Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылымда теориялық пен эмпириялық, фундаменталдық пен қолданбалы түрлері





Қолданылған әдебиеттер:

1. Аристотель. Физика. / Философы Греции. Основы основ: логика, физика, этика. – М.: ЭКСМО-Пресс; Харьков: Фолио, 2000.2. Ойзерман Т.И. Философия как единство научного и вненаучного познания. // Научные и вненаучные формы мышления (доклады российско-немецкой научной конференции «Научные и вненаучные формы мышления». Москва, апрель 1995 г.) – М., 1996.

Абстактілі /дерексіз/ объект – теорияда когнитивті түрде көрсетіліп қоршаған ортаның мәндік жақтары мен қасиеттерін, заттар мен құбылыстардың ара қатынасын шағылыстратын ғылыми танымның объектісі. Қазіргі ғылыми танымда абстрактілі объект тек эмпириялық тәжірибенің сонша көп объектілерін емес, тағы да абстракцияның алғашқы деңгейіндегі абстрактілі объектілерін де ұсынады.

Жалпылау негізі – жалпылаудың шарттар жиынтығы. Жалпылау процедурасының шартына - эмпириялық фактілерді бекітетін протоколдық пікірлер мен сөйлемдер; класстардың абстрактілі өкілдері туралы пікірлер /«Локктың ережесі» үшін/; жалпылау жүргізуге арналған еркін өзгергіші бар формула; анықтамалар, анықтамалар конфигурациясы және теориялар - жатады.

Абстракция аралығы /интервалы/ - бұл ұғым анау әлде басқа абстракцияның рационалдылығының дәлелдеу шегін және оның «пәндік ақиқаттылығың» және эмпириялық, логикалық тәсілдермен алынған, бағдарлама арқылы анықталатың қолдану шекті көрсетеді. Методологияға «абстракция аралығы» деген ұғымды еңгізуінің қажетті себептеріне ғылыми абстракцияны дәлелдеу идеясы, соған қоса, абстракциялау процестері мен нәтижелері қатысты. Зерттеуші таным процесінде абстракциялауға қажетті ережелерімен, нақты қойылған мақсатымен жетеді. Ғылымда әр алаңдаушылық акт ақиқатқа жету мақсатпен негізделген сон, танымдық іс-әрекетте де адамның абстракцияға деген қабілетінің ерекшелігін ескеруді қажет етеді. Бірінші, объектті тану процесінде абстракцияның нәтижесі үшін сол алаңдау заттан жат болып, ал абстракталған объекттің мазмұның толтыруші релевантті болу керек. Екінші, зерттеуші білу керек қандай шекке дейін алаңдаудың заңды күші белсенді. Үшінші, күрделі объектілерді зерттеу барысында оның шектерінің көп өлшемді кеңістіктегі проекция жиынының концептуалды жайылуын шығару қажет. Төртінші, нақты бір кезеңде абстракциялау аралығына қатысты концептуалдық жиынды ортақ конфигурацияға біріктіріп, осы объектінің келешек көріністерінен алаңдау қажет.

Модель /үлгі/ - тәжірибелік үлгі әлде оригинал ретінде ұсынылған зерттелетін объектің бағдарлама-таңбалық аналогі /ұқсас түрі/. Бір объект /макет, құрылыс, таңбалық жүйе т.б./ тек оның және басқа заттың /оригинал, үлгі/ арасында осы бекітілген абстракция аралығында теңдік қатысы болса ғана модель /үлгі/ ролін атқара алады. Осы мағынада модель /үлгі/ зерттелетін объектің /оригиналдың/ изоморфолық әлде гомоморфолық бейнесі.

Бақылау – танымның қойылған мақсаты бойынша адамның сезім түйсік органдары арқылы фактуалды бағдарламаны алу. Ғылыми бақылау нақты қойылған мақсатымен, жүйелілігімен, әр-түрлі приборлар мен операционалды құралдарды қолданумен ерекшелінеді. Сол тұрғыда нақтылық пен дәлелділікке сәйкес, объективтілікке және нәтижелерді жаңғырта алатың осы бақылау әдісі үстемді роль алады.

Ғылыми заң – ғылыми білімнің ұйымдастыру түрі, яғни, зерттелетін пәндік аймақтың қасиеті мен ара қатынасы туралы жалпы тұжырам тудыру. Ғылыми заңның логикалық түрі келесі: "А ((x) É B(x)), оның ішінде, " - жалпылау кванторы («барлығы»), x – нақты өзгергіш, оның мағынасы анықсыз-шекті әлде шексіз класс болып табылады, É - импликация белгісі, А, B – кейбір қасиеттері мен қатынасын анықтайтын атаулар. Нақты өзгергішке қарай ғылыми заңдар екіге бөлінеді: эмпириялық заңдар / «Барлық заттарды қыздырғанда олар кеңейтіледі»/ және теориялық /F=ma/. А және B класстарының арасындағы қатынас бойынша статикалық /А классы B классына толық кіреді/ және динамикалық /жартылай кіреді/ заңдар мүмкін. А және B мағынасы бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік т.б. заңдар мүмкін.

Жалпылау – нақтыдан жалпыға ойлау арқылы білім өсіру /көбейту/ әдісі. Жалпылау дегеніміз бір анықтаманың шеңберінде көп түрлі заттар мен құбылыстарды бір-біріне теңдеу арқылы жалпы принциптерді шығаруға негізделген ғылыми танымның маңызды бір тәсілі.

Құрал – жасамды әлде табиғи материалды құрылу түрінде зерттелетін объект туралы бағдарламаны алуға арналған танымдық құрал. Бағдарламаны алу ерекшелігіне қарай олар сандық пен сапалыққа бөлінеді; қызмет сипатына қарай – күшейту-құралдар, анализаторлар, өзгертушілер және тіркеушілерге бөлінеді.

Теориялық білім – эмпириялық пен метатеориялық аралағындағы ғылыми білімнің бір деңгейі. Сапалық түрғыдан эмпириялық білімнен өзінің мазмұнымен, пәнімен ерекше. Теориялық білімнің пәніне ойлау арқылы эмпириялық объектілерді идеализациялау /идеалдандыру/ арқылы /материалдық нүкте, идеалды газ т.б./ және анықтама арқылы еңгізілген /математикалық құралдар/ идеалды объектілер жатады. Теориялық білімнің өзгешелігі: логикалық ұйымдастырудан жоғары деңгейге ие, пікірлері әр-қашанда дәлелденген, олар дедуктивті-аксиоматикалық әдіс арқылы шешіледі.

Ғылыми білімнің деңгейлері – пәндік, әдістік, қызмет тұрғысынан ерекше болатын ғылыми білімнің түрлері; өзгеше ғылыми пәндік шеңберінде ортақ жүйе құрастырады. Әр жетілген нақты-ғылыми пәнде келесі үш деңгейді көрсетуге болады: эмпириялық, теориялық және метатеориялық. Олардың арасындағы бірлік әр ғылыми пәннің өзгеше дербестігіне, тұрақтылығына және өзіндік негіз арқылы дамуына ықпал етеді.

Факт – эмпириялық және теориялық білімді құрастыруда қатысатын тәжірибе буыны; бағдарлама құралдарымен бейімделген эмпириялық реалдылық /мәтіндер, формулалар, фотосуреттер, видеопленкалар т.б./. Факт гносеологиялық тұрғыда көп қырлы құрылыстың иесі: 1. объективті бар /реалды процестер, жағдайлар, қатынастар, қасиеттер т.б./; 2. бағдарламаны құрастыратын /бағдарлама бетістірушілері/; 3. фактілердің практикалық детерминациясы /бақылаудың, өлшеудің, эксперименттің сандық және сапалық мүмкіндіктері/; 4. фактілердің когнитивтік детерминациясы /теорияның алғашқы абстракциясынан, теориялық, психологиялық және әлеуметтік-мәдени ұстанымдарынан тәуелділігі/.

Эмпириялық білім – рационалды танымның төменгі деңгейі; нақты тіл құралдар /бақыладыдың нақты сөйлемдері, графиктер, табиғи классификациялар т.б./ түрінде бекітілген, ой қорытудан өткен эмпириялық /абстрактілі/ объектілер туралы бақылау мен эксперимент нәтижелерінің пікір жиынтығы. Эмпириялық білімді бір жағынан сезімдік білімнен, екінші – теориялық білімнен ажырату қажет.

Ғылыми білім қиын құрылыстан тұратын, дамуға бейімделген біртұтас жүйе. Құрылыс болғансон жүйенің элементтерінің арасында тұрақты байланыс бар екендігі анық. Ғылыми білімнің құрылымы оның әр-түрлі қырында, соған қатысты – өзгеше элементтерінің жиынтығында көрінеді.

Ғылыми таным объект пен субъекттің тығыз байланысы болғансон, соңғы келесі компоненттерден тұрады:

а) Ғылым субъектісінің – негізгі элементтері: өзгеше зерттеуші, ғылыми ұжым, ғылыми топ, т.б. – түбінде тұтас қоғам. Ғылым субъекттері объекттердің қасиеттерін, қатынастарын, жақтарын және объекттердің класс /материалдық пен рухани/ түріндегі қатынастарын осы жағдайда және осы уақытта зерттейді.

б) Объект /пән, пәндік аймағы /, яғни ол, ғылым әлде ғылыми пәнде танылатын дүние. Басқаша айытқанда, зерттеушінің ақылы бағытталған, суреттелген, сипатталған, анықталған, оймен қорытылған.

«Пән» деген ұғым объектілерді түсіндіретін заң жүйесін көрсетуге арналған /мысалы, дамудың жалпы заны - диалектика/. Объект туралы білім дамығанда оның жаңа қырлары, жақтары, байланыстары айқын болады. Танымның пәні – материалды болуы мүмкін /атом, тірі организімдер, электромагниттік поле, галактика т.б./ әлде идеалды /таным процесі, концепциялар, теориялар, ұғымдар т.б./. Солай, гносеологиялық тұрғыдан субъект пен объекттің айырмашылығы ықтималды және пәндікке объектің қасиеті мен белгілері кіреді.

в) Пәндік ерекшелікпен негізделген, осы пәнге әлде ғылыми пәнге лайық әдіс пен тәсіл жүйесі.

г) Өзіне лайық өзгеше табиғи және жасамды тіл /таңбалар, символдар, математикалық шешімдер, химиялық формулалар т.б./.

Қазіргі ғылымның классификациясы:

1) таным әдісі мен пәні бойынша:

· табиғаттану – табиғат туралы ғылымдар;

· қоғам туралы білімдер (гуманитарлық пен әлеуметтік ғылымдар);

· таным мен ойлау туралы (логика, гносеология, диалектика, эпистемология және т.б.);

· техникалық ғылымдар;

· қазіргі математика – табиғаттану ғылымдарға қатысы жоқ, бірақ олардың ойлауының күрделі элементттеріне жатады.

2) практикадан «қашықтау» бойынша:

· Фундаменталды, яғни, реалды әлемнің негізгі заңдары мен принциптерін анықтайды, практикаға тікелей қатысы жоқ;

· қолдану – фундаменталды ғылымдармен орнатылған заңдылықтарға негізделіп ғылыми танымның нәтижелерін тікелей нақты өндірістік пен әлеуметтік-практикалық мақсатарды шешуге арналады.

3) табиғаттану ғылымдарының негізгі сфералары бойынша (материя, өмір, адам, Жер, Ғарыш):

· физика -> химиялық физика -> химия;

· биология -> ботаника -> зоология;

· анатомия -> физиология -> эволюциялық ілім -> тектідлік туралы ілім;

· геология -> минералогия -> петрография -> палеонтология -> физикалық география және Жер туралы басқа ғылымдар;

· астрономия -> астрофизика -> астрохимия және Ғарыш туралы басқа ғылымдар.

4) гуманитарлық ғылымдар өз ішінде де бөлінеді: тарих, археология, экономикалық теория, саясаттану, мәдениеттану, экономикалық география, әлеуметтану, өнертану және т.б.

Бақылау сұрақтар:

1. Ғылыми білімнің құрылысы дәстүрлі пікір бойынша қандай элементтерді қамтиды?

2. Ғылымның субъектісі дегеніміз не?

3. Ғылымның объектісі дегеніміз не?

4. Гносеологиялық принциптің қағидасы және анықтамасы?

5. Эмпириялық білімнің құрылымы қандай элементтерді қамтиды?

6. Теориялық білімнің құрылымы қандай элементтерді қамтиды?

7. Ғылымның қлассификациясының негізгі түрлері.

8. Эмпирия мен теорияның қатынасын қалай түсінесіз?

 

Date: 2015-07-27; view: 1812; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию