Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Акушерлік жӘне гинекология» баҒыты бойынша даярлаудыҢ Жалпы сипаттамасы





ГИНЕКОЛОГ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ИНФЕКЦИАЛЫҚ ДЕРМАТОЗДАР» ЭЛЕКТИВТІ ПӘНІ БОЙЫНША

АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНА СӘЙКЕС «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ ИНТЕРНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СИЛЛАБУСЫ

ОҚУ ЖЫЛЫ

Мамандық Жалпы медицина «Акушерлік және гинекология» даярлау бағыты
Пән (электив) Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар
Сағат санының көлемі (кредиттер) 45 / 1 кредит
Курс  
Семестр XI-XII
Бақылау түрі Емтихан (біріңғай тестілеу)

Г.

Силлабус жұмыс оқу бағдарлама негізінде құрылған

 

Силлабус дерматовенерология модулі жиналысында талқыланып бекітілді.

«06» мамқыркүйек 2014 ж., хаттама № 2.

 

Мод. жет., м.ғ.д., профессор Нурушева С.М ________________

 

I. 1. Жалпы мәлімет

1.1 ЖОО атауы -С.Д. Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Модуль – дерматовенерология

1.3 Пән - элективті пән «Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар»

1.4 Мамандық: 051301 – Жалпы медицина, «Акушерлік және гинекология» даярлау бағыты

1.5 Сағат санының көлемі – 45сағат

II. «ГИНЕКОЛОГ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ИНФЕКЦИАЛЫҚ ДЕРМАТОЗДАР» ЭЛЕКТИВТІ ПӘНІ

АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Маңыздылығы: Терініңинфекциалық аурулары, сөзсіз әлеуметтік сипаты маңызды патологиялар қатарына жатады. Олардың кеңінен таралуы, симптоматикасының ауырлығы, диагностика және еміндегі мәселелер барлығы сөзсіз өмір сапасына әсер етумен түсіндіріледі.

Терінің инфекционды зақымымен өзінің кәсіби жұмысында әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер кездеседі. Терінің инфекциялық ауруларының жиі аногениталды аймақта орналасуын есепке алатын болсақ, дәрігер акушер-гинекологтарға оларды білу аса қажет. Пәннің алдына қойған мақсаты жиі кездесетін жұқпалы ауруларды, олардың диагностикасы және емінің замануй жетістіктерін оқыту.

Аногениталды аймақта орналасқан тері ауруларына дер кезінде диагноз қою үшін тері және шырышты қабаттағы зақым ошағын дұрыс сипаттау дағдысын қалыптастыру қажеттігі пәннің негізгі міндеті. Дәрігер акушер-гинекологты кәсіби түрде даярлаудың міндетті бөлігінің бірі тері мен шырышты қабаттағы патологиялық процестерді нақты ажырата, бөртпелердің сипатын және дерматоздардың клиникалық диагнозының негізі болып табылатын жергілікті статусты толық жаза білуді үйрету.

Дерматовенерология адам организмі мен медициналық білім жүйесінде ерекше орын алады. Аурудың себептері, пайда болу жағдайларын даму механизмін, клиникалық ерекшеліктерін, аурудың ағысын зерттеуде, емдеу және профилактикасын дайындауда теорияның жалпы жетістіктері мен медициналық ғылымның практикасына, биология мен биосоциологияға сүйенеді. Ол басқа медициналық клиникаларда кеңінен қолданылатын науқасты зерттеу әдістеріне сүйенеді. Акушер гинеколог дәрігерлеріне аногениталды аймақта орналасқан терінің инфекциялық ауруларымен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, осы сұрақтарды талдау қабілеті дәрігердің мамандандырылған дайындық пен қызметтік міндеті болып табылады.

Жоғарыда келтірілгендер «акушерлік-гинекология» мамандығына дерматологияны оқу қажеттігін туындатады, осыған сәйкес циклде жиі кездесетін терінің инфекциялық ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емінің негізгі сұрақтары оқытылады.

 

2.1. Пәннің мақсаты: Кәсіби білім стандарттарының талабына сай, міндеттелген білім көлемін игерген, тәжірибелік дағды қалыптастырған диагностикалық, емдік, алдын-алу шараларын өздігінше жүргізе алатын мамандар дайындау.

2.2. Пәнді оқыту мақсаттары:

1. тері мен шырышты қабаттың құрамы, патогистологиялық өзгерістері туралы білімдерін тереңдету (когнитивті);

2. біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтер бойынша білімдерін жетілдіру (когнитивті);

3. жиі кездесетін инфекциялық тері ауруларының заманауи жіктелуі туралы білімдерін тереңдету (когнитивті);

4. аногениталды аймақта орналасқан инфекциялық тері ауруларының клиникалық көріністерін анықтау біліктілігін жетілдіру (когнитивті, операционалды);

5. нақты науқас адамды жеке емдеуді қамтамассыз ету үшін білім мен тәжірибиені үйлестіру машығын дамыту; дәлелді медицина принциптері негізінде кәсіби шешім қабылдай білуді үйрету (когнитивті, операционалды, коммуникативті);

6. клиникалық диагнозды дәлелдей алу машығын жетілдіру (когнитивті, операционалды);

7. аногениталды аймақта орналасқан инфекциялық тері ауруларында - науқастарды тексеру және емдеу жоспарын жасау туралы білімдерін жетілдіру (когнитивті, операционалды, өздігінен жетілу);

8. кәсіби жұмысы барысында үздіксіз кәсіби білімдерін жетілдіріп отыруға қажеттілікті сіңіру (когнитивті, өздігінен білімін жетілдіру);

9. инфекциялық тері ауруларының алдын-алу, аурудың таралуын кеміту, санитарлық-ағарту жұмыстары, ұйымдастыру шаралары бойынша білімдері мен машықтарын жетілдіру (құқықтық, операционалды);

10. адамға жаны ашу, жауапкершілік, адалдық, құпияны сақтай білу сияқты кәсіби құндылықтарды ұстануды дамыту (коммуникативті);

11. ұйымдасқан топтарда жұмыс істеу машығын, диагностикалық, емдік үрдістерді ұйымдастыру мен басқаруды дамыту, интернге ағымдағы, есепке алу-есеп беру құжаттарын дайындауды үйрету үйрету (когнитивті, операционалды, коммуникативті, құқықтық, өздігінен білімін жетілдіру);

12. өдебиетті оқу қажеттілігін арттыру және пәнді өз бетімен тереңдете оқу укрепить потребность обращения к литературе и углубленному самостоятельному изучению предмета (өздігінен білімін жетілдіру).

 

Оқыту методологиясы: дисскусия, ситуациялық есептер, тестілеу, сұрау, кіші топта жұмыс, науқастармен жұмыс, презентациялар, мини-клиникалық емтихан.

 

Date: 2015-07-27; view: 780; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию