Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






банк ісінде – мәміле бойынша төлемақыны, қаражатты бір шоттан екінші шотқа көшіру

Азақстан Республикасының салық жүйесі 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

Бағаны белгілеуге мемлекеттің қатысуы Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде. Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсекедеңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді: Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар: сұраныс бағасы – сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;— ұсыныс бағасы – сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;— өндіріс базасы – барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;— реттелетін бағалар – мемлекеттік басқару органдары ор­нататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:— шектеулі бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;— бекітілген бағалар – белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.

Трансферттік төлем Үкіметтің немесе фирманың үй қожалығына немесе компанияға ақша төлеуін (немесе тауар беруін, қызмет көрсетуін) трансферттік төлем дейді. Бұл төлемнің өтеуіне төлемші тікелей тауар немесе көрсетілетін қызметті алмайды. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау). Ақшалай қаражатты бір жақты, өтеусіз төлеу "ағымдағы Трансферт" деп аталады. Тұтыну мақсатына өтеусіз көмек беру осындай ағымдағы Трансферттың мысалы болып табылады. Салық, айыппұл, өсімақы төлеу де осыған жатады. "Капиталдық Трансферт" – бір институттық бірліктің (мысалы, өндіруші-кәсіпорынның) екінші бірлікке (тұтынушыға, үй қожалығына) активтерді сатып алу кепілдігімен өтеусіз табыстауы. Мұндай Трансферт ұлттық шаруашылықтың резиденттері арасында да, резиденттері мен бейрезиденттері арасында да орын алуы мүмкін;

1. мемлекеттің жалпы ұлттық өнімді қайта бөлу барысында экономикалық агенттерге өтеусіз төлем төлеуі;

2. демографияда – азаматтардың бір елден екінші елге көшуі; халықты мемлекеттер арасында халықаралық келісім негізінде алмасу, азаматтықты бірден өзгерту; туристерді әуежайдан мейманханаға, қалалар арасына тасымалдау;

банк ісінде – мәміле бойынша төлемақыны, қаражатты бір шоттан екінші шотқа көшіру.

Азық түлік қауыпсіздікті реттеу. Кез-келген экономикалық даму үрдісіндегі мемлекеттің басты мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін қолдайтын, халқын азық-түлікпен жабдықтауға және азық-түлік тәуелсіздігіне кепіл беретін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нарықтың шырқау шыңына жетіп тұрған кезде өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Себебі, бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету туралы айту әрине оңайға соқпайды. Мемлекетіміздегі азық-түлік қауіпсізідігін толыққанды қамтамасыз ету үшін, оның ерекше мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, менің ойымша еліміздің ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алу қажет. Онда адам және азамат тарауына адам мен азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын бекіту қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнімдерінің оларды әдеттегі жағдайда пайдалану кезінде зиянды болып табылмайтындығы мен қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп туғызбайтындығына негізделген сенімділік күйінің болуы мен сапа деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары бұл мәселе аса маңыздылыққа ие, себебі, тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдердің төменгі сапалы деңгейі байқалуда. Отандық өнімдер нарығына сақтау мерзімі, адам денсаулығына қауіпсіздің сапаларына жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасайтын импортты өнімдер келіп түсуде. Генетикалық түрлендірілген объектілер дегеніміз – гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер. Әрине, айтылған жайттар ұрпағымыздың болашағына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай факторлардың орын алуы тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімсіздігінен болып отыр, яғни, елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріне, балалар тамақтарына, гендік түрлендірілген организмдердің, тамақ қоспалары мен бояғыштардың, биологиялық белсенді қоспалардың айналымына әлі де болса бақылаудың күшейтілуін талап етеді.Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің сапа­лылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Біздің елі­мізде Қазақстан Республикасы Кеден Ода­ғына мүше болғаннан бері бірталай тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, тасы­малдануы мен өткізілуін реттейтін техни­калық регламенттер қабылданған. Бірақ бұл аталған нормативтік актілердің талап­тары орындалмай отыр. Мәселен нан және нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар регламентіне сәйкес, аталған өнімдер химиялық зиянды заттардан бөлек сақталуы, тасымалдануы тиіс делінген.

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.

Болжаудың экономика-математикалық әдістері Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау — қоғам өмірінің барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашактағы перспективасын, жәй-күнін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);2. базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;3. жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;4. қоғамның қорлары мен кажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымының жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдаиларды елемеумен және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.4. Жетекші салаларды белгілеу аркылы экономикада тиімді үйлесімділікті (сандық катынастарды) қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінін бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі. Жоспарлардың кешенді болуы кез келген деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және.маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

Кедейшілік. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған.

-Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады. Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына қолданылады.

-Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда, абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды. Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.Кедейшіліктің күн көру қаражатының болмауына негізделген анықтамалары дүние елдеріндей кедейшілікті парықтауда маңызды мәнге ие болады және әлемде күн көру қаражатымен өлшенген кедейшіліктің жалпы деңгейі өте жоғары. Кейбір зерттеулерде кедей елдер халықтарының жартысына жуығы абсолютті кедейшілік камтиды деп топшыланады. Кіріс деңгейі күнкөріс қаражатына ие болудың тек дәл емес көрсеткіштерін беріп, жүрт кедейшіліктің дәл бағасын алу қиын болғанымен, кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йоркжұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.Алпысыншы жылдары (XX ғасыр) кедейшілік қайтадан кең зерттеле бастады. Ұлыбританияда Брайан Абель Смит пен Питер ТаунСеңц секілді авторлар былай пайымдады: Раунтри секілді зерттеушілер пайдаланған көрсеткіштер, кезінде дұрыс түзетілмеген, өйткені уақыт өте келе сатып алу қабілеті өзгеретіні ескерілмеген, сөйтіп күнкөріс қаражаты терминіне анықталған кедейшілік деген қате бағаланған. Олар сондай-ақ кедейшілікті абсолютті мәндерде емес, салыстырмалы мәнде қарастырған абзал деп санады.Отбасы күнкөріс үшін жеткілікті қаржы табуы мүмкін. Бірақ бұл олардың жылы баспанада тұруға немесе барған сайын қажет болып отырған, үзақ пайдаланылатын теледидар немесе тоңазытқыш секілді тұтынушылық тауарлар алуға, яғни қоғамдық қызметке қатысуға немесе бос уақытын басқалар секілді қанағат алатындай өткізуге жеткілікті қаржысы бар деген сөз емес. Олар "қоғамдастықтың әдеттегі әлеуметтік өмірінен бірте-бірте шеттеп қала берді. Абель-Смит пен Таун-Сендсалыстырмалы кедейшіліктің көрсеткіші ретінде отбасының жағдайын әлеуметтік қорғау (әлеуметтік жәрдем төлемдері) дегенмен салыстырып, жұрттың 15 пайызы кедейшілікте тұратынын ашты. Таун-Сеңдтің 1978 жылы жарық көрген іргелі еңбегі секілді кейінгі зерттеулерде кедейшілік көрсеткіштері жетілдіріліп, кедейшілік пайызы айтарлықтай екені байқалды, бұл пайыз әлеуметтік жәрдем берудегі теңсіздіктің өсуіне және оның қысқартылуына байланысты арта түсті. Соңғы мәліметтер Ұлыбританияның әрбір бесінші түрғыны кедейшілікте өмір сүреді деген сөз, дегенмен бұл пікірталас тақырыбы бола алады, өйткені бұл мәліметтер іс жүзінде өнеркәсібі дамыған барлық елдерге тән.Кедейшіліктің тікелей себептері уақыт өте келе заман циклі барысында өзгеріп отырады. Бут пен Раунтри кедейшіліктің негізгі себебі тұраксыз кіріс деп санаған болатын. Алайда Раунтри 1936 жылы жүргізген зерттеуде жұмыссыздық пен қартандық бұрын көрсетілгендермен салыстырғанда әлдеқайда елеулі себептер деп топшыланды. Таун-Сеңдтің зерттеуі жарыққа шыққан тұста кедейшіліктің негізгі тікелей себептері аз жалақы, отбасының асыраушысынан айырылуы, денсаулықтың нашар болуы. Кедейшіліктің негізгі топтары қарт адамдар, жалғыз басты ата-ана, әйелдер әртүрлі науқастар мен мүгедектер, аз жалақылы қызметкерлер мен жұмыссыздар болды.

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген. Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Стрельба с подвижных средств | На разработку логотипа и фирменного стиля Пермской школы архитектуры

Date: 2015-07-27; view: 435; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию