Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кальций глюконат





1 кезен Дұрыс жауаптар эталоны

1. Заттың органикалық табиғатын анықтадым және кальций қосылыстарын көрсеттім. (неорганикалық заттарға қарағанда шаншу кезінде - жанып кетеді, сыртқы түрін өзгертіп, күл түзеді)

2. Алифатты карбон қышқылының туындысы екені анықталды. Глюкон қышқылының кальций тұзы.

Calcii gluconas

3. Ұнтақ, 10 % инъекцияға арналған ерітінді, таблеткалар 0,5 г-нан. Балалар практикасында таблеткалар 0,25 г-нан және 5 % жемісті шәрбәт ерітіндісі түрінде шығарылады. Қолданылуы аталды: аллергияға қарсы, гемостатикалық, капилляр өткізгіштігін төмендетеді, кальций ионының көзі.

4. Иіссіз, түссіз кристалды және түйіршікті ақ түсті ұнтақ.

5. Қайнаған суда жақсы ериді, ал суда қиын ериді.

6. Спиртте ерімейді.

2 кезен Дұрыс жауаптар эталоны

1. Кальций ионына сапалық реакция жүргізді: 1 мл кальций глюконат ерітіндісіне (0,002-0,02г кальций ионы) 1 мл аммоний оксалат ерітіндісін қосты. Реакция нәтижесінде алынған ақ тұнба сірке қышқылы мен аммиак ерітіндісінде ерімейді, сұйылтылған минералды қышқылда жақсы ериді.

2. ҚР МФ бойынша идентификация әдісін дұрыс көрсетті: жұқа қабатты хроматография әдісін қолданылады, силикагель G P жұқа қабатын қолдана отырып.

3. Кальций тұзын хлорсутек қышқылымен ылғалдандырып, жалында ұстағанда, қызыл кірпіш түске аусқан бояу байқалады.

4. 1, 2 мл тамшуыр, сынауықтарды, қол таразыларын, бюксты алды. аммоний оксалат, темір хлориді тотығын, аммиак, хлорсутек қышқылы, күкірт қышқылы ерітінділерін алды.

5. Глюконат ионына сапалық реакция жүргізді: 5 мл (1:50) ерітінді 2 тамшы темір хлориді тотығымен ашық жасыл түс береді. Тұз суда ерімейді.

6. Кальций және глюконат ионы бейтарап ортада анықталатынын көрсетті.

3 кезен Дұрыс жауаптар эталоны

1. 2 г препаратты 20 мл тазартылған суда ерітті. 5 минут қайнатылған ерітіндіні компоратардағы тазартылған сумен салыстырды. Ерітінді мөлдір, егер көзбен қарағанда ерімеген бөлшектер болмаса.

Қышқылдығы мен сілтілілігін анықтады: 0,5 г препаратты қыздыра отырып 25 мл жаңа қайнатылған суда ерітеді; ерітінді бейтарап болу керек (лакмус ерітіндісі).

2. Рұқсат етілмеген қоспаларды көрсетті – декстрин, сахароза: 0,5 г субстанцияны 2 мл хлорсутек қышқылы және 10 мл су ерітіндісі қоспасында ерітті. 5 минуттай қайнатамыз. Сосын суытып, 10 мл натрий карбонат ерітіндісін қосып, ұстау. Сосын суды 25 мл-ге дейін жеткізіп құяды және сүзгілейді. 5 мл сүзілген ерітіндіге 2 мл мысты-тартратты ерітінді қосып 1 минуттай қайнатады, қызыл тұнба түзбеу керек.

3. Кальций глюконатты сандық анықтау әдісін көрсетті – комплексонометрия. 0.05 М титрант ерітіндісін натрий эдетатын, индикаторын алды. Алынған өлшенген 0,4 г затты қыздыра отырып ерітті. Әдіс бойынша реактивтерді қосу ретін қатаң сақтау керек: нақты өлшемді 25 мл тазартылған суда ерітеді және 5 мл аммиакты буфер ерітіндісі қосылады, 7 тамшы қара көк қышқылды хром қосып, 0,05 М натрий эдедат ерітіндісімен көк күлгін түске дейін титрленеді.

Ерітіндіні қара көк түске дейін титрленетінін көрсетті. Препараттың мөлшері кем дегенде 98.5 % және 102.0 % аспау керек.

4. Аммиакты-буферлі ерітіндіні қосты. Титрленетін ерітінді рН 9.5-10 көрсеттім.

5. рН 7.0-11.0 арнайы сілтілі ерітіндіде металлдың эриохром қарамен комплекс түзуін көрсеттім.

6. Белгілі бір уақытта индикатор ерітіндісі аздап тұрақты болатынын көрсетті.

4 кезен Дұрыс жауаптар эталоны

1. Э=М.М.

2. Т= 0.02242 г/мл

3. Препараттағы дәрілік заттың пайыздық мөлшері (Х):

Х(%)= V*Т*100* Kn / а=100,89 %

мұнда V – дәрілік затты титрлеуге кеткен титрленген ерітінді саны, мл;

Т - титр, еріген заттың мөлшері, 1 мл титрленген ерітіндіге сәйкес, г/мл;

а – талдауға алынған өлшенген ұнтақ, г;

Kn - түзету коэффициенті.

4. Инъекцияға арналған ерітіндідегі дәрілік заттың мөлшері, (Х) 1 мл-ге сәйкес. Х (г)= V*Т*Kn*1 / а,

мұнда а – зерттелетін ерітінді көлемі, мл;

V – затты титрлеуге кеткен титрленген ерітінді мөлшері, мл;

Т- титр, еріген заттың мөлшері, 1 мл титрленген ерітіндіге сәйкес, г/мл.

Kn - түзету коэффициенті.

 

5. 10 % инъекцияға арналған 1 мл ерітіндегі кальций глюконаттың шекті мөлшері 0,0106-0,0112 г.

5 кезен Дұрыс жауаптар эталоны

1. 10 ампуланы картоннан жасалған ГОСТ 7933-75 бойынша А маркалы қорапқа салынады. Қораптарға ТУ 64-1-994-80 бойынша ампулалы скарификатор немесе ТУ 400-6-169-85 бойынша ампулалы пышақ салынады.

2. Әр ампулаға бояумен ТУ 788-86 бойынша тез бекітілетін терең мөрлеу әдісімен препараттың мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы, ерітінді концентрациясы %-бен, көлемі мл-мен, серия нөмірі және жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

3. Тасымалдау ОСТ 64-034-87 және ГОСТ 17768-80 бойынша жүргізіледі.

4. 5 және 10 мл ерітінді, жарамдылық мерзімі жарықтан қорғалған жерде 2 жыл.

 

Date: 2015-08-24; view: 877; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию