Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неврология (ЖТД) каз. Комадағы Глазго шкаласы келесі критерийлер бойынша баға береді:





 

Комадағы Глазго шкаласы келесі критерийлер бойынша баға береді:

A) Көздерді ашу, қозғалу реакциялары

B) Қозғалу реакциялары, сөздік жауап

C) Көздерді ашу, сезімталдыққа проба, сөздік жауап

+D) Көздерді ашу, қозғалу реакциялары, сөздік жауап

E) Көздерді ашу, мишық сынамалары, сөздік жауап

 

Қабылдау бөліміне туыстарымен 37 жастағы науқас ессіз жағдайда келіп түсті. Айтулары бойынша, көп жыл бойы ішімдікті шамадан тыс қолданады, бүгін бір сағат көлемінде науқаста 5 эпиұстама болған, науқас есін жинамаған.

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

A) Неврологиялықбөлімшеге госпитализация

B) Психиатриялықбөлімшегегоспитализация

+C) ПИТ- ке госпитализация

D) Нейрохирургиялықбөлімшегегоспитализация

E) Наркологиялық бөлімшегегоспитализация

 

Науқаста оң жаққа қарағанда горизонтальды нистагм, оң жақта мұрын саусақ сынамасында интенционды тремор, мегалография, скандирленген сөйлеу. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

A) Мишық құртшасының оң жақ бөлігінде

B) Мишық құртшасының сол жақ бөлігінде

+C) Мишықтың оң жақ жарты шарында

D) Мишықтың сол жақ жарты шарында

E) Ішкі капсулада

 

Науқас П.,56 жаста,тракторист, сол жақ қолға берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға шағымданады.Анамнезінде:мойын аймағындағы ауырсыну 3 жыл бойы мазалаған.Соңғы 3 айда жағдайы нашарлаған.Ауырсыну сол жақ қолға беріліп,басын қозғалтқанда ауырсыну күшейген.Қарап тексергенде:С2-С3 омыртқаларының қылқанды өсінділерінің ауырсынуы,корпорадиальды рефлекс төмендеген,иықтың алдыңғы сызығы бойынша жолақ түріндегі гипестезия,шынтаққа және 5 саусаққа дейін созылған.Клиникалық диагноз қойыңыз:

+A) Мойындық остеохондроз,C8 түбіршелік синдром

B) Мойындық остеохондроз,C6 түбіршелік синдром

C) Мойындық остеохондроз,кіші кеуде бұлшықеттік синдромы

D) Мойындық остеохондроз, иықжауырындық периартроз

E) Мойындық остеохондроз,алдыңғы сатылы бұлшықеттік синдром

 

Науқас, 50 жас,беттің оң жақ бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсыну шағымымен келіп түсті.Ауырсыну кенеттен пайда болады және өткір,кеселіген тәрізді сипатта,10-15 секундқа созылады.Ауырсыну ұстамасы сөйлеу,шайнау және жұтыну кезінде пайда болады.Ауырсыну ұстамасы кезінде бетін тері жабындыларының қызаруымен мимикалық бұлшықеттерінің спазмы байқалады.Ұстамадан тыс уақытта инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы,оң жақ жоғарғы жақ аймағының гиперстезиясы.Науқасқа қандай топтағы препаратты тағайындау керек және неге?

A) Антибиотиктер, қабынуға байланысты

B) Антиоксиданттар,ишемия аймағы бар

C) Тырысуға қарсы препараттар,эпиприпадканың болуына жоғары мүмкіндік

+D) Тырысуға қарсы препараттар,невропатиялық ауырсыну орыны бар

E) Спазмолитиктер,негізгі патогенезі спазмға байланысты болуы

 

Науқас 20 жаста, стационарға аяқтарының әлсіздігіне, көруідің нашарлауына - кітап оқығанда әріптер екі еселенеді, оң жақ бетінің ұйып қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі ЖРВИ. Обьективті: есі анық, контактіге түседі. БМН: қарашық OD=OS, фотореакциялар сақталған,көзин сыртқа қарауды өтингенде екі жақтада мұрынға қарай бағытталу анықталмайды, аккомодация мен конвергенция бұзылмаған, оң жақта горизонтальды крупноразмашистый нистагм. Оң жақ бет бөлігінде сезімталдық төмендеген. Аяқтарындағы бұлшықет күші 3 балл, тонустары төмендеген, қолдарында- анықталады D=S, аяқтарында- жоғары. Екі жақтан да Бабинский, Россолимо, Шеффер симптомдары оң. Аяқтарында терең сезімталдық төмендеген. Абдоминальды рефлекстер-анықталмайды. Ромберг кейпінде аздап теңселу. Классификациясы бойынша диагнозын анықтаңыз.

+A) Шашыранды склероз,ремиссия ағымы, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

B) Шашыранды склероз, интермиттирленген ағымда, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

C) Шашыранды склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

D) Шашыранды склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, терең спастикалық парапарез.

E) Шашыранды склероз, прогрессирленген ағым, артқы монокулярлы интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

 

Шашыранды склерозбен ауыратын науқаста жұлын-ми сұйықтығының көріністері?

A) Жасушалы-ақуызды диссоциация

+B) Гамма глобулиндер деңгейінің жоғарлауы

C) Нейтрофильді плеоцитоз

D) Лимфоцитарлы плеоцитоз

E) Лайлы

 

25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:

A) Менингококкты менингит

B) Пневмококкты менингит

C) Іріңді менингит

+D) Серозды менингит

E) Ревматикалық менингит

 

Науқаста келесі симптомдар байқалады: бұлшықет тонусының төмендеуі, еркінен тыс ретсіз қозғалыстар, бір бірімен алмасып отыратын. Науқас бірде көзін жұмады, бірде тілін шығарады, бірде қолын лақтырады, бірде жұлқынады, түрін бұзады, бұл тән:

A) Тик

B) Паркинсонизм

C) Атетоз

+D) Хорея

E) Гемибаллизм

 

3 жастағы балада тексеру барысында аяқтары тізе буынында жазылған, бүгілуі қиындаған, жүру кезінде аяқтары айқасады, сіңір рефлекстрі жоғарылаған. Осы науқастың жүрісі қай патологиялық жүріске жатқызылады және неліктен?

A) Штамптелген, терең сезімталдықтың жоғалу салдарынан вследствие выпадения глубокой чувствительности

B) Гемипаретикалық, сол жақтан бұлшық ет күшінің әлсіреуінен

C) Қуыршақ жүрісі, дофамин жеткіліксіздігінен

D) Атактиялық, мишықтың зақымдану салдарынан

+E) Спастико-паретикалық, аяқ бұлшықетінің тонусының жоғары болу салдарынан

 

Науқас 23 жаста, аяқ-қолдарының әлсіздігіне, қол білезіктері және табандары ұйуына, жүргенде теңселетініне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Тексергенде аяқ қолдарының бұлшықет тонустары төмендеген, білезік және табан бұлшықет күштері 1 баллға дейін төмендеген, «шұлық және қолғап» тәрізді сезімталдықтың төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері анықталмайды, аяқ қолдарының терісі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок- 20 гр/л. Қандай ем тағайындаймыз және не себепті?

A) Церебролизин, себебі ишемия

B) Прозерин, себебі аутоиммунды процесс

C) Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

D) Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

+E) Плазмаферез, себебі аутоиммунды процесс.

 

Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?

A) Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

B) Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

C) Левомецитиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

+D) Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

E) Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

 

 

Date: 2015-08-24; view: 1082; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию