Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз





Саяси кедергілерден өту үшін, өзіңізге келесі екі топқа біріктірілген сауалдарды қою пайдалы болады;

• Менің жындарым, олар кімдер? Кім маған қарсы шығады? Көгілдір мұхит стратегиясынан көп шығынға ұшырайтын кім?

• Менің періштелерім, олар кімдер? Кім өз еркімен менің жақтасым болады? Стратегияның ауысуынан ең көп ұтатын кім?

Күреске жалғыз шықпаңыз. Майданға шығу үшін, ықпалы бар жоғары лауазымды тұлғалардың қолдаймын деген уәдесін алып алыңыз. Кімнің сізге қарсы шығатынын, ал кімнің қолдау көрсететінін анықтап алыңыз - ортада жүргендер туралы ұмытыңыз – барлығы үшін пайдалы нәтижені қамтамасыз етуге тырысыңыз. Алайда асығыңыз. Соғыстың басталуын күтпей-ақ, жауларыңызды оқшаулаңыз да періштелеріңізбен бірігіңіз. Соғыс басталмай жатып немесе қызбай жатып сіз оны осылай тоқтатасыз.

Брэттонның жаңа полициялық стратегиясына төнген айтарлықтай қауіптердің бірі нью-йорктік соттардан шыққан еді. Брэттонның өмір сапасына әсер ететін қылмыстылықпен күресуге бағытталған жаңа стратегиясы жезөкшелік, қоғамдық жерлердегі маскүнемдік сияқты ұсақ заң бұзушылықтарды қараулармен сот жүйесін шамасынан артық жүктеп жібереді деп ойлаған соттар қарсылық білдірді. Осы қарсылықты жеңу мақсатында, Брэттон өзін қолдағандардың барлығына – оның ішінде қала әкіміне, аймақтық прокурорларға және түрме бастықтарына – сот жүйесі саны артқан істерді қарауға шамасы жететінін және дәл осы қылмыстарға көбірек көңіл бөлінсе, алдағы күндерде, керісінше, соттардың жұмысы жеңілдейтінін тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді. Қала әкімі іске араласпақ болып шешті, осы кезде әкім бастаған Брэттонның одақтастары баспасөз арқылы өзінің қарсыластарына қарапайым да анық мәлімдеме жолдады: егер қажетті жүктемені көтеру соттардың қолынан келмесе, қаладағы қылмыстылық деңгейі төмендемейді. Әкіммен және баспасөзбен алдын-ала келісіп алып, Брэттон соттарды оқшаулап тастады. Олар Нью-Йоркті өмір сүруге тартымдырақ етіп қана қоймай, өздері қарайтын қылмыстар санының қысқаруына әкелетін бастамаға ашықтан-ашық қарсы шыға алмастай етті. Қала әкімі баспасөз бетінде өмір сапасын бұзатын қылмыстармен күресу қажеттілігі туралы ойын батыл жеткізген соң, қаланың неғұрлым құрметті – либералды – газеттері жаңа полициялық стратегияға қолдау көрсеткеннен кейін, брэттондық бастамаға білдірілген кез келген қарсылық тым қымбатқа түсер еді. Брэттон айқаста жеңді: соттар көнді. Ол соғыста да жеңіске жетті: қылмыстылық деңгейі төмендей бастады.

Жауларды немесе жындарды жеңудің кілті – олардың шабуылдарының ықтимал бағыттарын білу және бұлжытпас мәліметтермен, қисынмен қуатталған қарсы дәлелдерді дайындап қою. Осылай, мысалы, Нью-Йорктің полиция бөлімшелерінің басшыларын алғашқы рет қылмыстардың фактілері мен географиясы туралы толық мәліметтер жинап беруді сұраған кезде, олар бұл жұмысқа тым көп уақыт кететінін дәлелдеп қарсылық білдірді. Мұндай жауаптың болуын күткен Брэттон бұл жұмыстың қанша уақыт алатынын тексеру үшін оны өзі бұрынырақ орындап қойған еді: сөйтсе, мұндай жұмысқа күніне бар-жоғы он сегіз минут қана жұмсалады екен, ал бұл, оның полиция бөлімшелерінің бастықтарына мәлімдегеніндей, олардың күндізгі жұмыс жүктемесінің бір пайызынан аз уақытты құрайды екен. Бұлжытпас фактілермен қаруланған ол саяси кедергілерді жеңіп, айқасты басталмас бұрын аяқтай алды.

Сіздің консильереңіз – аса құрметті инсайдеріңіз – бар ма, әлде тек қаржы қызметін басқарушы мен негізгі қызметтерді басқаратын өзге топ-менеджерлер ғана бар ма? Сізбен кімдер күресіп, кімнің жаңа стратегияны қолдайтынын білесіз бе? Диссиденттерді қоршап алу үшін, өз жақтастарыңызбен бірыңғай одақ құру қолыңыздан келе ме? Өзгергісі келмейтіндерге және өзгермейтіндерге өз күшіңізді кетірмеу үшін консильереңіз ең үлкен «жаяу әскер миналарын» зарарсыздандыруға көмектесті ме?

Date: 2015-08-15; view: 448; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию