Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз





Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.

Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

· қажетті желілік жабдықтардың құрамына

· желілік жабдықтардың сипаттамасына

· желіні ұлғайту мүмкіндігіне

· желіні басқару тәсіліне

Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

1) «Шина» – компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылға.

«Шина»топологиясыменқосылған компьютерлердің әсерлесуі. Сигналдарды жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды.Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады.Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл –желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана.Одан басқа да факторлар жеткілікті: желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы, компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі, жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері, желілік кабельдің типі, желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.

«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді.Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді.

Шина топологиясының ерекшеліктері:

· Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады.

· Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның жылдамығы төмендейді. Кабельдің істен шығуы көптеген қолданушылардың жұмысын тоқтатады, Проблемаларды тез шешу қиынға түседі.

2) «Жұлдызша»– компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады (1.4 - сурет)

«Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.

Жұлдызша топологиясының ерекшеліктері:

· Желіге жаңа компьютерлер қосу арқылы жеңіл модификациялауға болады, Бақылау мен басқару орталықтанған. Бір компьютердің істен шығуы желі жұмысына әсер етпейді.

· Орталық түйіннің істен шығуы желі жұмысын тоқтатады.

3) Анықтама. «Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға

тұйықталған.

«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.

«Сақина»топологиясында деректер маркердің көмегіменжіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар. Сақина топологиясының ерекшеліктері:

· Желідегі барлық компьютерлердің үстемдіктері бірдей. Қолданушылардың саны желі өнімділігіне әсер етпейді.

· Бір компьютердің істен шығуы желі ні түгелдей тоқтатады. Проблемаларды тез шешу қиынға түседі. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Құрама топология – «жұлдызша-шина» – «шина» және «жұлдызша» топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше «жұлдызша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызықты «шинамен» біріктірілуі

«Жұлдызша-сақина» топологиясының«жұлдызша-шина»топологиясынан айырмашылығы концентраторлар бас концентратордың негізінде жұлдызша құрайды


 

Date: 2015-09-02; view: 1940; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию