Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БМСҚО жағдайында дерматовенерология





 

Науқас М., 22 жаста, бет терісінде шекарасы анық эритема байқалады, оның фонында түктелі папулезды-везикулезды бөртпелер орналасқан. Субьективті: қышу, ашу. Анамнезінен: сырқат ағартатын крем қолданғаннан кейін пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Қарапайым контактылы дерматит

В) Шынайы экзема

+С) Аллергиялық контактылы дерматит

D) Қарапайым көпіршікті теміреткі

Е) Жіті есекжем

 

Ер адам В., 62 жаста, санының алдыңғы бетінің үштен бір бөлігінде дұрыс емес формалы, қызыл түсті, алақан көлеміндей эпидермистің мүйізді қабатының қопарылып түсуімен көрінетін бахрома тәрізді анық шекаралы ошақ орналасқан. Ошақта сулану, іріңді-геморрагиялық және серозды-іріңді қабыршақтар байқалады, ошақ периферниясында ұсақ пустула түріндегі себілулер орналасқан. Маңайындағы тері өзгермеген. Субьективті айқын қышу мазалайды. 1-5 ай бұрын жара орнында пайда болған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

+А) Микробты экзема, жіті ағым, паратравматикалық

В) Шынайы экзема, жітілеу ағым, нуммулярлы

С) Микробты экзема, жіті ағым, варикозды

D) Микробты экзема, жітілеу ағым, сикозиформды

Е) Шынайы экзема, жіті ағым, интертригинозды

 

Ұл бала Н., 11 жаста, цитрусты тағамдарды қабылдағаннан кейін дене және қол терісінде жайылған бөртпелер пайда болды. Бөртпе элементтері жастықша тәрізді, тері беткейінен жоғары, әр түрлі көлемді, дұрыс емес формалы, ақшыл-қызыл түсті, ортасында күңгірт реңді, перифериясында – айқын емес шекаралы қызғылт жиекті. Бөртпелер 2 сағаттан соң жоғалып кетті. Субьективті: қатты қышу, қызыл дермографизм. Сіздің диагнозыңыз?

А) Тері қышуы

+В) Жіті есекжем

С) Ересектер қышымасы

D) Қышыма

Е) Жайылмалы токсикодермия

 

Науқас С, 14 жаста, нәресте кезіне ауырады, сырқат ағымы созылмалы, рецидивирлеуші, күз-қыс кезеңінде үдей түседі. Көптеген дәрілік заттардың, өсімдіктердің аллергендерін азық түлік көтере алмаушылық бар. Қатты қышу, көбінесе шынтақ бүгіндісінің, білезік буындарының, тізе асты шұңқырының, мойынның бүйір беткейінің, бетінің зақымдалуы байқалады, зақымдалу ошағында ұсақ папулалар, лихенификация, экскориация, қабыршақтану, эритемалар орналасқан. Мүмкін болатын диагноз?

А) Балалар экземасы, жіті фаза, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

В) Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, экссудативті форма

+С) Атопиялық дерматит, жіті фазалы, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

D) Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, лихеноидты форма

Е) Шынайы экзема, жіті фаза, пруригинозды форма

 

Науқас И., 18 жаста, иықтың бүккіш беткейінде және сегізкөз аймағында полигоналді, папуласы күрең түсті, кейбір элементтердің ортасы төмен түскен, қырынан жарық түсіргенде балауыз тәрізді жылтырау бар, қатты қышу мазалайды. Бет терісінің шырышты қабатында ақшыл-сұрғылт түсті шілтерге ұқсас торлы бөртпелер байқалады.

Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

А) Қызыл жалпақ теміреткі, гипертрофиялық форма

+В) Қызыл жалпақ теміреткі, типті форма

D) Қызыл жалпақ теміреткі, атрофиялық форма

С) Қызыл жалпақ теміреткі, атипті форма

Е) Қызыл жалпақ теміреткі, фолликулярлы форма

 

Бала Н., 4 жаста, бала бақшаға барады, жанұялық дәрігермен қарау кезінде бет терісінде бірнеше, диаметрі 3 мм дейін, болбыр қақпағымен және мөлдір емес сұйықтығы бар көпіршіктер және жұқа сұрғылт қабыршақтар байқалды. Осы сияқты бөртпелер осы топтағы бірнеше балада табылған. Болжам диагнозды таңдаңыз?

А) Дөрекі импетиго

В) Стафилококкты импетиго

+С) Стрептококкты импетиго

D) Герпетиформды импетиго

Е) Жарық тәрізі (щелевидное) импетиго

 

Ішкі аурулар (ЖДТ)

Науқас 52 жаста тәулігіне 50 мл дейін шырышты-іріңді аралас қақырықты жөтелмазалайды, дене температурасы 38°С дейін жоғарылаған, ентігу. Алғаш рет 5 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың асқынуы жылына 3-4ретке дейін жиілеген. Өкпеде әлсіреген тыныс, барлық өкпе алаңында құрғақ және ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз?

А) Пневмония

В) Өкпе туберкулез

С) Бронхоэктаз ауруы

D) Өкпе саркоидозы

+Е) ӨСОБ

 

Науқас К., 28 жас, парикмахер, жалпы әлсіздікке, қалтырауға, қақырық аралас жотелге, демалу кезінде сол жақ кеуде қуысының ауырсынуына шағымданып клиникаға түсті. Госпитализациялау алдында 3 күн бұрын суықтанудан ауырған. Жағдайы ауыр, температура 39С дейін, АҚ 90/50 мм.сын.бағ., пульс – 100 рет минутына. Перкусия – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің тұйық дыбысы,сол жерде әлсіз тыныс. Қанда - НВ-128г/л, ЭР-4.4*1012 г/л, лейкоциттер – 7000, т/я – 16%, ЭТ Ж – 25 мм/сағ. Қанның стерильдігіне себу жасалынды. Қақырықты бактериологиялық зерттеуге алынды. Рентгенологиялық – төменгі бөлігінің полисегментарлы инфильтрациясы. Сіздің диагнозыңыз?

А) Крупозды пневмония

В) Микоплазменді пневмония

+С) Стафилококтік пневмония

D) Өкпе туберкулез

Е) Өкпе абсцессі

 

Науқаста БХҚА:жалпы билирубин – 26 ммоль/л, конъюгирленген 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, АЛТ белсенділігі 560 ммоль/л, сілтілі фосфатазы белсенділігі 1,4ммоль/л. Бұл өзгерістер қандай синдромға сәйкес келеді:

+А) Цитолитиалық синдром

В) Астеновегетативті синдром

С) Сарғаю, холестаз

D) Портальды гипертензия

Е) Гиперспленизмсиндром

 

Науқас К.,35 жаста 2 апта бойы эпигастрий аймағындағы «түнгі» және «аштық» ауырсынумен ауруханаға түсті. Эндоскопиялық зерттеуде бірінші рет 12 елі ішектіңалдыңғы қабырғасының 1,2 см жарасы анықталды. Биопта Helicobacter pylori табылды. Тиімді емдік сызбаны таңданыз?

+А) Протонды помпингибиторы+ампициллин + кларитромицин

В) Протонды помп ингибиторы+ метронидазол + ампициллин

С) Н2-гистаминоблокатор + висмут субсалицилаты+тетрациклин

D) Протонды помп ингибиторы+висмут

Е) Cубсалицилат+тетрациклин+метронидазол

 

Простата аденомасы фонында бронхиалды демікпемен ауыратын науқасқа тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препарат тағайындауға болмайды.

+А) Атровент

В) Эуфиллин

С) Астмопент

D) Теофиллин

Е) Сальбутамол

 

Науқас 40жас, эссенциальды артериалды гипертензия 3 сатысы, қауіп тобы 4 (ГЛЖ, ретинопатия,қант диабеті). Емдеу жоспарына қосуға болмайды.

+А) Обзидан

В) Капотен

С) Амлодипин

D) Индапамид

Е) Празозин

 

Науқас 55 жаста жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну пайда болған, физикалық күш түсуге байланыссыз, бірақ нитроглицерин қабылдағанан кейін басылады. Ол тағыда аяқтың көк тамырдың варикозымен ауырады. АҚ 160/90 мм.сын.бағ. дейін көтеріледі. ЭКГ- да 12 стандартты әкетулерде спецификалық өзгерістер жоқ. Келесі диагностикалық зерттеуі қайсысы?

А) Велоэргометрия

В) Обзиданмен сынақ

+С) Тәуліктік мониторирлеу

D) Коронароангиография

Е) Қандағы фермент көлемін анықтау

 

Науқас Р., 45 жаста, 10 жыл бойы СГН нұсқалы артериальды гипертензиямен зардап шегеді, Кокрофта-Гоулта 35 мл/мин. СБА сатысын аңықтаңыз.

А) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА1сат.

В) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА2сат.

+С) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА3сат

D) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА4сат.

Е) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА5сат

 

Науқас 53 жаста жүрек тұсының қысып, табан саусақтарынын дірілдеуіне, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Обьективті: плеторлық синдром. Жүрек тоны тұйық, дұрыс ырғақ, ЖСЖ 74 рет/мин, АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Бауыры-қабырға доғасы бойынша, ауырсынусыз, жұмсақ эластикалық-тығыздықта; көкбауыр 8 х 6 см. ЖҚА: эр.-5,0 млн., Нв-165 г/л, ЦП-0,9, лейк.-9,3 мың., таяқ.-7%, сегм.-60%, эоз.-4%, лимф.-25%, мон.-4%, тромб.-400 мың., ЭТЖ-15 мм/сағ. Ең тиімді әдісі болып:

+А) Қан құю + дезагрегант

В) Дезагрегант + жаңа мұздатылған плазма

D) Дезагрегант + хлорбутин

С) Дезагрегант + алкеран

Е) Дезагрегант + гепарин

 

Ер адам 45 жаста қалыпты дене салмағымен отбасылық дәрігерге 2 типті ҚД байланысты келді. Диетамен емделу нәтижелі болмады, аш қарында гликемия 10 - 15 ммоль/л. Зәрінде ққант жоқ. Төменде көрсетілген қай препарат тиімді болып табылады.

А) Интенсифицирленген инсулинотерапия

В) Сульфанилмочевинпрепараттары + бигуанидтер.

+С) Сульфонилмочевинпрепараттары және инсулин

D) 10 ЕД инсулин семилент

Е) Еміне бигуанидтерді қосу

 

Науқас 19 жаста қызба, анасарка түрдегі ісік, олигурия, терісінде уртикарлы бөртпе. 3 айдан бері ауырады. Зәрінде белок 3,3 г/л, көп мөлшерде эритроцит және белок, қанда мочевина25 ммоль/л. АҚ 200/120 мм сын.бағ. Бүйрек биопсиясы – капилляр қабырғасының қалыңдауы, базальды мембранасының дистрофиясы. Көрсетілген симптомды-комплекске нақты себепкерді көрсет.

А) Түйінді периартрит.

+В) Жүйелі қызыл жегі

C) Біріншілік гломерулонефрит.

D) Пиелонефрит.

E) Бүйрек ісігі

 

Әйел 50 жаста артық дене салмақ, аш қарында екі ретгликемия мөлшері жоғарылаған 6,9 и 7,2 ммоль/л. Төмендегі диагноздың қайсысы нақтырақ.

А) Семіздік

В) Қант диабет 1 тип.

+С) қант диабет 2 тип

D) Аш қарында гликемия бқзылысы.

Е) Глюкозаға толеранттылық бұзылысы

 

Жалпы тәжірбелік дәрігер қабылдауында бойы 160 см және салмағы 84 кг 49 жастағы әйел адам, аш қарында глюкозаның жоғарылауын 6,9 ммоль/л байқаған. Бұл жағдайда диагностикалық тактикаңыз.

А) Аш қарынға гликемияны қайтадан анықтау

+В) 75 г глюкозамен глюкозатолерантты тест жүргізу

С) Гликемияны тамақтан кейін анықтау

D) Кешкі уақытта гликемияны анықтау

Е) Гипокалориялық диета және инсулинотерапия

 

Науқас 17 жаста 6 жыл бойы ИТҚД ауырады,күнделікті бір рет инсулин қабылдайды: 18 ед. актрапид, 38 ед. инсулин лентада, 40 ед. инсулин-ультралентада. Шағымы күнделікті бас ауыруына,бас айналуына, көруінің ауыспалы көру өткірлігінің төмендеуіне,ашушаңдыққа,ұйқышылдыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Бұл жағдайды науқас гипогликемия есебінен деп санаған бірақ гликемиясы 15,3 ммоль/л болған. Протеинурия, мочевина қалыпты.. АҚ 170/90 мм. Диагноз құрастырыңыз?

А) ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,Сомолжи синдромы,диабеттік нефропатия 3 тәу.

В) ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,диабеттік нефропатия 2 тәу.

+С) ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,Сомолжи синдромы,диабеттік нефропатия 2 тау

D) ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы, синдром Киммелстила-Уилсона,диабеттік нефропатия 2 тәу.

Е) ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,диабеттік нефропатия 2 тәу., диабеттік энцефалопатия.

 

Жалпы тәжірбелік дәрігерге 28жастағы ер адам келді,шағымдары: 7,5 кг арықтаған, жүрек соғуына, ентікпе, әлсіздік, ұйқысыздық, тершендікке шағымданды. 6 ай бойы ауырған. Объективті: көздері жарқыраған, қол саусақтарының треморы, терісі дымқыл және ыстық.Мебиуса, Кохер симптомдары оң. Қалқанша безі 2 дәрежелі ұлғайған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ЖСЖ 120 рет 1 мин, АҚ 150/60 мм сын бағ. Қай препараттарды беруге болады және неге?

А) β –блокаторлар қандағы антиденелер мен тиреоглобулинді төмендету үшін.

+В) Қандағы тироидты гормондарды төмендету үшін тирозол

С) β –блокаторлар жүрек соғу жиілігі мен артериальды қысымды төмендету үшін

D) Тироидты гормондардың тіндерге сезімталдығын жоғарылату үшін

E) Тирозол

C) Қандағы ақуызды йодты жоғарылату үшін тирозол

 

Науқас Т., 49 жаста созылмалы гломерулонефритпен сырқаттанады, өршу кезінде екудесі ісінген,ішінде бөртпе, артериалды гипотония. Сіздің диагнозыңыз.

А) ЖБЖ.

+В) Нефротикалық криз

С) ЖЖЖ.

D) СБЖIIІ сат.

Е) ЖЖЖII Б сат

 

Науқас 24 жаста, баспадан кейін басының қатты ауыпрсынуы мен ісіну синдромы пайда болған.Объективті: ісіну синдромы анасаркаға дейін, АҚ 200/ 110 мм.сын.бағ. қарағанда: қан талдауда: Hb – 124 г/л, ЭТЖ-40 мм/сағ, жалпы белок – 60 г/л, альбумин – 50 г/л., зәр талдауда: протеинурия – 13,5 г/тәу, эритроцит –20 к/а, цилиндр 3-5 к/а. УДЗ бүйрек мөлшері ұлғаймаған,тостаған-лоханка – өзгеріссіз. Науқасқа қандай диагноз сәйкес

А) Жедел гломерулонефрит нефротикалықнұсқалы

+В) Жедел гломерулонефрит аралас түрі

С) Жедел гломерулонефрит гипертоникалық түрі

D) Жедел гломерулонефрит гематуриялық нұсқалы

Е) Жедел гломерулонефрит жасырын түрі

 

Науқас А., 30 жаста, поликлиникаға мынандай шағыммен келді: әлсіздікке, тершеңдікке, стоматитпен. Анамнезінде: ауырғанына 3апта, ем тиімсіз. Обьективті: дене қызуы 38,8 С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иегі гиперплазияланған, жаралы некротикалық стоматит. Жақасты лимфа түйіні ұлғайған, ауырсынусыз. Қанда: эр. – 2,9 х 10 12 /л, Нв – 94 г/л, ТК-0,95, лейк. – 13,5 х 10 9 /л, бласт – 32 % таяқ. – 1 %, сегм.– 39 %, лимф. – 20 %, мон. – 8 %, тромб. – 90,0 х 10 9 /л. ЭТЖ – 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеуде: пероксидаза реакциясы оң. Сіздің диагнозыныз.

+А) Жедел миелобластты лейкоз

В) Жедел лимфобластты лейкоз

С) Жедел дифференцирленбеген лейкоз

D) Жедел монобластты лейкоз

Е) Жедел промиелоцитарлы лейкоз

 

Науқас 38 ЖАСТА, гипохромды микроцитарлы анемия. Анамнезінде: созылмалы энтеритпен 5 жыл ауырған. Рerosранферонды тағайындағанда лоқсу, құсу, және эпигастрий аймағында жағымсыз сезім болған. Науқасқа қандай ем керек.

А) Церукал қосу еміне

В) Ранферон мөлшерін азату

С) Эритроцит массасын құю

+D) Темір препаратын парентеральды тағайындау

Е) Басқа темір препаратын per os

 

Биохимиялық қан зерттеуі арқылы зертханалық синдромды анықтаңыз: жалпы билирубин 26 ммоль/л, конъюгирленген 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, алт 560 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 1,4ммоль/л.

А) Кіші бауыр-жасушалық жетіспеушілік синдромы

+В) Мезенхиальді-қабыну синдромы

С) Цитолитикалық синдром

D) Холестатикалық синдром

Е) Гиперспленизм синдромы

 

16 жастағы қыз бала тізесінің ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Бұл симптомдар 2 ай бұрын пайда болған. Тізе жарақаты болған емес. Науқас көзінің қызару эпизодын есіне түсірді. Зәр шығару кезінде екі рет ауырсыну болған. Науқас жыныстық қатынасқа белсенді. Температура 38 С. Тізесі ісінген. Жыныс мүшелерін қарағанда уретрадан бөліністер жоқ. Болжам диагнозды қойыңыз.

А) Реактивті артрит

+В) Рейтер синдромы

С) Гонококкты артрит

D) Бруцеллез

Е) Ревматоидты артрит

 

Науқас 45 жаста тізе буынындағы ауырсынуға шағымдануына байланысты рентгенография жасалынған. Диагноз:

А) Спондилоартрит

В) Реактивті артрит

С) Ревматоидты артрит

D) Псориатикалық артрит

+Е) Деформирлеуші остеоартроз

 

Нечипоренко сынамасы бойынша зәрдегі қалыпты көрсеткіш:

А) Лейкоциттер - 0, эритроциттер – до 100 в 1 мл

В) Лейкоциттер – до 100 в 1 мл, эритроциттер – нет

С) Лейкоциттер – до 1000 в 1 мл, эритроциттер – до 100 в 1 мл

+D) Лейкоциттер – до 2000 в 1 мл, эритроциттер – до 1000 в 1 мл

Е) Лейкоциттер – до 4000 в 1 мл, эритроциттер – до 1000 в 1 мл

 

Науқас 40 жаста, флегмонозды холецистит диагнозымен госпитализацияланды. Дене температурасы 38 0С, тері және склерасында өзгерістер анықталған. Зәр анализі: сал.тығ 1028, белок 0,099 г/л, лейкоциттер 18-20 к/ай, эритроциттер - ед. Бүйректің зақымдалу себебін анықтаңыз.

А) Жедел пиелонефрит

В) Жедел гломерулонефрит

С) Жедел тубуло-интерстициальды нефрит

+D) Инфекциялық-токсикалық нефропатия

Е) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

Қабылдауда науқас беліндегі ауырсынуға және жиі зәр шығаруға шағымданады. Жалпы шолу рентгенографияда: науқаста бір бүйрек көлемінің кішіреюі анықталған. Болжам диагноз.

А) Диабетикалық нефроангиосклероз

В) Созылмалы гломерулонефрит

+С) Созылмалы пиелонефрит

D) Бүйрек амилоидозы

Е) Бүйрек ісігі

 

Науқас 28 жас келесі шағымдармен:әлсіздік,терлегіштік,дене температурасының көтерілуі 38,90 С дейін.Қарап тексергенде сол жақ жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы,ауырсынуы анықталды.3 апта бойы стоматитке ем алған.Зақымдалған лимфа түйіндеріне пункция жасалды

Диагноз:

А) Жедел монобластты лейкоз

В) Жедел аз процентті лейкоз

+С) Лимфогранулематоз

D) Реактивті лимфаденит

Е) Жедел дифференцирленбеген лейкоз

 

Балалар аурулары (ЖДТ)

БЖАЫЖ кестесіне сәйкес 2 айдан 12 айға дейінгі балаларда тыныстың жиіленуі саналады:

А) Минутына 30 рет және одан көп

В) Минутына 35 рет және одан көп

С) Минутына 40 рет және одан көп

D) Минутына 45 рет және одан көп

+Е) Минутына 50 рет және одан көп

 

12 айлық бала. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 53 рет, кеуде клеткасының ішке тартылуы бар. БЖАЫЖ кестесіне сәйкес жіктеңіз

А) Пневмония жоқ

В) Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау

С) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

D) Пневмония. Астмоидты тыныс

+Е) Ауыр пневмония

 

Бала 1 жаста. Салмағы 10 кг. Қарағанда алақаны шамалы боз. ЖҚТ - Нв 100 г/л, Л - 4,6х109/л, ЭТЖ -5 мм/сағ. БЖАЫЖ бойынша сіздің әрекетіңіз
+А) Темір фумараты 100мг-1,0 мл

В) Темір фумараты 100 мг- 1,25 мл

С) Темір фумараты 100мг-1,75 мл

D) Темір фумараты 100 мг- 2,0 мл

Е) Темір фумараты 100 мг- 2,25 мл

 

2 жастағы бала жиі түнгі уақытта аналь аймағында қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз, тәбеті төмендеген. Диагноз қою үшін қандай зертханалық әдіс ақпаратты болып табылады?

А) Жалпы қан талдауы

В) Жалпы зәр талдауы

С) Құрт жұмыртқаларына нәжісті тексеру

+D) Перианалды қатпардан жағынды алу

Е) Дуоденалды зондтау

 

12 жастағы бала. Емдәм сақтамауына байланысты ішектегі шұрылдауға, іштегі құйылу сезіміне, іш кебуге, газ шығудың күшеюіне, нәжістің жиіленуіне шағымданады. АІЖ созылмалы ауруларымен «Д» есепте тұрады. Сіз қандай аурудың өршуі мүмкін деп ойлайсыз//

+А) Созылмалы энтероколит

В) Созылмалы панкреатит

С) Созылмалы холецистохолангит

D) Созылмалы гастродуоденит

Е) Созылмалы гастрит

 

1,5 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, тауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген:

А) Бронхиолиттің дамуымен

В) Пневмонияның дамуымен

+С) Өкпе існуінің дамуымен

D) Кардиосклероздың дамуымен

Е) Пневмосклероз дамуымен

 

Жедел ревматикалық емес миокардитпен ауыратын 3 жастағы баланың бірден жағдайы нашарлаған: бірден мазасыздық, акроцианоз, перефериялық ісіктер, ентігу пайда болған. Өкпе аускультациясы кезінде әсіресе өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар екі жағынан да естіледі. АҚҚ-65/40 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 150 соққы, жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы (экстрасистолия). Бауыры +4см. Олигурия. Жедел жүрек жетіспеушілігі анықталды. Бала жағдайын динамикада және ем әсерін бағалау үшін қандай зерттеу әдісі ақпаратты болып табылады//
А) ЭХОКГ

В) ЭКГ

С) Диурезді бақылау

D) Қан талдауына К+; Nа+ бақылау

+Е) Жүрек ырғағын тәуліктік монитерлеу

 

8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты келіп, қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тісі жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде аймағында шаштың қырқылуы, қабырға щеткалары айқын байқалады. Асықты жіліктің шыбығының басын балғамен ұрған кезде табанның еріксіз бүгілуі мен аяғының сыртқа ротациясы байқалады, осы кезде балғамен уруға жауап ретінде бет жүйкесінің өтетін жерінде бұлшықеттің жиырылуы байқалады. Шұғыл шаралар:

+А) 10% -к 1,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

В) 10% -к 2,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

С) 10% -к 3,2 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

D) 10% -к 3,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

Е) 10% -к 0,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі peros

 

13 жастағы ұл бала. Қыжылдауға, қышқыл тағам қалдықтарымен кекіруге, ашқарында тамақ ішкеннен 1 сағт өткеннен соң эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. Эндоскопия қорытындысында: дөңгелек немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатының терең ақауы ақ фибринді жабындымен жабылған, қабыну сақинасымен қоршалған. Бұл ауруға сай диагнозды көрсетіңіз:

А) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, перевисцерит

В) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизация бастауы, стеноз

+С) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, асқынусыз

D) Асқазанның ойық жара ауруы, өршудің басылу сатысы, жараның жазылуы, асқынусыз

Е) Асқазанның ойық жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз.

 

Бала 2 жаста, салмағы 12 кг. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептіңіз:

А) 80 мг

В) 100 мг

+С) 120 мг

D) 140 мг

Е) 160 мг

 

Қабылдауда 10 жастағы бала. Ревматизмге байланысты «Д» есепте тұрады. Қарау кезінде физикалық жүктеме кезінде ТАЖ минутына 32 рет және ЖЖЖ минутына 110 рет байқалмайды, алайда аспаптық зерттеуде науқаста сол жақ қарыншаның фракция лақтырысы 50% аз. Жүрек жетіспеушілігінің дәрежесін анықтаңыз//

+А) Жүрек жетіспеушілігі IА

В) Жүрек жетіспеушілігі IБ

С) Жүрек жетіспеушілігі IIА

D) Жүрек жетіспеушілігі IIБ

Е) Жүрек жетіспеушілігі III

 

5 жастағы бала, салмағы 20 кг. Эпилептикалық ұстама кезінде 0,5% седуксен енгізу керек. Енгізу көлемін анықтаңыз:

А) 0,5 мл к/і

+В) 1,0 мл к/і

С) 1,5 мл к/і

D) 2,0 мл к/і

Е) 2,5 мл к/і

 

013

БЖАЫЖ кестесіне сай пневмонияны антибактериалды емдеудің екінші курсында таңдау препаратын таңдаңыз?

A) Ампициллин

B) Макропен

C) Сумамед

+D) Цеклор

E) Зитрокс

 

014

2,5 айлық баламен анасы ЖТД дәрігерге екпе алу үшін келді. Анамнезінен: перзентханада BCG (туберкулезге қарсы екпе) анасының екпеден бас тартуына байланысты алынған жоқ. Бүгін анасы екпе алуға дайын. BCG егу үшін ЖТД әрекеті:

A) Қабылдау күні, Манту сынамасынсыз

B) 3 айында, Манту сынамасынсыз

+C) Теріс Манту сынамасынан соң

D) Көмескі Манту сынамасынан соң

E) Оң Манту сынамасынан соң

 

015

ЖТД қабылдауында 10 жастағы бала аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады, бөртпелер бүкіл денеге тез жайылған. Дене қызуы 37,6ºС. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Жедел лейкоз

B) Скарлатина

C) Гемофилия

+D) Геморрагиялық васкулит

E) Тромбоцитопениялық пурпура

 

016

8 жастағы ұл бала. Ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене қызуы субфебрилді. Анамнезінде тағамдық аллергия, ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Балада геморрагиялық васкулит:

A) Буындық түрі, жедел ағымы

+B) Терілік түрі, жедел ағымы

C) Аралас түрі, жедел ағымы

D) Терілік түрі, жеделдеу ағымы

E) Аралас түрі, жеделдеу ағымы

 

017

ЖТД қабылдауында 2 ай 12 күндік бала. Бала жедел вирусты инфекцияны (ЖРВИ) басынан өткізді. Қарау кезінде жағдайы динамикеада жақсарған, ЖРВИ симптомдары жоғалған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуында жастық көрсеткіштерден қалыс қалу байқалмайды. Хирургта кіндік жарығына байланысты, неврологта энцефалопатия диагнозына байланысты «Д» есепте: 2 айында алуына тиісті екпені әлі алған жоқ. Балада денсаулық тобы мен ЖРВИ-мен ауырғаннан соң екпе салу уақытын анықтаңыз:

A) I денсаулық тобы, ЖРВИ-мен қабылдауда болғаннан соң сол күні егу

B) IIa денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 1 аптадан соң егу

+C) IIб денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 2-3 аптадан соң егу

D) III денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу

E) IV денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу

 

018

ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 3 айлық бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз:

A) Жоғары

+B) Орташа

C) Қалыпты

D) Төмен

E) Өте төмен

 

019

Балада эпидемиялық паротитті анықтау кезінде қандай медициналық құжатты толтыру қажет?

A) Ф.030/у, 058/у, 060/у

B) Ф. 058/у, 060/у, 064/у

+C) Ф. 058/у, 060/у, 112/у

D) Ф. 058/у, 060/у, 113/у

E) Ф. 058/у, 064/у, 112/у

 

020

ЖТД қабылдауында анасы 7 жастағы баласымен келді. 1-ші сыныпта балада 2 ТБ Манту сынамасынан соң гиперемия мен пістек орны 0-1 мм. Анасы баласының қолын сулап алғанын айтты. Манту сынамасының нәтижесін бағалаңыз:

A) Реакция оң, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін

+B) Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес

C) Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін

D) Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін

E) Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес

 

021

Балада бірінші АКДС-екпесіне бірінші екі тәулікте аллергиялық бөртпе, дене қызуы 38°С жоғарылаған, «милық айғай» пайда болған. Иммунизацияны жалғастыру бойынша сіздің әрекетіңіз:

A) АДС-М анатоксинімен, дайындықпен

B) АДС анатоксинімен, дайындықпен

C) АКДС-екпесімен, дайындықпен

+D) АбКДС-екпесімен, дайындықсыз

E) АбКДС-екпесімен, кеш, дайындықсыз

 

022

1 жастағы балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9ºС. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі:

A) Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия

B) Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия

C) Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия

+D) Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» Гипертермия

E) Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» Гипертермия

 

023

ЖТД қабылдауында 1,6 айлық бала. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда жағдайы жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала селқос, тәбеті төмендеген, дәм сезуі бұрмаланған. Тері жабындылары боз, құрғақ, шашы құрғақ, жылтырамайды. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Қан талдауында: Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысулық Ғе - 9 ммоль/л, ОЖСС - 108 мкмоль/л, плазманың трансфферинмен қанығу коэффиценті 12%. Анемия диагнозын жіктеңііз.

A) Темір тапшылық анемия, I-II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

B) Темір тапшылық анемия, II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

C) Ақуыз тапшылық анемия, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

+D) Темір тапшылық анемия, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы

E) Ақуыз тапшылық анемия, III дәрежелі, нормохромды, гиперегенераторлы, вирусты этиологиялы.

 

024

ЖТД қабылдауында 11 ай 18 күндік баласымен анасы келді. 3 күн бойы жөтелуіне шағымданады, бұны суық тиюмен байланыстырады. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 50 рет. Тыныс алу жиілігін санын бағалаңыз. БЖАЫЖ сәйкес жіктемені таңдаңыз:

A) Пневмония. ТАЖ – қалыпты

+B) Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау. ТАЖ – қалыпты

C) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс. ТАЖ – жиілеген

D) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру. ТАЖ – жиілеген

E) Өте ауыр фебрилді ауру. ТАЖ –жиілеген

025

8 апталық балада жөтел, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалады. БЖАЫЖ сәйкес ампициллин мөлшері:

A) Сироп 250 - 2,5*күніне 2 рет

B) Сироп 250 - 2,5* күніне 3 рет

+C) Сироп 250 – 2,5* күніне 4 рет

D) Сироп 250 - 5,0* күніне 3 рет

E) Сироп 250 - 5,0* күніне 4 рет

ЖТД қабылдауында 6-айлық бала қабылдауға келді, салмағы 8кг. Қойылған диагноз: ЖРВИ, фебрильді тырысулар. Шұғыл көмек ретінде тырысуды басу үшін балаға міндетті түрде 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек:

А) 0,1мл

В) 0,5 мл

+С) 0,8мл

D) 0,9 мл

Е) 1мл

 

Date: 2015-08-24; view: 1370; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию