Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АСЫМ ХАН (1511-1518/ 1521Ж) ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ





Қасым ханның сыртқы саясаты. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген»[1]. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Құқық. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халықбұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:

1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолд. жазалар).

3.Әскери заң (қосын құру,аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны

4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.

Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды. Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.

34.16-17 ғ Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Жоңғарлардың басым бөл-нің 1Тобылға, Жемге, Жайыққа, Еділге қарай баяу жылжып барып қоныстануы қазақтар башқұрттар ноғайлар орыстар пайдалан-н жер алаптарында қалып-н тепе-теңдікті бұзды. Олар Есіл мен Тобылдың жоғ.ағыстары а\ы Жем мен Жайыққа қарай қозғалды. Жоңғарлар Көшім ұрпақтарының қолдауына сүйенді. Бұл туралы шығыстанушы В.В.Григорьев: "Сөйтіп моңғолдар қысқа уақыт ішінде Сібірден Үндістанға ж\е Қатайдан Кавказға дейінгі елдердің әміршісі болды. Хоурлықтың ордасы 50000 шаңырақ, ал атты әскері 30000 болды. Олардың артынан Еділге қарай басқа қалмақтар ілесті." 1635 ж қалыптасқан Жоңғар хандығы қазақтарды 3 жағынан қоршады. 1643 ж. Жоңғарлардың 50мың әскерін бастап келген Батыр қонтайшының қолына қазақ ханы Жәңгір 600 ғана жауынгерімен қарсы шықты. Самарқаннан Жалаңтөс батырдың қолы көмекке келіп қазақтар бұл шайқаста жеңіске жетеді. Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір тапқыр, әрі дұрыс айла –тәсіл қолданғаны туралы Левшин былай дейді: «Ол аз ғана адаммен ашық шайқаста жеңіске жете алмайтындығын біліп, жоңғарларды тұзаққа түсіру үшін екі таудың ортасын тосқауыодап отырады. Бұл жер жоңғарлардың қалың қолының қазаұтарды қоршауға алуына тиімсіз болып, Жәңгір хан жеңіске жетті». Қазақ шежірелері мен халық аңыздарының деректері б/ша шайқас Жоңғар алатауында, Орбұлақ деген жерде болған.Ірі оқиғалар мен қатар Орбұлақ шайқасы да қазақ халқының тарихына енді. Жәңгір «Салқам Жәңгір» деп аталып кетті. Бұл жөнінде ЩОқан Уалиханов былай дейді: «17ғ. Екінші жартысында Есім хан тұсында қырғыз-қазақтардың күшейіп алған қалмақ әміршілеріне қарсы күресі басталды. Есімнің ұлы Жаһангердің 1643 жылғы Батырхан тайшымен соғысы туралы Фишер баяндаған». Шынында да Қазақ хандығының Жәңгір бастаған күресі туралы мәселе тарихнамада 18 ғасырдан бастап қозғалған.

Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған.

Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Ханның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын Есім хан өзінің астанасы етті.

Date: 2015-07-27; view: 1629; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию