Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама концепциясы





Қолданылған әдебиеттер:

1. Поппер К.. Логика и рост научного знания. М., 1983.

2. Философия и методология науки. Часть1. - М.; 1994.

3. Философия и методология науки. Часть2. - М.; 1994.

4. Имре Лакатос. Доказательства и опровержения. - М.; 1967.

5. Лакатос И. Фальсификация и методология программ научного исследования. - М. 1995.

Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) – британдық философ. Австрияда дүниеге келді, әуелі физика, математика мен психологияны содан кейін философияны Вена университетінде меңгерген, 1937-1945 жж. Жаңа Зеландияда философиядан дәріс оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның экономика мен саяси ғылымдар мектебінде профессор, логикадан дәріс оқыған, 1949-1969 жж. сол мектепте логика мен ғылым методологиясының профессоры. Вена ұжымының дискуссияларына қатысқан, оның бағдарламасына сынау жасаған; 1946 ж. бастап, өзінің шәкірттерімен бірге ғылым философиясында сыңшыл рационализм аталатын жаңа бағытты қалыптастырған. Поппердің шәкірттерінің қатарына кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс, У. Бартли т.б.

Карл Поппердің концепциясына тәрізді келесі ұғымдар: демаркация мәселесі; фальсификация мәселесі; фаллибилизм принципі; «үш әлем» туралы теория.

Демаркация мәселесі – Поппердің философиялық концепциясында бұл мәселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату әдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация әдісі жатады.

Фальсификация мәселесі – Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация /ажырату/ жасауға ұсынылған принцип. Бұл принцип бойынша ғылымға қатысты әр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.

Фаллибилизм принципі – бұл Поппердің концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.

«Үш әлем» туралы теория – бұл К. Поппердің философиялық концепциясының теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі, екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және 2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз. Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және өсуін анализдеу – ғылым философиясының пәні болып табылады.

Фальсификация (лат. falsus — жалған және facio — істеймін) — гипотезаның әлде теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сәйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау принципінен ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нәтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.

Имре Лакатос (Лакатош) (1922-1973 жж.) Венгрияда дүниеге келген. 2-ші дүние жүзілік соғыста антифашистик қозғалысқа қатысты. Өзінің Липщиц деген еврей фамилиясын венгрлік Мольнарға (Мельник) ауыстырды, содан соң Венгрияда коммунистік үкімет орнаған соң – дүниежүзілік және европа философия әлемінде аты қалған Лакатошқа (Столяр) ауысты. 1947 жылдары Білім Министрлігінде жұмыс атқарды, диссиденттік көзқарастарына байланысты түрмеге отырды. 1956 жылдары Австрияға, одан Англияға жер аударды. Кембриджде сабақ берді, 1960 жылдары Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі К. Поппер бастаған европаның «критикалық рационализмі» орталығы болған философия кафедрасында сабақ берді. Математиканың философиялық сұрақтары бойынша тақырыпқа арналған диссертациясын Москва университетінде дайындады. 60-70 жылдары Имре Лакатос есімі жарқын шыға бастады. Ол өзінің ұстазы Карл Поппермен пікір таластарда бәсекелесе бастады, бірақ Лакатос өз ұстазының жұмыстарын ары қарай жалғастырды. Оның ойынша барлық методологиялық концепция историографиялық, яғни тарихи болуы тиіс, ал оның бағасын ғылым тарихы беруі тиім. Лакатосты «рыцарь рационалист» деп атады, өйткені ол сыншыл рационализм приципін ұстанды. Оның «Очерки по логике математического открытия» /«Математимкалық жаңалық ашу логикасы туралы очерктер»/ деген докторлық диссертациясы кең көлемді әйгілікке ие болды, және сол диссертация негізінде жазылған кітабы «Доказательство и опровержения» /«Дәлелдер және жоққа шығару»/ жарық көрді (орыс аудармасы 1967 ж. шықты). Жоғарғы ұрпақ философтары бұл кітаптан алған әсерлері «таза бір самал жел» сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын тез тапты, сол еңбектен цитаталар келтірілді, көптеген докторлық диссертациялардың қолданылған әдебиеттер тізімінен көруге болатын. Өз еңбегінде әдеби жанрмен дәстүрлі платондық диалогтарды еске түсірді. Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мәңгілік және күдікті шындықтар болып табылмайды, ол драматикалық процестер мен тұспалдан тұрады, математика басқа ғылым салаларындағы ғалымдардай «жаңалықтар ашады» деген. Лакатос шамалы, бірақ мағнасы жағынан көлемді жұмыстар жазды. Тағы бір атап өтетін еңбегі «Ғылыми – зерттеу бағдарламаның методологиясы» концепциясы.

Имре Лакатостың концепцияларына тәрізді келесі ұғымдар: ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы»/, гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика.

Ғылыми-зерттеу бағдарлама – И. Лакатоспен құрылған ғылым дамуының универсалды логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологисы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойнша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты және бір-бірін алмастыратың зерттеу бағдарламалар. Зерттеу бағдарламаның құрылыстық элементтеріне оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.

Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/» – бұл И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында – оның шарт түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.

Гипотезалардың «қорғау белдігі» – бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа келтіруден сақтайтың негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылыс. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай әлде толық түрде айырбасталуы мүмкін.

«Аd hoc» гипотезасы – «қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.

Жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика – зерттеу бағдарламаның келешегінде перcпективті /«жағымды эвристика»/ және бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтің нормативтік ережелер туралы анықтамалар.

Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогресивтік және азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатың және гипотезалардың ұсынуына активті түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогресивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламаның дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте ad hoc гипотезаларының саны өсе бастайды.

Бақылау сұрақтары:

1. К. Поппердің сыншыл рационализм атты принципін қалай түсінуге болады?

2. Фальсификация және фальсифицияландыру, демаркация ұғымдардың ерекшелігі.

3. К. Поппердің фаллибилизм приципі ғылымның даму мәселесін шешуінде қандай ұсыныс әкеледі?

4. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдараламасының құрылысы.

5. Фальсификацияның қандай үш типін И. Лакатос ұсынған?

6. Позитивті және негативті эвристикалардың мағынасы.

 








Date: 2015-07-27; view: 798; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию