Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адам Смит экономикалық жаңалықтары саяси ойға ықпалы





Экономикалық ілімді біріктіріп бір ғылым жүйесінде топтастырушы Адам Смит (1723-1790) болып табылады. Ол Шотландияда шенеуніктің жанұясында дүниеге келді. 1740 ж. Глазго қаласындағы университетті тамамдап, өзінің білімін әрі қарай жетілдіру үшін Оксфорт университетіне оқуға түсті. Философия, әдебиет, тарих, физика, математика пәндерімен айналысты. Ол 28 жасында Глазго университетінің философия және мораль пәндерінің профессоры болды. 1764 ж. Францияға келіп, мұнда Дидро, Кенэ, Тюрго сияқты атақты адамдар мен кездесті. 1759ж. жарияланған А.Смиттің «Моральдық сезім теориясы» деген еңбегі, оның атағын шығарды. Смит 1778ж. Эденбург қаласының кеден комиссары қызметін атқарды, ал 1787ж. Глазго университетінің ректоры болды.

А.Смит өзіне дейінгі экономикалық ой-пікірлерді бір жүйеге келтіріп, ғылыми талдау жасады. Оған өзінің ұстанған және ұсынған методологиясы тірек болды. А. Смит классикалық саяси экономия методологиясын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан адам. Ғылым ретінде саяси экономия екі мәселені шешуі тиіс: экономикалық шындықты объективті талдап, оның даму заңдылығын ашу (позитивтік жағы), мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаты үшін нақты ұсыныстар беру (нормативтік жағы). Оның тағы бір жаңалығы - логикалық абстракцияны одан әрі дамытып, тереңдетті.

А. Смит экономиканы зерттеу барысында ең басты, негізгі, заңды анықтауші белгілерді атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай элементерден ойды алшақтатты. Осылай А. Смит құбылыстардың ішкі байланыстарын, сырт қарағанда көрінбейтін ішкі заңдылықтарды көргісі, ашқысы келіп талпынды.

А.Смиттің экономикалық жүйесі екі жақты қайшылықта болды. Бір жағынан, ол экономикалық категориялардың ішкі заңдылықтарын, байланыстарын ашуға тырысса, екінші жағынан, құбылыстарға бәсекенің әсерін, ықпалын талдап, адамдардың оларды түсінбейтініне сенді. Оның ойынша, адам өндіріспен айналысып, тек соны ғана ойлайды.

А.Смит еңбек бөлінісінің айырбас пен ақшаның теориялық мәселелерін терең зерттеген адам. Ол мануфактура ісіндегі, қоғамдағы және түрлі кәсіпорындар мен шаруашылық салаларының арасындағы еңбек бөлінісінің ерекшеліктерін ашты. Еңбек – байлықтың көзі дегенге қосыла отырып, қоғамды еңбек одағы, сауда одағы деп тың ойлар айтты. Мануфактуралық еңбек бөлінісі мамандануды көрсетіп жай айырбасқа, ал қоғамдық еңбек бөлінісі сатып алуды, сатуды қажет етеді деп көрсетті.

А.Смит өзінің экономикалық ілімінде капитал туралы, оның құрылымы, қорлануы, қоғамдық капитал, ұдайы өндіріс мәселелеріне ерекше тоқталады. Бір жағынан, Смит капиталды жалдамалы еңбек арқылы жасалатын құн дейді. Екінші жағынан, капиталды заттардың қоры, өндіріс құрал - жабдықтарының жиынтығы деп көрсетеді.

 

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: конфуцийшылдық, полис, монархия, аристократия, тимократия, полития, олигархия, тирания, охлократия, демократия, республика, утопия, марксизм, топтық күрес.

 

 

2 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

Date: 2015-08-24; view: 2745; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию