Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нарық шекарасын қайта құру





Көгілдір мұхит стратегиясының бірінші қағидасы - бәсеке әлемінен құтылып шығу және көгілдір мұхит жасау мақсатында нарық шекарасын қайта құру. Бұл қағида компаниялардың көбі ұрынатын іздену тәуекелін ықшамдауға бағытталған. Қиындық туғызатын нәрсе – көптеген нұсқалардың ішінен көгілдір мұхиттың коммерция тұрғысынан ұтымды мүмкіндіктерін сәтті ажырата білу. Бұл басты мақсат болып табылады, себебі менеджерлер өзен кемесіндегі қарта ойыншыларына ұқсап, жеке басының интуициясын ғана пайдалана отырып және сәттілікке үміт артып қойып, стратегияға ұтыс тіге алмайды.

Зерттеулеріміздің барысында біз көгілдір мұхит жасау мақсатында нарықтың шекарасын қайта құрудың типтік паттерндері болатын-болмайтынын анықтауға тырыстық. Егер болса, барлық салада – тұтынушылар мен өнеркәсіп тауарларын өндіруден бастап, қаржы мен қызмет көрсету, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар, фармацевтика және В2В-ға дейін - қолданылатындығын немесе нақты бір салаға ғана тиесілілігін білгіміз келді.

Біз көгілдір мұхит жасаудағы айқын паттерндерді тауып ала алдық. Нақтырақ айтсақ, біз нарықтар шекараларын қайта құру ісіне қатысты алты негізгі амалды таптық. Оған “алты жол үлгісі” деген ат қойдық. Бұл жолдар барлық салада қолданылады да компанияларды көгілдір мұхиттардың коммерция тұрғысынан пайдалы идеяларына апаратын сүрлеуге шығарады. Жолдардың ешқайсысы белгілі бір көрегендікті немесе болашақты болжай білуді талап етпейді. Олар қолда барды - келешектегі жаңа жоспарларды көретіндей етіп қарастыруға негізделген.

Бұл жолдар көптеген компаниялардың стратегияларының негізінде жатқан алты басты болжалға күмәнмен қаратады. Компаниялардың көпшілігінің стратегияларына негіз болатын осы алты болжал компаниялардың алқызыл мұхиттарды билеп тұрған бәсекенің шеңберінен сытылып шығуына жол бермейді. Одан да нақты айтар болсақ, әдетте компаниялар келесідей әрекет жасайды:

• Өз саласына бірдей анықтама беруден бастайды, сол салада бірінші болу үшін бүкіл күш-қуатын жұмсайды

• Өз саласын жалпы көпшілік қабылдаған стратегиялық топтар (мысалы: «люкс» класты автомобильдер, үнемді үлгілер, отбасылық автомашиналар) призмасы арқылы қарастырады және өз стратегиялық тобында алға шығуға тырысады

• Клиенттердің бір тобына көңіл бөледі, мейлі ол аларман (кеңселік жабдықтар шығаруда) болсын, мейлі пайдаланушылар (тігін өнеркәсібінде) болсын, немесе «ықпал ететіндер» (фармацевтикалық өнеркәсіпте) болсын

• Өз салалары ұсынатын өнімдер мен қызметтердің спектрін бірдей белгілейді.

Өнімнің өз саласында қалыптасқан атқарымдық немесе эмоционалдық тартымдылығына бағдарлануын өзгермес нәрсе ретінде қабылдайды

• Стратегияны әзірлеген кезде бір уақыт мерзіміне – бәсекелестер тарапынан болатын ағымдағы қауіптерге - назар аударады.

Олардың бәсеке амалдары туралы дәстүрлі пікіріне неғұрлым көп компания сенген болса, олардың күресу әдістері соғұрлым бір-біріне ұқсас келеді.

Алқызыл мұхиттардан арылу үшін бәсекенің қалыпты әдістерін суреттейтін, көпшілік қабылдаған шекараларды бұзу керек. Осы шекараларда әрекет етудің орнына, менеджерлер үнемі олардың арғы жағына көз салып, көгілдір мұхит жасауы қажет. Олар басқа салаларда, стратегиялық топтарда, тұтынушылар топтарында, қосымша ұсынылатын тауарлар мен қызметтерде, атқарымдық-эмоционалдық салалық бағдарлануларда бар барлық ықтимал баламаларды қарастыруы керек. Уақыт та бұл мағынада ерекше болмауы тиіс. Мұндай амал компанияға нарық ақиқатын қалай өзгертуге болатынын және өзіне арнап көгілдір мұхиттарды қайтіп ашуға болатынын жақсырақ анықтауға мүмкіндік береді. Осы алты жолдың әрқайсысы не болып табылатынын қарастырып көрейік.

 

Date: 2015-08-15; view: 490; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию