Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Ль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Мұрағаттану, құжаттану және құжаттармен қамтамасыз ету ісі мамандығының 1 курс магистранты, Қожахметов П.Ы. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Тулебаев Т.А.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы өз бастамасын Орынбор губерниялық мұрағатының негізінде, Қазақ Халық ағарту халық комиссариатының жанынан құрылып, қызметін 1921 жылы қыркүйек айынан бастаған Орталық Өлкелік мұрағатының тарихынан алады.

Қазақ жерінде мұрағат ісін ұйымдастыру жұмысының терең тарихына зер салар болсақ, 1918 жылдың бірінші маусымында шыққан «РКФСР мұрағат ісін қайта құру және оны орталықтандыру» жөніндегі декрет арқылы негізделген болатын. Алайда Қазақстан аумағында мұрағат ісінің дамуы біршама кешірек басталды, оған себеп, Қазан төңкерісі, одан кейін орын алған азаматтық соғыс жылдары мұрағаттар жағдайын нашарлатып жіберді, тіпті олар біржола жойылып кету қаупі алдында да тұрды. 1921 жылдың сәуір айында республика Халық ағарту комиссариатының ғылыми секторы құрамында (кейініректе Академиялық орталық) республиканың Мұрағат бас басқармасы құрылды. Өз қызметін 1921 жылдың сәуір айында бастаған Бас мұрағаттар басқармасы бірінші кезекте ескі режимнен қалған мекемелердің құжаттарын аман сақтап қалу іс – шараларын жүргізеді, осы мақсатта Орынбор қаласында Қазақ өлкелік мұрағатын, сонымен қатар жергілікті жерлерде губерниялық мұрағаттарды ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Осы іспен бірге Орынбор қаласындағы мұрағаттардың сақталу жағдайын анықтау мақсатында инспекциялық тексеру жұмыстары қатар жүргізілген болатын [1].

Қазақ Халық ағарту Халкомы қабылдаған алғашқы 1922 жылы 24 қаңтарындағы ережеде өлкелік мұрағат республика аумағында реттеліп, жүйеге келтірілген аса құнды және маңызды мұрағаттардың негізгі сақтаушысы ретінде ғана қаралса, 1923 жылы жаңадан қабылданған ережеде мұрағат жұмысына жаңа бағыт – мұрағат қызметіне ғылыми сипат беретін мұрағат қорларын ғылыми пайдалану ісі белгіленеді. Мұрағат құжаттарының басым көпшілігі от жалыны шарпыған сол жылдары әдейілеп жойып жіберу, талан таражға салу немесе шашып кету сияқты түрлі себептердің салдарынан жойылып кетті.Соған қарамастан жылдар өте Орталық өлкелік мұрағаттың қызметтері жүйеге келе бастады, басшылықтар тағайындалып орталық өлкелік мұрағат құжаттарды жинақтау және ретке келтіру жұмыстарын бастады. Құжаттар қаладағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің жертөлелерінде шашылып жатты. Тіпті мекеме мұрағаттарының қағаздары көшеде шашылып жатқан жағдайлары да кездесіп отырды. Мұрағат қызметкерлері алдында оларды жинастырып, мұрағат ғимаратына жеткізіп алу міндеттері тұрды. Орталық өлкелік мұрағат қызметінің алғашқы айларында мұрағатқа келесі мекемелердің қорлары келіп түседі: «Оренбургское губернское присутствие» мекемесінің азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істері сонымен қатар «Оренбургский учительский институт», «Реальное училище», «Губсовет Народного хозяйства», «Губкожа», «Продовольственная база Управления Военнопродснабжения Киргизского края» және т.б. қорларының құжаттары ретке келтірілді. Осы уақытта орталық өлкелік мұрағат жаңадан құрылған кеңестік мекемелердің іс жүргізу жұмысына жетекшілік жасап,ондағы мұрағат құжаттарын дұрыс қалыптастыру ісін де қадағалап отырды. Алғашқы кезде Өлкелік мұрағатта бар болғаны төрт адам ғана қызмет ететін жаз айында жинақталған құжаттарды өңдеу мен жүйелеу жұмысына уақытша жұмысшылар жалданатын.

Орталық өлкелік мұрағат қызметкерлері алғашқы жылдары біраз табысты еңбектер атқарып, жыл соңына қарай 69 мұрағаттық қорды жинақтап, құжаттарын техникалық өңдеуден өткізіп, оларға есеп карточкаларын жасай білді.

1923 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті бекіткен Орталық Өлкелік мұрағат туралы ереже негізінде республика мұрағаты Орталық Атқару Комитетінің қарамағына беріледі. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің тікелей қарамағына өтуі арқасында мұрағат басшылары республикалық билік және басқарушы органдарының мәжілістеріне қатынасып, ол отырыстарда мұрағат ісін дамытуда кездесетін келелі мәселелерді шешу жолдарын талқылау мүмкіндігіне ие болды.

1925 жылы Республика орталығының ауысуына байланысты мұрағат Қызыл - Орда қаласына көшірілді. 1928 жылы тамыз айында мұрағаттың ұсынысы бойынша республиканың Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Орталық мұрағатына тарихи-революциялық маңызы бар баспасөз және иллюстративтік материалдардың, негативтердің, фотосуреттердің және бейнефильмдердің, сонымен қатар хандар мен сұлтандардың, «Алаш-Орда» үкіметінің белсенді қайраткерлері мен оларды жақтаушылардың мұрағаттарын тапсыруын міндеттейтін қаулысын қабылдайды [2].

Осы қаулыны негізге ала отырып, Орталық Өлкелік мұрағат белсенді түрде баспасөз және иллюстративтік материалдарды, фотосуреттерді, бейнехроникаларды іздестіріп табу, оларды жинақтау жұмысын бастайды. Алайда, мұрағат қызметкерлері бұл бағасы жоқ құнды тарихи материалдарды жинақтау жұмысын республика үкіметінің мұрағатты жаңа орталыққа – Алматы қаласына көшіруі туралы шешіміне байланысты біраз уақытқа тоқтатуға мәжбүр болды.

Мұрағат қорларын жаңа астанаға көшіру 1928 жылдың қараша айында басталып, 1929 жылы ақпан айына дейін созылды.

Жаңа астанада Орталық Өлкелік мұрағаты мұрағат қорларын орналастыратын арнайы ғимараттың болмауы, сол себепті мұрағат істерін сақтауға қолайлы жағдайдың қалыптаспауы, мұрағат қызметкерлерінің сан бірлігінің қысқартылуы және тағы да басқа кедергілерге кезіккеніне қарамастан, құнды құжаттарды жинақтау жұмысын тоқтатпай, сонымен қатар елде болып жатқан ғылыми-қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатынасқаны белгілі.

Өзге одақтас республикалармен қатар, 1938 жылдың аяғына қарай, Қазақ КСР Мұрағат басқармасы және мұрағаттар Ішкі істер Халкомының қарамағына өтеді. Қазақ КСР Ішкі істер Халкомына қарасты Орталық мұрағат басқармасының 1939 жылдың 3 қаңтарында шыққан бұйрығымен Орталық мұрағат жекеленген екі құрамдас бөлікке бөлінеді: құрамында 9 мұрағатшы қызметкері бар Орталық Қазан төңкерісі мұрағаты және 8 адам бірлігі бар Орталық тарихи мұрағатюолып қалыптаса білді.

Бұл кезеңде Орталық Қазан төңкерісі мұрағатында 1917 жылынан бастап, Қазақстандағы төңкеріс комитеттерінің, атқару комитеттерінің, халық комиссариаттарының азаматтық соғысы кезеңі мен кеңестік билік органдарының алғашқы жылдардағы қызметін айқындайтын құжаттар сақтауда болатын.

Сонымен қатар мұрағатқа кеңестік, кооперативтік, кәсіподақтық және шаруашылық мекемелерінің 1928-1932 жж. аралығындағы құжат қорлары сақтауға алынған еді.Осы кезеңде Тарихи мұрағат Омск, Астрахань, Ташкент қалаларындағы мұрағаттармен Қазақстан тарихына қатысты құжаттардың көшірмесін алу жөнінде келіссөздер жүргізген болатын. Мысалы, осындай келіссөздер нәтижесінде, 1940 жылы Омск қаласы Қазақ КСР Орталық Тарихи мұрағатына Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихына қатысты деректері бар 43 мың іс беріледі. Жалпы алғанда, 1940 жылы қарай саны 200 мыңнан асатын кеңестік дәуірге дейінгі құжаттар жинақталады.

1941 жылы 29 наурызында шыққан № 723 КСРО Халық Комиссарлары қаулысының негізінде, жоғарыда көрсетілген екі жекеленген құрамдас бөліктердің негізінде, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік Қазан төңкерісі мен социалистік құрылысы мұрағаты және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты құрылады [3].

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақ КСР Орталық (Қазан төңкерісі және социалистік құрылысы мұрағатының және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатының негізгі қызметі мұрағат құжаттарын әскери-қорғаныс және халық шаруашылығы мақсатында пайдалануға, мұрағат қорларының елдің қорғаныс күшіне септігі тиетін деректерді іздестіруге және ғылыми-зерттеушілік жұмысын кеңейтуге бағытталады.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақ КСР Орталық Қазан төңкерісі және социалистік құрылысы мұрағаты және Қазақ КСР Орталық Тарихи мұрағатының құжаттарды жинақтап, бір орталыққа шоғырландыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мұрағат құжаттарын халықтық-шаруашылық мақсатта қолдану секілді қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстары жалғасын тапты [4].

1957 жылы қараша айында үш орталық мұрағат – Қазақ КСР Орталық Қазан төңкерісі және социалистік құрылысы мұрағаты, Қазақ КСР Орталық Тарихи мұрағаты және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кинофотофоноқұжаттары мұрағаты біріктіріліп, біртұтас Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатын құрайды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылы 17 маусымындағы № 548 қаулысы негізінде Қазақ Ішкі істер министрлігінің Мұрағат басқармасы және оның қарамағындағы мұрағаттық мекемелер Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарамағына беріледі.

Өткен ғасырдың 60-80 жж. аралығында Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының негізгі қызметі мұрағатты кеңестік дәуір құжаттарымен толықтыруға, олардың құндылығына сараптама жасауға, мұрағат материалдарының сақталуын қамтамасыз етуге, мұрағат құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппаратын жетілдіруге, республикалық министрліктер, ведомстволар, мекемелер мен кәсіпорындардың мұрағаттарының жұмысын әдістемелік басқару мен қадағалауға, мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдаланудағы жұмысын ұйымдастыруға бағытталған болатын.

Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағаты 1962 жылы жаңа арнайы салынған ғимаратқа көшіріліп, бүгінгі күнге дейін осы ғимаратта орналасып келеді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылы 7 ақпанында шыққан № 50 қаулысы негізінде Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының құрамынан бөлініп шыққан екі жаңа жекеленген орталық мұрағаттар – Қазақ КСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатыжәне Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары және дыбыс жазбалары мұрағаты құрылды.

1996 жылы 29 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мұрағаттар және құжаттама бас басқармасы таратылып, оның негізгі функциялары мен өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына беріледі.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 28 сәуіріндегі № 672 қаулысымен бекітілген жаңа ережеге сәйкес, республикалық мұрағат құжаттық материалдардың негізгі сақтаушысы ретіндегі басты қызметіне қоса, елдің мұрағат саласын басқарушы органы ретінде қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының мемлекеттік басқару органы ретінде екі жыл бойы жасаған қызметі барысында «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар» Заң жобасы қайта қаралып, оның 1988 жылы 22 желтоқсанында қабылдануына қол жеткізілді Еліміздің мұрағат ісі тарихында алғаш рет қабылданған бұл акт мұрағат ісінің мемлекеттік қызметтегі жеке дара сала екендігін заңды түрде айғақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар мұрағаттың бұрыннан орындап келе жатқан үш негізгі міндеті – мемлекеттік тарихи-мәдени жазба мұрасын қалыптастыру, оның сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарды қоғам мүддесі тұрғысынан пайдалану қызметтерін атқару үшін құқықтық базасын қалап берді, мұрағат ісін дамытудың және мемлекеттік басқарудың басты бағыттарын анықтады [5].

1999 жылы 7 мамырында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 543 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі қарамағында Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің құрылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өзінің негізгі қызметіне оралды. Қорытындылай келе Патшалық әкімшілік мекемелерінің және алғашқы кеңестік оргондар мен ұйымдардың құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдауынан бастап, қорында XVI-XXI ғасырлардағы аса құнды құжаттары, кеңестік Қазақстанның Орталық мемлекеттік органдары мен тәуелсіздік кезеңінің республикалық ұйымдарының құжаттары сақталған Орталық мемлекеттік мұрағаты өзінің бір ғасырға толмаған қызметінің өзінде еліміздің бас мұрағат қоймасы болып үлгереді. Мемлекет мұрағатына сақтауға өткізілген жеке қорлар мен тарихи – құжаттық коллекциялардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, өнер, ғылым және техника саласы қайраткерлерінің, қатардағы жеке тұлғалардың шоғырланған жеке тектік құжаттары мұрағаттың діңгегі ретінде орын алуда.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚРОММ 4 қор – р. Областное правление оренбургскими киргизами.

2. ҚРОММ 5 қор – р. Центральный Исполнительный Комитет Казахской АССР.

3. ҚРОММ 14 қор – р. Революционный комитет по управлению Киргизским (Казахским) краем.

4. ҚРОММ 1660 қор – р. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.(коллекции документов).

5. ҚРОММ 2300 қор – р. Коллекция копий документов по истории Казахстана, поступивших из зарубежных архивов.


<== предыдущая | следующая ==>
Взгляд врача | Зміст і головні складові Болонського процесу

Date: 2015-07-27; view: 728; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию