Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер





1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. 3 Александр патш-ң Түркістан өлкесін басқару т\ы 1886 ж 2-маусмда қол қойған жарлығы кең байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. 1886 ж ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем.меншігіне беру болды. Ол қазақтардың экон.-қ әл-ауқатының негізгі нысаны мал шар\ығына оарсан нұқсан келтірді. 1886 ереженің отаршылдық бағыты салық жүйесінен де көрініс тапты. Ол негізі 67 ж.уақытша ереженің баптарын қайталады. Әңгіме әр-түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейту жайынжа ғана боды. 1891ж ережеде әскери ж\е әкімшілік билікті біріктіру принципі қалпына келтірілді. Әскери губернатор атағы дала өлкесіндегі барлық облыстық әкімшілік басшыларына берілді. 1891 ж реформа б\ша барлық облыстарда мем.мүлік министірлігінің мекемелері құрылды. Олар екі жақты бағынышты болды. Министірлікке ж\е облыстың әскери губернаторына бағынды.1891 ж ережемен дала генерал губернаторлығында салық инспекциясы, кен басқармасы, кеден ж\е акциз бөлімдері құрылды.Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі.

Капиталистік Ресей ұлт-қ аудан-ң, соның ішіндк қаз-ң әлеум –эконом—қ ж/е саяси дамуына барған сайын өсе түскен ықпалын жасамай отыра алмады. 1867-68ж. әкімшілік реформалар қазақтар-ң жаңа көтер-н тудырды. 19ғ-ң 60ж-да алғ. жартысында Қаз-да, әсіресе кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай хал. Наразылығы орын алды. Көшпелі хал-ң ашу ызасын туғызған патша үкіметі-ң салық саясаты-ң күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер ауқатты отбасылар бірдей міндеткерліктер атқарды. Сал-р мен міндеткер-ң күрт көбейтілуі мен әкімшілік- аумақтық бөлініс-ң дұрыс жүргізілмеуі 1868жылғы Орал мен Торғай обл-да орын алған ұлттық бас көтерулер—ң басталуына түрткі болды. 1868ж желтоқсанда стихиялы түрде басталған көтеріліс 1869ж қазанға дейін созылды. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін шаруалар өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметі-ң жазалау топтарын қарақшыл шаб-ға ұшыратты. 1868ж 6 мамырда құрамында 200қылышты ж/е жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлінде қазақ жасақтарымен кездесті. Жазалау тобы көтер-ге тегеурін бере алмай 7күні азық-түлік таусылуына байл кері қайтады. 1869ж наурыз- маусым ай-да болыс, би, сұлтан ж/е старшындарға қарсы 41 рет шаб ұйымдастырылады. Оған 3000ға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал обл-на көтер-ді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал обл-ы аймағына Рукин,граф Комаровский отряды мен бірге генерал губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтер ұйымдаспаған өзара келіспеушіліктермен соғыс тактикасының нашар болуына орай басып жаншылды. 1870 ж Маңғыстаудағы шар-р көтер-і де осы сипатта болды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындары-ң қиын жағдайымен санаспай адайлардан 1869-70 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көпт. Жергілікті тұрғындар,соның ішінде Бозащы түбегі-ң балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. 1870ж наурызында Рукиннің отряды көтер-діңүлкен тобымен кездесіп қоршауда қалды. 25наурызда ашық қақтығыс кезінде 20ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтер-р сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады. Алайда сәтсіздікке ұшырады. Қосымша әскери көмектің келуі күштердің ара-қатынасын өзгертіп, көтер-р үстірт-ң баруға қиые аудандарына шегінді. Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтер-ді жаппай жазалайды. Осы тұста ген-губ Крыжановский әскери министр Милютиннің көтер—ді жазалау тур нұсқауын жібереді. 1870ж желтоқсанда көтер жеңіліс тапқан соң, көтер басшылары И.Тіленбаев, Д. Тажиев, Е. Құлов ж/е олардың серіктері 3мың шаңырақпен Хиуа хандығы-ң шегіне өтіп кетті.Сөйтіп бұқаралық сипатына қарамастан көтер-ң негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай Маңғыстау обл-ғы халықтық-азаттық күрес жеңіліске ұшырады. Көтер аяусыз жанышталып,адайларға соғыс шығыны ретінде 90мың қой салық салынды.Маңғыстау көтер өз кезегінде патша үкіметі-ң отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығы-ң айқын көрінісі болды.

52. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар -заман» мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан, т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының (1843 – 1906) жырларынан айқын байқалады (3,38). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы, қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген, ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы (1818 – 1881) «зар – заман» атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын, әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның» енді қайта келмейтіндігіне «құдасы жоқ құлдың, қонысы жоқ байдың» озатынына, «байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай» өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. «заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің» деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының» жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, «ақырзаман»бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын «Жандарал ұлығың, майыр сынғаның болды», «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің», енді сені күтіп «абақты тұр қасында, қазылған қара көріндей» (5,60) деп сақтандырады.Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан, «Поэты Казахстана» жинағында - (құрастырған М.Мағауин) (7,149 б.) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты, Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен, олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар, болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді.

Date: 2015-07-27; view: 3110; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию