Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ерітінділердің жалпы сипаттамасы





Ж

Мақсаты: Ерітінділер туралы ұғымды, ерітінділердің концентрациясы, ерітінділердің анықтамасын, жіктелуін қарастыра отырып толығырақ түсіну.

Ерітінділер деп екі немесе одан да көп құрамдастардан тұратын қатты, сұйық немесе газ тәрізді гомогендік (біртекті) жүйелерді айтады. Көбінесе сұйық ерітінділер, ал оның ішінде еріткіші су болып келетін ерітінділердің іс жүзінде маңызы зор. Ерітінділер әр түрлі бөлшектердің жүзгіні түрінде және химиялық қосылыстардың аралық жағдайында болады. Олардың жай қоспалардан айырмашылығы ерітіндіні құрайтын молекулалар бүкіл көлемге бірдей таралады, ал химиялық қосылыстардан айырмашылығы - олар еселік қатынастар заңына бағынбайды,құрамы айнымалы болып келеді.

Еру процесі - бір заттың екінші бір затта тек механикалық түрде таралуы емес, еріген зат пен еріткіштің әрскеттесуімен сипатталатын күрделі процесс. Кей жағдайларда еру процесі жылу шығара жүреді. Ол еріткіш пен еріген заттың әрекеттесуін көрсетеді. Осы әрекеттесудің нәтижесінде түзілген зат, жалпы алғанда, сольваттар, егер еріткіш су болса, гидраттар деп аталады. Кей жағдайда оларды ерітінділерден бөліп алуға болады.Олай болса, ерітінді-екі немесе одан да көп заттардың тек біртекті қоспасы емес, олардың әрекеттесу өнімдері. Сонымен, еру процесінде химиялық та,физикалық та факторлар әсері болады.Егер зат сұйықтықта ерісе, онда мөлшері көп сұйықтықты еріткіш деп қарастырады. Егер газ немесе қатты заттар сұйықтықта ерісе, олардың мөлшеріне байланыссыз еріткіші сұйықтық болады.

Ерітіндінің ең негізгі сипаттамасы - оның сапалық және сандық құрамы.

Ерітіндінің белгілі бір мөлшелеріндегі еріген заттың мөлшерін ерітіндінің қоюлығы (концентрациясы) деп атайды. Егер еріген заттың мөлшерін ерітінді немесе еріткіштің белгілі бір массасына шағып есептесе, онда салмақтық қоюлық, егер көлемге шағып есептесе, көлемдік қоюлық деп атайды. Қоюлықты анықтаудың мынадай тәсілдері бар:

1) салмақтық үлес (А) - ерітіндінің бірлік массасындағы еріген

заттың массасы (аi): А = аi / аi;

2) салмақтық пайыз Рi - ерітіндінің 100 бірліктегі еріген заттың

массасы: Рi = 100Аi

3) мольдік үлес Хi - 1 моль ерітіндідегі берілген құрамдастың

моль саны ni яғни: Хi = ni / ni мұндағы ni = n1 + п2 + n3 + ...nk -

ерітіндінің барлық құрамдастардың мольдер саны;

4) құрамдастың мольдік пайызы: Вi = 100Хi;

5) ерітіндінің нормальдылығы (қалыптылығы): N = ni / V;

мұндағы N - нормальдылық, ni - еріген заттың грамм-

эквиваленті, V - ерітіндінің литрмен өлшенген көлемі.

6) ерітіндінің молярлығы: М = mi / V (mi - еріген заттың

мольінің саны);

7) мольдік қатынас (ri) - еріген заттың мольінің санын басқа

құрамдас бөліктің (көбінесе еріткіштің) 1 мольіне қатынасы: ri =

ni/п0, мұндағы ni және n0 - еріген зат пен еріткіштің мольдерінің

саны;

8) молярлылық (m) - 1000 г еріткіштің ішіндегі еріген заттың

моль саны: т =1000 ni / п0 ·м0 мұндағы п0 және м0 - еріткіштің моль

саны мен молекулалық массасы;

9) ерітіндінің титрі - 1 см3 (1 мл) ерітіндідегі еріген заттың

граммен алынған концентрациясы (қоюлығы).

Ерітіндінің қоюлығы басқа да шамалармен сипатталады.Алайда біз жоғарыда ең көп тараған тәсілдерін көрсеттік. Шешетін мәселеге байланысты жоғарыда көрсетілген сипаттамалардың ыңғайлысын ғана алу керек. Олардың бірінен екіншісіне ауысуы өте оңай және олар аса сұйылтылған ерітінділерде бір-біріне пропорционал шамалар.

 

 








Date: 2015-09-02; view: 616; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию