Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Терінің зақымдалуымен кез-келген мамандықтағы дәрігер өзінің кәсәби тәжірибиесінде кездеседі





Терінің зақымдалуымен кез-келген мамандықтағы дәрігер өзінің кәсәби тәжірибиесінде кездеседі. Ішкі ауруларда және эндокринопатияларда терілік белгілер, инфекциялық, онкологиялық ауруларда тері жабындысының өзгеруін әр саладағы дәрігер мамандар білуі керек. Кеңінен таралған тері ауруларының заманауи диагностика және емдеу жетістіктерін есепке ала отыра толық қамтуды пән өз алдына міндеттеген.

Дерматовенерология терінің қалыпты жағдайда және патологиядағы анатомиялық құрылымын, физиологиялық қызметтерін және науқас организміндегі патогистологиялық өзгерістерді, сыртқы ортамен байланысын, сондай-ақ тері ауруларының емін және алдын – алуын зерттейді. Венерология көбінесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларда организмнің мүшелері мен жүйелерінің патологиялық өзгерістерін зерттейді.

Тері ауруларына дер кезінде диагноз қою үшін тері және шырышты қабаттағы зақым ошағын дұрыс сипаттау дағдысын қалыптастыру қажеттігі пәннің негізгі міндеті. Дәрігерді кәсіби түрде даярлаудың міндетті бөлігінің бірі тері мен шырышты қабаттағы патологиялық процестерді нақты ажырата, бөртпелердің сипатын және дерматоздардың клиникалық диагнозының негізі болып табылатын жергілікті статусты толық жаза білуді үйрету. Дерматология терінің қалыпты және патология жағдайын, анотомиялық құрылысын, физиологиялық функциясын және науқастың жалпы жағыдайының, сыртқы орта Дерматовенерология адам организмін тануда және медицина білімі жүйесінде маңызды орын алады. Ауру себебін зерттеу, даму себептерін, даму механизмін, клиникалық ерекшелктерін, аурудың ағымын, емін және алдын алу шараларын таңдауда дерматовенерологияда теория және тәжірибе медицина ғылымына, биология, және биосоциологияға сүйенеді. Ол басқа медициналық клиникаларда кеңінен қолданылатын науқастарды зерттеу әдістерін қолданады. Барлық клиникалық мамандықтағы дәрігерлер жұмысында тері және венерологиялық аурулар жиі кездеседі. Сондықтанда бұл сұрақтарды талдай білу кез-келген мамандықтағы дәрігер қызметінің және міндетті кәсіби дайындықтың бір бөлігі болып табылады.

2.2 Блоктың мақсаты:

Әлеуметтік маңызы зор жиі кездесетін дерматоздар – псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермияның диагностикасы, емдеу принциптері жөнінде білім және дағды қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

- дерматовенерология пәнін компетентті оқыту шеңберінде әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді даярлау (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру);

- ішкі аурулар клиникасында тері синдромын анықтау және салыстырмалы диагностика жүргізу мақсатында әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді даярлау (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру);

- жиі кездесетін әлеуметтік маңызы зортері ауруларды – псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермия - анықтау және салыстырмалы диагностикасын жүргізе білу үшін жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлау (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру, тәжірибелік дағдылар);

- тері аурулардың (псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермия) қазіргі кездегі жіктелуін және этиопатогенезі жөнінде білімін қалыптастыру (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру);

- клиникалық көрінісін және клиникалық тұрғыда ойлай білу қабілетін қалыптастыру (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру, тәжірибелік дағдылар);

- жеке тері ауруларды тексеру әдістерін үйрету (коммуникативтік дағдылар, тәжірибелік дағдылар);

- клиникалық диагнозын дәлелдей білуді қалыптастыру (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру);

- псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермиямен ауратын науқасты тексеру жоспарын және емдеу жоспарын құрай білуді қалыптастыру (білім компетенциясы, өзін өзі жетілдіру, тәжірибелік дағдылар);

- дерматовенерологиялық профилдегі науқастармен коммуникативті дағдыларды қалыптастыру (коммуникативті дағдылар компетенциясы);

- дерматовенерологиялық тәжірибеде құқықтық білім аспекттерін қалыптастыру (құқықтық дағдылар компетенциясы).

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері. Компетенцияларды қалыптастыру:

Білім:

● псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермия нозологиялар бойынша жалпы теориялық білім негіздерін;

· тері құрылысының анатомиясы-физиологиясы ерекшеліктері;

· тері бөртпелерінің бірінші және екінші дәрежелі морфологиялық элементтері;

· псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермия аурулардың қазіргі кездегі жіктелуі және этиопатогенезі;

· псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермия аурулардың клиникалық көріністер;

· псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермияні диагностикалаудың жаңа әдістерін;

· псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермиямен науқастың реабилитация мен емдеудің негізгі қағидаларын.

Өзін өзі жетілдіру:

● тері аурулары бар науқастарды қарауды және анамнез жинауды;

· тақырыптық дерматоздар - лабораториялық зерттеу мәліметтерін талдау және оларды клиникасымен аурудың ағымы мен ауырлық дәрежесімен сәйкестендіруді;

· тақырыптық аурулардың жалпы және сыртқы тактикасын анықтау;

· клиникалық тұрғыдан ойлау және өз бетімен дұрыс шешім қабылдау;

· дерматовенерологиялық практикада өзекті мәселелер бойынша презентация, реферат жасай білу, кроссвордтар құрастыру.

 

Тәжірибелік дағдылар:

● тақырыптық дерматоздардың ерекшеліктерін есепке ала отыра анамнез жинау;

● тері жабындасын тексеру және пальпациялауны жүргізе білу;

· Поспелов («зонд»), «псориаздық үштік», Бенье-Мещерский белгісін жасай білу, бағалау, түсіну.

 

Коммуникативтік дағдылар:

· дерматовенерологиялық практикада коммуникативтік дағдылар бойынша білім қалыптастыру;

· тері-венерикалық ауруларымен науқастармен қатынас жасай білу;

· деонтология қағидаларды қалыптастыру.

 

Құқықтық дағдылар:

· санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;

· дерматовенерологиялық практикада құқықтық дағдыларды аспектер бойынша білім қалыптастыру;

· Қазақстан Республикасында және шет елдерде венерологиялық аурулардың таралуы және дамуына әлеуметтік факторлардың рөлі.

2.5 Алғы реквизиттер:

қалыпты анатомия; гистология; биологиялық химия; қалыпты физиология валеология курсымен; комуникативті дағды, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология; микробиология, вирусология және иммунология; патологиялық физиология; фармакология; патологиялық анатомия; жалпы иммунология клиникалық аллергология курсымен.

.

2.5 Соңғы реквизиттер:

ішкі аурулар; инфекциялық және тропикалық аурулар «АИВ инфекция және инфекциялық бақылау» курсымен; акушерство-гинекология.

 

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Дерматология - тері аурулары туралы ілім, ол терінің қалыпты жағыдайдағы және патологиядағы құрылымын, қызыметін, терінің организімнің әр түрлі патологиялық қалпымен ара-қатынынасын зерттейді; әр түрлі дерматоздардың даму себептері мен патогенезін анықтайды, тері ауруларының диагностикасын емінің, профилактикасының тәсілдерін дайындайды.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курста «Дерматовенерология» блогының маңызы зор. Пәнді оқытудың негізгі міндеті кейбір жиі кездесетін дерматоздар псориаз, тері туберкулезі, қызыл жегі, склеродермияның диагностикасы, емін дәлелді медицина принциптеріне негіздей отыра оқыту.

 

Date: 2015-08-15; view: 1520; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию