Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Стратегиялық арқауды қолдану





Бұл үдерістің не екенін түсіну үшін, 2000 жылы кореялық Samsung Electronics фирмасының Бас Президенті мен жетпістен астам топ-менеджер жиналған корпоративтік конференция барысында стратегиялық арқауды қалай қолданғанын көрейік. Юниттің әрбір басшысы өз бөлімшесі дайындаған стратегиялық арқау мен оны жүзеге асыру жоспарының тұсауын кесті. Қызу пікірталастар орын алды. Юниттер басқарушыларының көбі болашақ стратегияларды өз күшімен дайындау еркіндігі кездесуге мәжбүр болған бәсеке деңгейімен қатаң шектеулі болғанын дәлелдемекші болды. Жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері орташадан төмен болған бөлімшелер өкілдері оларға таңдау қалмағанын, сондықтан қолдарынан келетіні – бәсекелестердің ұсыныстарына ұқсас ұсыныстар жасау ғана екенін дәлелдеумен болды. Бұл дәлелдің қате екендігі қарқынды өсіп келе жатқан бизнес-юниттің бірі, ұялы телефондар өндірушісі, өзінің стратегиялық арқауын жайып салған кезде анық көрінді. Бұл бөлімше құндылықтың ерекше қисығымен ғана өзгешеленіп қойған жоқ, ең қатал бәсеке жағдайында әрекет етті.

Samsung Electronics маңызды бизнес-шешімдер қабылдаған кезде стратегиялық арқаудың қолданылуын ресми түрде бекітті, ол үшін 1998 жылы Value Innovation Program (VIP) Center (Құндылық инновациясының бағдарламалар орталығы –VIP-орталық) құрылды. VIP-орталықта басты атқарымдық топтардың қатысушылары өзара стратегиялық жобаларды талқылау үшін жиналатын. Әдетте, пікірталас стратегиялық арқауға жұмылдырылатын. Құндылық инновациясы саласында жинақталған білімнің көмегімен жобалармен жұмыс жасауға арналған жиырма бөлмемен жабдықталған орталық бизнес-юниттерге өнімдер мен қызметтер бойынша жаңа нарықтық ұсыныстар жасауға қатысты шешімдер қабылдауға көмек көрсетеді. 2003 жылы орталық компания бөлімшелерінің артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сегіз жүзден астам стратегиялық жоба жасады және оннан артық VIP-бөлімшелер ашты. Осылай, мысалы, дүниежүзілік сатылымдардың көшбасшысы, 2002 жылдың желтоқсанында шыққан 40 дюймдік дигоналі бар LCD TV телевизоры, жобалау топтарының бірінің дәл осы орталықтағы төрт айлық еңбегінің нәтижесінде пайда болды. Әлем бойынша сатылымы он миллионнан астам данаға жеткен SGH Т-100 үлгісіндегі ұялы телефон сияқты.

1999 жылдан бастап Samsung Electronics жыл сайын компанияның жоғары менеджментінің төрағалық етуімен «Құндылық Инновациясы» атты корпоративтік конференция өткізетін болды. Бұл конференцияларда құндылық инновациясы бойынша үздік жобалардың тұсаукесерлері өтеді, жеңімпаз-жобалар авторлары наградалармен марапатталады. Бұл Samsung Electronics-тің бизнестердің корпоративтік портфолиосын алқызыл мұхиттан көгілдірге ауыстыруға жәрдемдесетін корпоративтік мәдениет пен стратегиялық нормаларды біртіндеп енгізе отырып, бір тілде сөйлесу жүйесін жасау үшін қолданатын әдістерінің бірі7.

Сіздің бизнес-юниттерді басқарушыларыңыздың компанияның басқа бөлімшелерінде не болып жатқаны туралы нақты хабары бар деп айтуға бола ма? Компания ішінде үздік стратегиялық тәжірибелер туралы ақпарат алмасудың тиімсіздігі айқын көрінеді ме? Нашар жұмыс істейтін бөлімшелер басшыларының арасында өз сәтсіздіктерін бәсекеден көретіндері бар ма? Егер осы сұрақтардың кез келгеніне құпталатын жауап берілсе, компанияңыздың әрбір бизнес-юнитінің стратегиялық арқауын жасап, содан соң талқылап көріңіз.

 

Date: 2015-08-15; view: 441; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию