Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбекті қорғау және өртке қарсы іс –шаралар





Кәсіпорынды өрттен,жарылыстан қауіпсіздендіруді классификациялау (СН және 1111-9081). Нан зауыты өрт қауіптілігі тұрғысынан алғанда өртке қарсы В2 санатындағы деңгейге жатады. Өртті болдырмаудың,оның алдын-алудың ең басты шарты-оның ошағын тез анықтау және сол мезетте тиісті орындарға хабарлау.Ол үшін өртке қарсы дабыл беру және байланыс жүйелерін орынды пайдалану керек.Кәсіпорында өртке қарсы қорғаныс және дабыл беру жүйесі бар.Осы жүйе арқылы өрт шыққан орынды және өрттің басталғаны туралы дабыл дер кезінде қағылады.Ол өртке қарсы дабыл берудің электр жүйесі арқылы(ЭПС)іске асырылады,осы жүйе арқылы дабыл қағу,байланыс қабылдау станциясы(коммутатор),дыбыс және жарық белгілерін беру іске асырылады.Жылу дабыл қағу жүйесі сезімтал бейметалл пластинкалар,спиральдар немесе серіппелі,ұштары оңай еріп кететін пластинкаларды,сондай-ақ жартылай өткізгіштер,жылу буларын пайдалану арқылы іске қосылады.АТИМ дабыл қағу жүйесі температура белгілі бір деңгейге жеткенде іске қосылады.Бұл дабыл жүйелері температура 60С-ға жеткенде іске қосылады және оның қызуының арту күшіне тәуелсіз жұмыс істейді.Бақылау алаңының көлемі 15м2 болғанда дабыл қағылу мерзімі 2 минут шамасында болады.алайда жылу арқылы дабыл қағу жүйесінің айтарлықтай кемшілігі бар-өрттің басталуы мен дабыл қағылу арасы бірнеше минутқа созылып кетуі мүмкін.

Өрт сөндірудің алғашқы құрал-жабдықтары онша ауқымды емес ошақтарын сөндіруге арналған.Оларға су және көбікті бағыттауға арналған өрт сөндіру крандары,өртсөндіргіш балондары,су толы бөшкелер,күректер,құрғақ құм,асбестен жасалған төсеніштер және басқа да өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар жатады.Жартылай фабрикаттарды,дайын өнімдерді,тараны,құрал-жабдықтарды белгілі бір арнайы бөлінген қоймаларда өрттен қорғау қызметкерлерінің келісімімен сақтау керек.

Өндіріс территориясында темекі шегуге қатаң тыйым салынады.Өндірістегі жайлардың барлығын тазалықта ұстап және сақтау талап етіледі,қалдықтар мен қоқыстар дер кезінде сыртқа шығарылып тұруы керек.Адамдар жүретін,сыртқа шығатын жерлер,коридорлар,тамбурлар,баспалдақтар,шатырдағы орындарда артық ештеңе болмауы және талапқа сай болуы қажет.Әр жұмысшыға арнайы киім беріледі.Жұмыс киімдерін жұмыс орнының әр жеріне қалдырып кетуге болмайды,жылу жүйесінің батареяларында кептіруге тыйым салынады.

Өрт сөндіруге арналған барлық құрал-жабдықтар пайдалануға жарайтын болып,көрінетін жерлерде сақталуға және оларды алу үшін ешқандай кедергілер болмауы тиіс.

Экономикалық бөлім

Жобаның түсініктемесі

1. Жобаның мақсаты

а) өндірістегі желілерді жаңалау жабдықтарымен қамтамасыздандыру “Вернер” Ифляйдерлер фирмасы, ондағы негізгі мақсат өнімнің сапасы, көлемінің жоғары болуы, ассортименттердің түрлерінің өсуі.

ә) өз қарамағында жұмыс істейтін дүкендерді ашу, оның мақсаты пайданың түсімін өсіру үшін.

2. Нан өндіретін Алматыдағы базарларға өткізу, жариялау мақсатында жүзеге асырған.

3. Қаржыландыру схемасы:

Қаржы көлемі – 250000 доллар;

Қаржы түрі – жаңаландырылған қаржы желісі;

Негізгі мақсаты – “Вернер” және Ифляйдерлер фирмасының жабдықтарымен қамсыздану 6 кіші дүкендерді салу;

Қаржыны пайдаланғаны үшін 18% жылдық төлем – ай сайын;

Негізгі қаржы бөлігін қайтару – ай сайын 3 айдан бастап;

Негізгі қаржыға льгот мерзімі – ай;

Қамсыздандыру – жабдықтар соның ішінде шет фирманың жабдықтары;

Проектті іске қажеттілігі.

Мекеменің еңбегі және жалақысы

Бұл комбинатта, басты рольді еңбек алады. Еңбек кооперациясы бұл басқа жұмысшы группалармен арасындағы және орындайтын бір немесе бірнеше еңбек процестері арасындағы бірегей жүйесі. Олар өндірісті жұмыстың ритмділігін еңбек ресурс, өндіріс қуатын қамтамасыз етеді. Жалақының негізгі принципі жұмысшылардың квалификациясына, мінезіне, жұмысты орындау ауырлығына және тәсіліне байланысты. Олар тарифтік жүйе бойымен жүреді. Белгілі уақытта жасалған еңбекке және өнім түріне байланысты төленуді, жасалған премиалдық жалақы жүйесі. Ол жұмысшылардың жоғарғы тіке істелген жұмысқа байланысты жүргізеді және де өнімнің сапасына байланысты да төленеді. Бұл премия дегеніміз – жалақыға қосылатын қосымша жалақыны айтады.

Өндірістегі өзіндік құны өнімнің ең басты көрсеткіші, ол өзіндік құн көрсеткіші шығындардың ақшалай түрінде бөлінеді, яғни ол өндіріске және өнімнің өтуіне тәуелді.

Анализі және жоспары өнімнің келесі белгілерден өтеді:

1. Негізгі шикізат;

2. Қосымша негізгі материалдар;

3. Тасымалдаушы шығындар ұн және басқа заттар тасымалдау;

4. Орау материалдар;

5. Жанармай және электр жүйесі технологиялық цехтары;

6. Өндірістегі жұмысшының негізгі жалақысы;

7. Қосымша жалақы;

8. Әлеуметтік сақтандырудан шығу;

9. Жабдықтар эксплуатациясы және мазмұндық шығыны;

10. Өндірісті және дайындау шығындары;

11. Жалпы шаруашылықты шығындар;

12. Өндірістің шығындары;

13. Өндіріс ішіндегі шығындар;

14. Толық өзіндік құны.

Реализация және өнім арасындағы қатынас мына формуламен

есептеледі: Р=Т+(Q1+Q2).

Т – өнім түрінің көлемі, Q1,Q2 – реализацияланбаған өнім қалдықтары.

Бастапқы және соңғы жоба периоды мынаған тең

Нан-тоқаш өнімдері – 171,130м

Өнімнің көлемдік құны 482,988 теңгені құрайды.

Өндірістік өнімдерге келесі топ өнімдер жатады:

1. Бидай ұнынан жасалған нан;

2. Бидай және қара бидайдан жасалған нан;

3. Булочка өнімдері;

Қабатталған нан өнімдерді өндіру 3 цехта қарастырылады:

1. Нан цехы;

2. Круассан цехы;

3. Булочка цехы.

Нан цехындағы өндірілетін өнім түрлерінің өлшемдері:

1. Жай нан 1 сорт ұннан. Формаланған м-0,05г тәулігіне 35-38м жалпы өндіріс бойынша 61,5%;

2. Крестьянский нан қара бидай ұннан дайындау домалақ 0,75кг

12-13т/т;

3. Кесілген батон жоғары сортты салмағы 0,4м тәулігіне 2-3тонна;

4. Домалақ ақ нан салмағы 0,55кг тәулігіне 2-3тонна;

5. Здоровье наны 1 сорт ұнынан дайындалады. Салмағы 0,45кг 0,8т/тәулігіне.

Өндіріс қуаты:

Нан өнімдері – 142,8т/тәу (87%)

Үздіксіздік өндірісті рационалдық емес үзілістердің жоғарғы жүрістерін қабылдайды. Үздіксіздік коэффициенті 0,20% соңынан қарапайымы 20% немесе 1,6 сағаттық ауысымды құрайды.

Жүктеу коэффициенті – өндірістік тапсырманың техника экономикалық нормаларының машиналарына қолдану арқылы анықтайды.

Жүктеу коэффициентінің жабдықтары мынадай:

1. Бұрат - 69% (0,62/0,9)

2. И8-ХТА – 91% (0,62/0,88)

3. Күзбас – 63% (0,62/0,98)

4. Т-ХРЗ-140 – 79% (0,62/0,78)

Өндіріс процесі – жұмыс процесінен, өндіріс әрекеттерінің өзара қатынасы бір немесе бірнеше жұмысшылар тобының жұмысынан тұрады.

 

Date: 2015-07-27; view: 2132; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию