Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Тақырып:Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа





Тақырып: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа.

Дәрістің мазмұны: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдері. Оңтүстік-Шығыс Европа үшін болашақ стратегиясы. 1999 ж. тұрақтылық пактісі және оның қамтамасыз етілуі. Югославия, ондағы демократиялық және саяси қайта құрулар.Балкандағы интегрциялық процестер. Нафта ролі.

1990-1991 жылдары шешімдерді қабылдау негізінде Шығыс Европадағы коммунизмнің құлдырауымен және КСРО-ғы реформалардың жалғасуымен басты себеп Европа бытыраңқылығы екінші орында қалғандығы болды. Шығыс континентіндегі реформалар уақытты қажет ететіндігін түсінген СБСЕ мүшелері біріккен демократиялық Европаға жол – құндылықтар Хартиясында бекітілген Шығыс пен Батыс арасындағы жақындасу негізінде ашылатындығына көзі жетті. Бұған 80-90 жылдарда құрыла бастаған европалық мемлекеттердің қарым-қатынастарындағы жаңа механизмдер ықпал етілуіне шақырылды. Оларға келесі үрдістер кіреді:

- СБСЕ аясында саяси диалог пен қарым-қатынастардың институционализациясы;

- Шығыс (СЭВ, ОВД) пен Батыс (НАТО, ЕО, ЗЕС) елдерінің көп жақты ұйымдардың реформасы;

- Бір жағынан НАТО, ЕО, ЗЕС, Европа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты дамыту, екінші жағынан Шығыс Европа мемлекеттерімен;

- Субаймақтық ұйымдардың қалыптасуы, олрдың қатарларына Орталық европалық инициатива, Вишеградтық топ, Балтық теңізі мемлекеттерінің Кеңесі (СБЕР), Қара Теңіз экономикалық ынтымақтастық, Оңтүстік Шығыс Европағы ынтымақтастық бойынша инициатива.

Түрлі жалпы Европалық, аймақтық және субаймақтық ынтымақтастық формаларының бірігуі Европада мемлекет аралық қатынастардың жаңа жүйесінің құрылу үрдісін қамтамасыз ету керек еді. Алайда, 90 жылдардағы оқиғалар көптеген жоспарлардың орындалуына күмән келтірді.

1. Аз уақыт ішінде Қырғи қабақ соғысы кезінде Шығыс Европада КСРО билігін қамтамасыз еткен ұйымдар өз қызметін тоқтатты. 1990 жылдың аяғында Орталық және Шығыс Европа (ЦВЕ) елдерінде өрістеген кеңес басшылығының «Брежнев Доктринасы» үлгісіне қайтадан келу үрейі 1991 жылы-СЭВ пен ОВД тағдырын анықтады. 1991 жылдың 27 маусымында СЭВ-ті тарату туралы, ал 1 шілдеден бастап Варшава ұйымы қызметін тоқтату туралы протоколға қол қойылды. 1991 жылы ЦВЕ елдері КСРО-мен екі жақты саяси келісімді қайта қарау үрдісін тездетті. Кеңес әскерлері Венгрия, Польша және Чехословакиядан шығарылды. ЦВЕ елдерінің жаңа сыртқы саяси жүйесі құрылды, олар өздерінің басты міндетін Европа Кеңесі, ЕО және НАТО-ң ИНтеграциясынан көрді.

2. Югославия дағдарысының пайда болуы, 1991 жылғы Сербияның және федерация құрамынан шығуға тілек білдірген Хорватия мен Словения арасындағы әскери қарама-қайшылықтардың басталуы, ал 1992 жылғы Босния мен Герцеговинадағы (БиГ) соғыс; 1991 жылдың аяғында КСРО-ң ыдырауы-барлығы Европадағы жағдайлардың терең өзгерісіне алып келді.

3. Жаңа жағдайда өздерінің рөлін Батыс Европалық (ЕО, ЗЕС, Европа Кеңесі) және Евро-атлангтикалық ынтымақтастық (НАТО) институттары сақтап қалды. Алайда, бұл ұйымдар да европалық даму проблемасын шешуде өздерінің жаңа рөлін анықтау қажеті туындады, сонымен қатар посткоммунистік мемлекеттермен жаңа қатынастарды құру тұрды.

 

Date: 2015-07-27; view: 1144; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию