Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техника қауіпсіздік ережесі





Барлық мамандық жұмысшылары үшін өндірістік санитария

I. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру.

1.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды,нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

2.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және бңлңмдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек және уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.

3.Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еібек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып,жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді.Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерге жұмысқа жіберілмейді.

4.Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсізігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды мезгіл- мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

II. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқыққтары

1.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықалған жұмыс орнына;

2.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі,сондай –ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық -тұрмыстық үй – жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

3.еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;

4.өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;

5.денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

6.ҚР.заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажет білім алуға және кәсіптік даярлыққа;

7.жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы,өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) немесе қауіпті өндірістік фокторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы дәйекті ақпарат алуға;

8.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

9.жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар;

10.өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың)белгілері сондай –ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға.

III.Қызметкерлерлі міндетті медициналық тексеру

1.Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді ҚР. Заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.

2.ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау салсындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

IV.Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы

1.Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс.

V.Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс

1.Еңбек Кодексінің 98 бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкерлердің жазбаша келісімімен жол беріледі;

2.Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкерлердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе Еңбек Кодексінің 128 бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.

 

 

Date: 2015-07-27; view: 4930; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию