Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мегаплекс





 

Мультиплекстің пайда болуымен саладағы жаңа табысты өсімнің көгілдір мұхиты жасалды, әйтсе де, 1980 жылдарға қарай бейнетаспалардың, бейнемагнитофондардың және спутниктік және кабельді теледидардың кең тарауы себебінен кинотеатрларға баратын жұрт азайды. Азайып бара жатқан нарықтың үлкен үлесін жаулап алу мақсатымен кинотеатр иелері көрермендерге одан да көп фильмдер ұсыну мақсатында өз кинотеатрларын шағын залдарға бөле бастағаны жағдайды одан бетер ушықтырды. Осылайша, олар саланың үйдегі сауықтарға қарағандағы ең басты артықшылықтарының бірін – үлкен экранды өз қолдарымен құртты. Жаңа фильмді шығарылымынан кейін бірнеше аптадан соң кабельді теледидардан және бейнекассеталардан көру мүмкіндігі болғандықтан оны сәл ірілеу экраннан көру мүмкіндігі үшін артық ақша төлеудің қажеті шамалы болды. Сала дағдарысқа тірелді.

1995 жылы АМС АҚШ-та жиырма төрт экраны бар бірінші Мегаплексті ашып, кинотеатрларды қайта жаңғыртты. Көбіне тар, лас және көрнекілігі жоқ мультиплекстерге қарағанда мегаплекстер жеңіл, ыңғайлы креслолармен жабдықталды (көру ыңғайлы болу үшін) және фильмдердің саналуан түрін, көрініс пен дыбыстың керемет үйлесімін ұсынды. Осы жетілдірулерге қарамастан Мегаплекстің операциялық шығындары Мультиплекске қарағанда аз болып шықты. Мұның себебі: Мегаплекстердің қала орталығында орналаспауында еді, бұл үнемдеуге мүмкіндік берді, себебі орталықта аумақты жалдау - шығындарды көбейтетін басты фактор болып табылады; кешеннің көлемдері сатып алулар мен операциялардан үнемдеуге мүмкіндік береді, және де фильмдердің дистрибьюторларына әсер ететін басты құрал болып табылады. Ал нарықта бар фильмдердің барлығы дерлік көрсетілетін жиырма төрт экранды есепке алсақ, көрермендерді нақты фильм емес, оның көрсетілім орны тартады. 1990 жылдардың соңында АМС Мегаплекстеріндегі бір клиентке шаққандағы пайда Мультиплекстегіге қарағанда 8,8 пайызға жоғары болды. Кинотеатрдың қамту аймағы – яғни, тұрғындары кинотеатрға баратын ауданның радиусы 1990 жылдардағы екі мильден АМС Мегаплекстерінде бес мильге дейін өсті26. 1995 жыл мен 2001 жыл аралығында кинотеатрға келушілердің жалпы саны 1,215 миллиардтан 1,49 миллиард адамға жетті. Мегаплекстер америкалық кинотеатрлардың небары 15 пайызын ғана құрады, бірақ олар билеттер сатылымынан түскен пайданың 38 пайызын қамтыды.

АМС компаниясы құрған көгілдір мұхиттың табысы осы саладағы басқа ойыншылардың еліктеулеріне себеп болды. Бірақ Мегаплекстер жылдам құрылып тым көбейіп кетті, және олардың көпшілігі экономикалық құлдырау себебінен 2000 жылға қарай жабылды. Сала жаңа көгілдір мұхиттың пайда болуына қайта дайын болды.

Бұл америкалық кинотеатрлар саласында болған оқиғалардың схемалық сызбасы ғана. Дегенмен, дәл осындай паттернді басқа жағдайларда да көруге болады. Ұдайы табысты болып тұратын сала болмайды. Көгілдір мұхит жасау - компанияны және саланы пайдалы өсім траекториясына шығарған негізгі фактор болды. Көгілдір мұхиттарды АМС және Palace Theaters секілді саланың көне көздері жасады. Тарихқа үңілсек, АМС алдымен Мультиплекс, артынан Мегаплекс ашып, бүтіндей бір саланың даму жолын екі рет өзгертіп және екі рет пайдалы өсімнің жаңа деңгейіне шығып, америкалық кинотеатрлар саласы үшін көгілдір мұхитты ашты. Бұл көгілдір мұхиттардың негізінде технологиялық инновациялар емес, біз құндылық инновациясы деп атайтын құндылықтық инновация жатты.

Осы үш сала туралы очерктерді қарастыра отырып, біз компанияның үздіксіз пайдалы өсім жасау қабілеті компанияның жаңа көгілдір мұхиттар жасап, үнемі алдыңғы шепте қалуына байланысты болатынын аңғардық. Қандай да бір компанияның өзінің кемелдігін ұдайы ұстап тұруы екіталай. Осы күнге дейін олардың ешқайсысы көгілдір мұхит ашуында ұзақ уақыт бойы көшбасшы болып қала алмады. Атаулары танымал компаниялар үнемі өз-өздерін өзгертіп, ұдайы жаңа нарықтық кеңістік ашуға дайын болғандарын атап кеткен жөн. Бұл тұрғыдан бүгінгі күні мінсіз компаниялар жоқ, бірақ компаниялар мінсіз стратегиялық тәжірибелерді қолдану арқылы кемелге жетуге үміттене алады. Осы үш репрезентативті салада көгілдір мұхиттар жасаудың жалпы паттерні, кішігірім ауытқуларды есептемегенде, зерттеулеріміз барысында басқа көптеген салаларда байқағанымызға сәйкес келеді.

 


Date: 2015-08-15; view: 446; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию