармен және т.б. жабдық-талған жағдайда) құрамдарды парктен паркке ауыстырып қою ісі құрасты-рушы бригадасы қызметкерлерінің қатысуынсыз орындалуы мүмкін.

11.7. Жеке категорияларға жататын жүктері бар вагондар Жуктерді
тасымалдау ережелері мен Қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасы-
малдау ережелеріне сәйкес маневрлерді орындау кезінде құрғақ отынмен
жұмыс істейтін паровоздардан қауіпсіз жүктері бар немесе бос вагондар
арқылы қалқалануы тиіс.

Поездардағы және маневрлер кезіндегі қалқалану нормалары тасымал-дау құжаттарында арнайы мөрқалыпты соғумен көрсетіледі, мөрқалыпта қалқалық вагондардың ең аз саны көрсетіледі, мысалы, 3/0-0-3-1, мұндағы:

Алғашқы сан - поездардағы жетекші локомотивтен қалқалау нагондарының саны (алымы- құрғақ отынмен жүретін паровоздың, Гюлімі - мұнай отынымен жүретін паровоздың, электровоздың немесе і епловоздың);

екінші саны- поездардағы итермелеуші локомотивінен;

үшінші саны - поездардағы адамдары бар вагондардан;

төртінші саны - маневрлер кезіндегі құрғақ отынмен жүретін па-ровоздан;

Date: 2015-09-02; view: 610; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию