Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пәнге берілген қысқаша сипаттама





Оқу бағдарлама бойынша «Мектепке дейінгі арнайы педагогика» курсы «Дефектология» бөлімінің 4 курс студенттеріне арналған. Бұл «Дефектология» мамандығы бойынша пәндерінің негізгі курсы болып саналады. «Мектепке дейінгі арнайы педагогика» курстың ішінде мектепке дейінгі сөйлеу тілі зақымдалған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Қазіргі уақытта ҚР - ғы негіздеме мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі жалпы мектепке дейінгі мекемелердің міндеттерімен бірге арнайы міндеттерді шешеді, ол баланың танымдық және тұлғалық дамуына түзету жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай құрады.

Берілген бағдарлама қазіргі уақытта жұмыс істейтін арнайы оқыту жүйесімен, оны қажет ететін балалардың оқыту және тәрбиелеуде мектепке дейінгі және мектепте, коррекциялық сыныптарда жұмыс істейтін дефектологтардың жұмысымен таныстырады.

Осы курста оқу курсының объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері анықталған, коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары және мазмұны, мәні сипатталған, түрлі психофизиологиялық ауытқулары бар балалардың ерекшеліктері аталған.

Бұндай таныстыру процесінде студенттерге барлық бала дамитынын (кемістігіне қарамастан) және ерте танымдық және тұлғалық дамуын түзеу және балаға жекелей келу аса қолайлы компенсацияны жүзеге асырады.

Пәннің мақсаты:

Студенттерде әртүрлі ауытқулары бар балалар топтары туралы түсініктер қалыптастыру; дефектологияның қәзіргі кездегі мәселелерімен, даму тенденцияларымен таныстыру.

Курстың міндеттері:

1. Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты, мазмұны;

2. мектепке дейінгі арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері;

3. жалпы тіл кемістігі туралы;

4. мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелеріндегі дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

5. арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесімен таныстыру;

6. арнайы педагогиканың Казақстан Республикасындағы және әлеуметтегі даму тенденцияларымен және қазіргі кездегі мәселелермен таныстыру. Алған білімдер жүйесі студенттерді таңдаған мамандықпен толық таныстырып және де мұғалім-дефектолог өз жұмысында қандай балалармен жұмыс істейтіндігі туралы білім береді. Сонымен, ұсынған курс студенттерде келесі білімдерді қалыптастыру керек:

- әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларды топтастыру туралы білімдер;

- мүмкіншіліктері шектеулі балалармен арнайы мекемелерде жұмыс істеу бағыттары туралы.

Және де студенттер оқу барысында келесі дағдыларды менгеру керек: әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беру.

Берілген пән бойынша студенттер төмендегі білім, дағды, іскерліктерді меңгерулері керек:

- мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты, мазмұнын;

- мектепке дейінгі арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістерін;

- жалпы тіл кемістігі туралы мағұлмат алу;

- мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелеріндегі дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

- әртүрлі ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруді меңгереді.

Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:

а) түйінді құзіреттілік

· мектепке дейінгі арнайы педагогика пәнін кәсіби деңгейде меңгеруі;

· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.

б) пәндік құзіреттілік

· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;

· мектепке дейінгі арнайы педагогика пәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.

в) арнайы құзіреттілік

· мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелерінде нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;

· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;

· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;

· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.

 

 

Date: 2015-09-02; view: 1749; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию