Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылыми таным әдістерінің классификациясы





Қолданылған әдебиеттер:

1. Розин В.М. Философия и методология: традиция и современность // Вопросы философии. 1996. № 11.

2. Гуссерль Э. Философия как строгая наука. Новочеркасск. 1994.

3. Швырев B.C. Теоретическое и эмпирическое в научном познании. М., 1978.

4. Г. фон Вригт. Логико-философские исследования. М., 1986.

Таным – бағдарламаларды сақтау, құрастыру, жинау, сараптау және қайта өндеу бойынша сезім мен ойлау іс-әрекеті.

Методология – білімді практикалық тұрғыдан қолдану, құрастыру, жаңғыртудың эффективтік тәсілдерін орнату принциптерінің жүйесі.

Эпистемология – (грекше таным, оқу, сөз) таным теориясы, гносеология. Бұл термин американ, француз және неміс философиясында кең қолданылған. Терминнің шығуы философияны онтология және эпистемологияға бөлген шотлан философы Дж. Ф. Ферьеден туындайды («Метафизика негіздері», 1854 ж.).

Рационализм – таным теориясын ақыл-ойдың көмегімен қолдану. Рационализімге сүйене отырып, жалпылық және қажеттілік жетілген білімнің логикалық белгісі, оның тәжірибесінен және жалпылығынан бөліп қарастырмайды. Олар ақыл ойдан және түсініктен, яғни ақыл-ойдың туғанынан бастап беріледі (Декарттың теориялық идеялары) немесе ойдың болжамы ретінде түсініктен алынған.

Эмпиризм – таным теориясы туралы ілім, ол бойынша ақиқатты тәжірибе арқылы тануға болады. Бұл ілім сезімдік тәжірибені білімнің жалғыз қайнар көзі деп есептейді, барлық білім тек тәжірибе арқылы келеді дейді.

Сенсуализм – сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу. Бұл білім саласы танымды сезіну арқылы танудың бір бөлімі.

Солипсизм – (solo – жалғыз, ipse - өзім) – субъективті идеализмнің шекті түрі.

Агностицизм – (гр. білім және жоққа шығару) әлемді толық танып-білуге болмайды деп қарастыратын білім саласы.

Методология принциптері - әдістер, тәсілдер, методикалар жүйелердің негізгі ережелері мен негізі болып табылады.

Эмпириялық білім – рационалды білімнің төменгі түрі, эмпириялық объектерді бақылау операцияның нәтижелері мен эксперименттердің қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін және тіл тәсілдер арқылы қорытындалатын білім.

Эмпириялық танымның әдістері – бақылау, эксперимент, сипаттама, абстракциялау, индукция, материалдық модельдеу, экстраполяция т.б.

Теориялық білім – білімнің эмпириялық пен метатеориялық деңгейлердің арасындағы білім; өз пәндігімен эмпириялық білімнен ерекше; олар – идеалдық объектілер; логикалық ұйымдастыру деңгейі жоғары; дедуктивтік-аксиоматикалық әдістер арқылы дәлелденеді.

Теориялық әдістер – идеалдандыру, ойлау эксперимент, математикалық модельдеу, білімнің логикалық үйымдастыру, дәлелдеу, интерпретация т.б.

Эврилогия - әлеуметтік маңыздылығы бар, жаңалық, жаңа идея, жаңа теория мен жасамды материалды объектерді жасау жолдар мен тәсілдер туралы ғылым; шығармашылық теория оның синонимі болып табылады; объектке бағытталған пікірлер + шығармашылық процестердің психологиялық механизмі + шығармашылықты меңгеру, продуктивтік турін нығайтатын себептерді қамтитын хронотоптік пікірлер; 3 бөліктен тұрады: шығармашылықтың онтологиялық негіздері, шығармашылық процестің нерв жүйесімен ми өзгешелімен байланыс түрі, индивидуалды шығармашылықтың өзгешелігі туралы /методикалық шығармашылық туралы теория қазір актуалды/.

Методологиялық сана – продуктивті зерттеу іс-әрекетке жету үшін және ғылымдылықтың мөлшері туралы ғылыми ұжыммен қабылданған пікірлердің жиыны, кең түрде ғалымдармен профессионалдық қызметінде қолдалынады.

Метатеориялық танымның әдістері – ғылыми теориялардың негіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен әдістерінің философиялық интерпретациялау, ғылыми теориялардың әлеуметтік және практикалық қажеттілігіне баға беру т.б.

Негізгі методологиялық принциптер:

1. Даму принципі - бүкіл заттар мен құбылыстарың өзгеруі, дамуы, бір-біріне көшуі туралы принцип. 2. Детерминизм принципі /анықтаймын/ - бүкіл әлемдегі процестер, табиғат пен қоғамның жалпы заңдылыққа, себептілікке негізделетіндігің анықтау. 3. Жүйелі принцип – бүкіл әлем бір-бірімен байланыста тұратын тұтас дүние. 4. Объективтеу принципі – таным процесінде субъект пен объект арасындағы қатынасты дұрыс түсінуге бейімдейді. 5. Жанжақты принцип – таным процесінде бүкіл байланыспен, қатынастар мен заттардын қасиеттерін ескерту қажет. 6. Тәжірибе принципі – керек, қандай болу керек деген тұрғыдан таным процесті өткізу, себебі, таным адамның өзгерту қызметімен, дүниені шығармашылық себеппен меңгеру деп түсіну. Методологияның мақсаты ғылыми және әлеуметтік ережелер мен нормалар, әрекет әдістерін тану болады.

Тарихи әдіс мәні объектінің пайда болу, қалыптасу және даму жолын тарихи тұрғыдан барлық бұрылыстары мен кездейсоқтықтарын ескере отырьш, даму кезендерін хроникалық ретпен зерттеп шығуға келіп саяды.

Логикалық әдіс тарихи процестің басты мазмұнын, өзегін қамтиды. Ол объектінің даму жолындағы елеулі, мәнді кезеңдерді, негізгі зандылықтарды көрсетеді. Осы заманғы ғылыми танымда жуйелік-құрылымдық әдіс кең қолданылады. Бұл әдіс зерттелетін объектіні өте күрделі, өзіне тән құрылымы, құрамындағы элементтердің жүйелі байланысы бар құбылыс ретінде қарастырады. Дүниедегі заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы ғылыми білім сан алуан түрде бейнеленеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Танымның философиялық методологиясының мазмұны нені қамтиды?

2. Ғылыми танымның өзгешелігі.

3. Ғылыми танымның типологиясы мен әдістер қлассификациясының қатынасын көрсетіңіз.

4. Эмпириялық танымның әдістеріне не жатады?

5. Теориялық танымның әдістеріне не жатады?

6. Метатеориялық таным дегеніміз не?

7. Метатеориялық әдістерге не жатады?

 

Date: 2015-07-27; view: 2036; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию