Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бірінші қадам: Визуалды ояныс





Стратегиядағы өзгерістерді істердің ағымдағы жағдайы туралы пікірлердегі айырмашалықтарды анықтамай тұрып талқылау - кең тараған қателік болып табылады. Тағы бір мәселе басшылықтың өзгерістер енгізудің айқын қажеттілігін қабылдағысы келмейтіндігінде жатыр; ол бұрыннан болып келген кво-мәртебесін сақтап қалуға аса мүдделі болуынан немесе оның бір кезде дұрыс таңдау жасағаны күндердің күнінде дәлелденеді деп болжауынан. Айтқандайын, көгілдір мұхит жасауға және өзгерістер енгізуге оларға не түрткі болар еді деген сауалға басшылар әдетте келесідей жауап қайтарады: мақсатқа ерекше ұмтылған жетекші немесе күрделі дағдарыс.

Бір жақсысы, басшылар біздің өтінішіміз бойынша өз компаниясының стратегиясының құндылық қисығын бейнелей бастасымен, өзгерістер енгізудің қажеттілігін тез түсіне кетеді.

 

 

4-1 СУРЕТІ

Стратегияны көзбен шолудың төрт кезеңі

1.Визуалды ояну * Өз бизнесіңізді бәсекелестеріңізбен салыстырыңыз, ол үшін стратегиялық арқауды «қаз қалпында», өзгертпей бейнелеңіз 2.Визуалды зерттеу * Көгілдір мұхиттар жасаудың алты жолын зерттеу үшін, егістікке барыңыз 3. Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі * Ұйымыңыздың практикалық зерттеулер нәтижелеріне негізделген, «талап етілген» стратегиялық арқауын бейнелеңіз 4. Визуалды коммуникация * Салыстырылуы оңай болу үшін, өзіңіздің «дейінгі» және «кейінгі» кезеңдегі стратегиялық бейіндеріңіздің басып шығарылған суретін таратыңыз
* Сіздің стратегияңызда нені өзгертуге болатынын байқаңыз * Балама өнімдер мен қызметтердің айқын артықшылықта- рын белгілеп қойыңыз   * Қандай факторларды қысқарту, жасау немесе өзгерту қажет екенін байқаңыз * Өз клиенттеріңізден, бәсекелестеріңіздің клиенттерінен және клиент еместерден стратегиялық арқаудың балама нұсқалары жөнінде кері байланыс алыңыз   * Болашаққа арналған оңтайлы «талап етілетін» стратегияны құру үшін, кері байланысты пайдаланыңыз * Жаңа стратегияны көкейкестілендіру үшін, сіздің компанияңызға жетіспейтін тұстарды толықтыруға мүмкіндік беретін жобалар мен қадамдарды ғана қуаттаңыз

 

 

Бұл үдеріс компанияларды қолда бар стратегияны өзгертуге кірісуге итермелейтін маңызды түрткіге айналады. Ұзақ уақыт бойы нақтылығы жоқ, нашар тұжырымдалған стратегиямен қиналған EFS-пен дәл осылай болды. Компания ішінде күрделі жіктеліс орын алды. EFS-тің аймақтық еншілес компанияларының жоғары басшылығы «ақылдылар орталықта шоғырланып, қалғандары шет жақта жүр» деген сенімдегі корпорация жетекшілерінің менмендігіне қатты ызаланатын. Осы шиеленістің салдарынан стратегияға байланысты мәселелерді шешу EFS үшін барған сайын қиындай берді. Алайда, компания жаңа стратегияны жоспарлауға кіріспес бұрын, қалыптасқан жағдай туралы ортақ түсінікке қол жеткізуі тиіс еді.

 

4-2 СУРЕТІ

Шетелдік валютаны корпоративтік әдіспен айырбастаудың стратегиялық арқауы, оффлайн

Жоғары---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

EFS және оның бәсекелестері

(банктерді санамағанда)

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Банктер

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Төмен ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Date: 2015-08-15; view: 532; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию