Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Станция/қосын кезекшісі





(керек емесін сызып тастау)

(қиғашынан екі қызыл жолағы бар ақ түсті)


7-тарау Қалпына кедтіруші, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін

арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтердің қозғалуы

 

7.1. Қалпына келтіруші поездар, өрт сөндіруші поездар мен қосалқы ло-комотивтер жолда тоқтап тұрып қалған поездың жетекші локомотивының машинисінен (машинистің көмекшісінен) алынған көмек көрсету туралы та-лап етудің (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы берілген) не-гізінде, сонымен қатар жол шаруашылығының, электрмен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың басқарушы қызметкерлерінің талап етулері бойынша белгіленеді.

Қалпына келтіруші және өрт сөндіруші поездарын шақырту ісі атал-мыш поездар жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес орындалады. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездарын, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтерді тиісті жеріне жөнелту мен өту ісі поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

7.2. Көмек.талап етілген жағдайда аралықта тоқтап тұрып қалған поездың машинисі (машинистің көмекшісі) станция кезекшісіне немесе по-езд диспетчеріне поездың басы қай километрде және бекетте орналасқанына, көмектің немен байланысты қажет болғандығы жөнінде және оны талап ету уақытын хабарлауға міндетті. Айрықша жағдайларда станция кезекшісімен немесе поезд диспетчерімен телефондық және радиобайланыс болмаған жағдайда станцияға жазбаша талап етуді жеткізу үшін поездық локомо-тив қолданылуы мүмкін. Локомотивты құрамнан вагон доңғалақтарының астына тежегіш табандықтарды қоюмен және қол тежегіштерін іске қосу арқылы вагондарды ығысудан бекіткеннен кейін ғана ағытуға рұқсат етіле-ді. Локомотивты құрамнан ағытпас бұрын сонымен қатар қалдырылатын иагондардың автотежегіштері де (аяққы кранды толығымен ашумен) іске қосылуы тиіс. Жолаушы поезының локомотивын талап етуді станцияға жет-кізу мақсатында қолдануға рұқсат етілмейді.

Тоқтап тұрып қалған поездың құрамы орналасқан жол пішінінің жағдайлары бойынша вагондарды бекітуге арналған қолда бар құралдар жеткіліксіз болған жағдайда локомотивты құрамнан ағытуға тыйым салы-нады. Қажет болған жағдайда қос жолды аралықтарда станция кезекшісіне комек жөнінде жазбаша талап етуді жеткізу үшін қарсы бағыттағы поездың локомотивтік бригадасын қолдануға рұқсат етіледі.

7.3. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поезын, өздігінен жүретін ар-найы жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивты жіберу жөніндегі талап етуді алғаннан кейін станция кезекшісі бұл жөнінде дереу түрде поезд диспетчеріне баяндайды. Телефон немесе радиобайланыс арқылы алынған галап ету поездар қозғалысының журналына жазылады.

7.4. Көмек көрсету туралы талап етуді алғаннан кейін поезд диспет-чі*рі бұл жөнінде дереу түрде тасымалдау бөлімшесінің кезекшісіне баян-дайды. Тасымалдау бөлімшесінің кезекшісі мен поезд диспетчері бірлесе о'і і.ірып аралықты шектейтін станциялардың қайсысынан көмек көрсетілуі

тиіс екендігі жөнінде және қажет болған жағдайда вагондар қай станцияға шығарылатындығын белгілейді.

Поездық радиобайланыс болған жағдайда поезд диспетчері көмек көрсетудің көзделген тәртібін (тікелей немесе станция кезекшісі арқылы) тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне хабарлауы тиіс.

Поезд диспетчері қалпына келтіруші, өрт сөндіруші және қосалқы локомотивтердің тездеп қозғалуын қамтамасыз етуге міндетті және тиісті мәліметтер болған жағдайда қалпына келтіруші (өртсөндіруші) поездпрдың бастықтарын поездарды жұмысқа даярлауы үшін оқиға болған жердегі жағдай жөнінде хабардар етуге міндетті.

7.5. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездары, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам және қосалқы локомотивтер қалған барлық поездар үшін жабылатын аралыққа барлық жағдайда осы Нұсқаулықтың 10.10-тармағында ескерілген тәртіп бойынша жөнелтіледі. Локомотивтың машинисіне қиғашынан қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы (ДУ-64 нысанындағы бланк 81-бетте келтірілген) беріледі. Онда талап ету негізінде және көмек қай жағынан (басынан ба соңынан ба) көрсетілуіне байланысты қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поезы немесе қосалқы локо-мотив жүріп баруы тиіс жері (километрі) көрсетілуі тиіс.

Егер көмек поездың соңынан көрсетілсе, көмек көрсету жөніндегі талап етуде көрсетілген километр поезд ұзындығының есебімен өзгертіледі.

Қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы ма-шиниске аралықтағы поездар қозғалысына кедергі болатын жердің жанынан уақытша қосын ашылған жағдайда да тапсырылады. Бұл ретте қалпына кел-тіруші, өрт сөндіруші поездары мен қосалқы локомотивтердің қозғалысы аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерінің қосын кезекшілерімен алдын ала келісуі бойынша орындалады.

Қосалқы локомотивтерді диспетчерлік орталықтандырумен жабдық-талған телімдерге жөнелту тәртібі осы Нұсқаулықтың 2.8-тармағында еске-рілген.

7.6. Көмек көрсету үшін аралыққа жөнелтілетін қалпына келтіру, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ма-шинисі қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында көрсетілген жерден екі километр бұрын жылдамдықты азайтуға бағытталған шараларды қолданып, ары қарай айрықша абайлықпен және кедергі кездесе қалған жағдайда дереу түрде тоқтауға дайын түрде жүруге міндетті.

Көмек талап етілген поезға немесе қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет (өртті сөндіру, құлаған жерді тазалау және т.б.) болған жерге дейін жетпей тұрып машинист поезды тоқтатып, ары қарай қалыпты түрдегі қозғалысты қалпына келтіруді басқаратын тұлғаның нұсқауымен әрекет етуі тиіс. Қосалқы локомотивтің машинисі тиісті жеріне келіп жеткеннен кейін өзінің әрекеттерін тоқтап тұрып қалған поездың ма-шинисімен келіседі.

7.7. Қалпына келтіру, өрт сөндіру поезының немесе қосалқы локомотивінің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның аралыққа

жөнелу уақыты, сонымен қатар аралықтан қайту уақытын станция кезек-шісі поездар қозғалысы журналында белгілеп, аралықты шектейтін іргелес станцияның кезекшісіне және поезд диспетчеріне дереу түрде хабарлауға міндетті.

7.8. Аралық немесе тиісті жол поездардың қозғалысында пайда болған кедергілерді жоюға қатысты жұмыстарға қатысқан жол шаруашылығының аға қызметкерінің (лауазымы бойынша жол шеберінен төмен емес) аралық бойынша поездар қозғалысын қалпына келтіру мүмкіндігі жөніндегі хабарландыруының (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы бе-рілген) негізінде поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша ашылады.

Түйіспелі тораптың зақымдануларының жойылғандығы жөніндегі ха-барландыруды энергодиспетчер қалпына келтіру жұмыстарын басқарған электрмен жабдықтау дистанциясы қызметкерінің хабарламасы негізінде береді.

Автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда, егер оның құрылғылары зақымдалған болса, поездардың автоматты блоктау бойынша қозғалуын ашу үшін поезд-диспетчері СОБ электрмеханигінен тиісті хабарландыру алуы тиіс.

Егер жылжымалы құрамның рельстен шығуы мен қайсыбір құрылғылардың зақымданулары болмаса, қосалқы локомотив машинисінің немесе көмек көрсету жұмысын басқарған қызметкердің жылжымалы құрамды шығару және аралықтың бос болғандығы жөніндегі баяндамасы-нан кейін қозғалыс ашылады.

Автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда аралықтың ти-істі жолы қосалқы локомотив машинисінің радилобайланыс арқылы тоқтап тұрып қалған поездың құрамының дұрыс жол бойынша шығарыла бастауы жөніндегі хабарландыруын алғаннан кейін ашылуы мүмкін.

7.9. Аралықта поезды ажыратқан жағдайда машинист төмендегілерді орындауға міндетті:

орын алған жағдай туралы радиобайланыс арқылы аралық бой-ынша жүретін поездардың машинистеріне, және аралықты шектейтін станциялардың кезекшілеріне дереу түрде хабарлауға, соңғылары бұл жөнінде дереу түрде поезд дисптечеріне баяндауға міндетті. Радиобайла-ныс болмаған жағдайда хабарландыру Техникалық пайдалану ережелерінің 16.43-тармағында белгіленген тәртіп бойынша, өзге байланыс түрлері бой-ынша беріледі,

машинистің көмекшісі арқылы құрамның жағдайы мен ажыратылған нпгондардың тіркемелі аспаптарының жағдайын тексеріп, және олар жа-рпмды болған жағдайда поездың құрамын тіркеуге міндетті. Құрамның.іжырап қалған бөліктерін бір-бірімен тіркеу үшін аса абайлықпен, вагон-/Хіір соғылысқан кезде жылдамдығы сағатына 3 км-ден аспайтындай шегін-діру керек;

зақымдалған тежегіш жеңдерін қосалқылармен немесе локомотивтың гоңғы вагоннан және алдыңғы біреуінен шешіліп алынғандарымен аимастыруға.

Поезд құрамының ажыратылған бөліктерін біріктіру жөніндегі әрекеттер 20 мин. одан да көп минут ішінде орындалмайтын болған барлық жағдайларда, локомотивтің машинисі поездың локомотивсіз қалған бөлігін тежегіш табандықтармен және қол тежегіштерімен бекітуге бағытталған шараларды қабылдауға міндетті.

Ажыратылған бөліктерін тіркестіргеннен кейін машинистің көмекшісі соңғы вагонның нөмірі мен онда поездың сигналы болуына орай құрамның толықтығына көз жеткізуі тиіс. Қозғалысты қалпына келтіру алдында қол те-жегіштері тежелген жағдайдан шығарылып, автотежегіштерді қысқартыл ған сынақтан өткізу жүргізіліп, вагондардың астынан тежегіш табандықтары алынуы тиіс.

7.10. Төмендегі жағдайлар орын алған жағдайда аралықта поездардың бөліктерін біріктіруге тыйым салынады:

а) тұман болғанда, боран соққанда және сигналдар дұрыс көрінбейтін өзге де қолайсыз жағдайларда;

б) егер ажыратылған бөлік 0,0025-тен төмен еңістікте орналасып тірке-ген кезде поезд қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытта кетуі мүмкін болса.

Айрықша жағдайларда құрамның ажыратылған бөлігімен тіркесу үшін соңында келе жатқан поездың локомотивы осы Нұсқаулықтың 7.22-тармағында ескерілген тәртіп бойынша қолданылуы мүмкін.

7.11. Егер поезды тіркеу мүмкін болмаса машинист өтінімінде поездың ажыратылған бөліктері арасындағы шамамен алынған арақашықтықты қосымша көрсете отырып осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген тәртіп бойынша қалпына келтіруші поезын немесе қосалқы локомотивты талап етуі тиіс.

осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген айрықша жағдайларда көмек көрсету жөніндегі жазбаша талап етуді станцияға жеткізу үшін поездық локомотив (вагондарымен немесе оларсыз) қолданылуы мүмкін. Аталмыш-темір жолдарындағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 7.5-тармағында ескерілген тәртіп бойынша белгіленуі тиіс.

Адамдары бар және 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер тиелген вагондары бар құрамдарды аралықта күзетусіз қалдыруға тыйым салынады.

7.12. Көмек көрсету туралы талап етумен станцияға бара жатқан локомотивтың машинисі төмендегілерді орындауға міндетті:

автоблоктаумен жабдықталған аралықтарға жол бағдаршамдарының көрсетулерін басшылыққа алуға;

жол қосындары (блок-қосындары) бар жартылай автоматты блоктау-мен жабдықталған аралықтардан жөнелу жолы бойындағы алғашқы блок-қосынға тоқтап, орын алған оқиға жөнінде поезд диспетчеріне хабарлауға. Блок-қосынның кезекшісі аталмыш локомотивты өту сигналының рұқсат етуші көрсетуі бойынша жөнелтеді, алайда жүріп өту жөніндегі блоктау сигналын бермейді. Аралықтағы қалған блок-қосындардың кезекшілері осы Нұсқаулықтың 3.17-тармағында ескерілген тәртіп бойынша әрекет етеді.

Электрбұздығандық жүйемен жабдықталған аралықтарда поезд құрамы қалдырылған аралықтың бұздығанын көмек көрсету туралы талап ету-мен станцияға келіп жеткен машинист станция кезекшісіне береді. Стан-ция кезекшісі аралық босап, қалыпты қозғалысты қалпына келтіргенше бұздығанды аппаратқа салынбаған күйінде сақтауы тиіс.

7.13. Аралықты жабу мен аралықта тоқтап тұрып қалған поезға көмек көрсету үшін локомотивты немесе поезды жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 7.5- тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады. Көмекті поездың соңынан көрсеткен кезде, егер соңғы бөлігінің орналасқан жері белгісіз болса, қосалқы локомотивтың (қалпына келтіруші поездың) машинисіне қиғашынан түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат қағазынан басқа, төмендегі ескерту беріледі:

«Аралықта ажыратылған вагондардың орналасқан жері белгісіз».

Аталмыш ескерту болған жағдайда көмек көрсететін локомотивтың ма-шинисі аралық бойынша аса абайлықпен және кедергі алдында дер кезінде тоқтауын қамтамасыз ететіндей жылдамдықпен жүруі тиіс.

Поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтару

7.14. Егер поезд аралыққа тоқтағаннан кейін ілгері қарай қозғалуын жалғастыра алмайтын болып оны жөнелту станциясына қайтару қажет болса, машинист жеке өзі бас кондуктор немесе локомотивтік бригаданың қызметкері арқылы бұл жөнінде (жазбаша түрде, телефон немесе радио-байланыс арқылы) станция кезекшісіне немесе поезд диспетчеріне хабар-лауы тиіс.

Аталмыш хабарландыруды алып поезд диспетчері аралықты (аралықтың тиісті жолын) жабады және поезды станцияға қайтару тәртібін белгілейді.

7.15. Әдетте, поездың аралықтан қайтуы қосалқы локомотивпен орын-далуы тиіс.

Айрықша жағдайларда тоқтап тұрып қалған поезд станцияның кіру сиг-налына дейін немесе «Станцияның шекарасы» деген сигналдық белгіге дейін шегіндірілген болуы тиіс. Поезды шегіндіру поезд диспетчерінің бұйрығымен аралықты (немесе жолды) барлық поездардың қозғалысы үшін жапқаннан кейін және тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне станция кезекшісінің төмендегі нысандағы тіркелетін бұйрығын тапсырғаннан кейін орындалады:

«... аралығы (немесе аралықтың жолы) барлық поездардың қозғалысы үшін жабық. №... поезын кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат еті-леді).

Date: 2015-09-02; view: 645; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию