Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе





Силлабус

Мамандығы 051103 фармация

ЛАТЫН ТІЛІ МОДУЛІ

Курсы: І Семестр:ІІ

 

Лекция - жоқ

Тәжірибелік сағат – 15 сағат

СОБЖӨЖ - 7 сағат

 

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) - 23 сағат

Барлығы - 45 (кредит)

Бақылау түрі: емтихан, тест

Алматы, 2013-2014ж

Жалпы мағлұматтар

• ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

• Латын тілі модулі

• Пән латын тілі

• Мамандығы: 051103 фармация

• Оқу сағатының көлемі – 45 сағат

• Курсы және оқу семестрі - І курс, ІІ семестр

 

Оқытылу курсы мен семестрі: 𝐈курс 𝐈𝐈семестр

 

Аты - жөні лауазымы
  Жантасова С.У. аға оқытушы
  Жанузакова М.Т. оқытушы
  Лисариди Е.К. аға оқытушы
  Нурмухамбетова Б.Н. аға оқытушы
  Татаренко Т.Д. аға оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі
  Токпанова А.А. аға оқытушы
  Шойбекова А.Ж. аға оқытушы

 

Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 2 оқу ғимараты

Тел:

Пәннің саясаты төмендегі талаптардан тұрады:

· сабаққа міндетті түрде қатысу;

· сабаққа кешікпеу;

· сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда анықтама көрсету;

· сабаққа дайындалу, үй жұмысы мен СӨЖ орындау;

· тапсырманы дәл уақытында тапсыру т.б

· оқу үрдісіне белсенді атсалысу;

· тапсырманы уақытында орындамаған жағдайда қорытынды бағасы төмендейтінін есте сақтау;

· ұқыпты, жауапты және тәртіпті болу;

· ұжымдық жұмыстарға атсалысу;

 

 

2. Бағдарлама:

Кіріспе

 

Медициналық жоғарғы оқу орындарында латын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері студенттерді болашақ мамандықтарына сай фармацевтикалық медициналық терминдерді (сауатты меңгеріп) және қолдана білуде латын тілі кәсіби тіл болып табылады. Медициналық терминология негізгі үш бөлімнен тұрады – 1) анатомиялық, 2) фармацевтикалық, 3) клиникалық.

Фармацевтикалық терминологияда дәрілік қалыптардың, дәрілік өсімдіктердің аттары, химиялық номенклатура және рецепт қарастырылады.

Студент үшін басқа пәндерді меңгеруге латын тілінің ықпалы зор, атап айтқанда фармокология, биология, химия. Латын тілінің оқытудың негізгі мақсаты – қазіргі фармацевтикалық терминологияны білімді, сауатты латын тілінде игерген маман дайындау. Ең негізгі мақсаты фармацевтикалық терминологияның негізін жоғарғы жетістікпен игеру болып табылады. Бұған тілдің терминологиясының тәжірибелік сұрақтары, өндіріспен және әр түрлі номенклатурадағы терминдердің функциясын құрастырушы құрамдас фармацевтикалық терминология жатады.

Бірінші сабақтан бастап сауатты тез оқып үйренуге, рецептерді қатесіз жазуға және аудармаға көңіл бөлу керек. Ол үшін рецепттерді аудармаларды, латын тілінен қазақ, орыс тілдеріне аударып қоймай, жай сөйлемдерді және рецептерді қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне аудара білу керек. Оқып үйрену, есте сақтаудың жеке қабілеттіліктің белсенділігін қажет етеді. Әр бір сабақта 25-30 жаңа сөздерді оқулықтан және қосымша оқу құралдарынан меңгеруі керек. Латын тілі пәні оқып білуге 45 сағат бөлінген.

 

2.2. Пәннің мақсаты:

Латын тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің медициналық терминологияның үш бөлімін игеріп, практикалық және ғылыми жұмыстарында дұрыс қолдана білуі.

мамандыққа сәйкес білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту.

тіл үйренушінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін күшейту, қызығушылығын арттыру.

2.3. Міндеттері:

- Когнитивті - тілдік құзіреттілік:

медициналық және жалпы ғылыми терминология туралы ұғымды қалыптастыру;

медициналық терминді қазақ, орыс тілдерінен тын тіліне және керісінше аударма дағдыларының жүйесін қалыптастыру;

дәрілік заттардың аттарындағы дәрілік бөліктерді анықтап үйрену және оқып қолдану;

бағдарлама көлемінде латын тіліндегі жазбалар мен оқуларды оқып үйрену;

рецепт жазуды сауатты үйреніп, қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне және керісінше аударуды үйрену;

терминэллемент, түбірсөз жұрнақтар бойынша клиникалық терминдерді құрастыруды қалыптастыру;

- Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру құзіреттілігі:

Әрбір сөз таптарын айыра білуін, анатомиялық және фармацевтикалық сол сияқты жалпы ғылыми және медициналық терминдерді сауатты қиыстыруын қалыптамстыру.

- Коммуникативтік құзіреттілік:

Медициналық терминалогияны белсенді қолдану дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

- Құқықтық құзіреттілік:

Деонтология негіздерімен танысу.

- Өзін-өзі дамыту деңгейі:

Анатомиялық, фармацевтикалық және клиникалық терминдерді құрастыру дағдыларын білу және ойлау қабілеттерін, кәсіби, қоғамдық және мәдени

ой- өрісін кеңейтуін шыңдау.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

· Оқытудың негізгі ерекшеліктері;

· дыбыстардың оқылу ерекшеліктерін;

· әліпби мен әріп тіркестерінің жазылуын;

· зат есімнің септелуін;

· сын есімнің септелуін;

· сын есімнің зат есіммен қиысуын;

· демеуліктер, сан есімдер, есімдіктердің медициналық терминологияда қолданылуын;

· дәрілік заттардағы тривиалды (жай) атаулардың құрылуы мен тәсілдерін;

· лексикалық сөздерді есте сақтауын;

· рецептің құрылысы мен жазылу талаптарын;

· латын тіліндегі қанатты сөздер мен афоризмдерді.

Студент меңгеруі керек:

· латын тілінде жазу және оқуды;

· медициналық терминдердің латын тілінен қазақ, орыс тілдеріне және кері аударуды;

· рецептерді сауатты жазуды, оларды латын қазақ, орыс тілдеріне және кері аударуды;

· латын тіліндегі химиялық атауларды құрастыруды (оксид, қышқыл, тұз);

· дәрілік заттардың атаулардағы дәрілік бөліктерді анықтауды;

· белгілі термин элементтермен берілген клиникалық терминдерді анықтауды.

 

2.5. Реквизитке дейінгі:

Оқыту курсын меңгеру үшін орта жалпы білім беру мектебіндегі биология, химия, шет тілі пәндерінен алған білімі қажет.

 

 

2.6. Реквизиттен кейінгі:

«Латын тілі және фармацевтикалық терминология» пәні кез-келген медицина мамандығы үшін қажетті пән болып саналады. 1 курстағы білімі мен сабақты игеруін және жоғарғы курстарда арнайы пәндерді оқыған кездегі қабілеттілігін қалыптастыруда медико-теориялық және клиникалық пәндермен латын тілі курсы арасында тығыз байланыс болады. Латын тілін оқыту жалпы мәдени, тарихи-медициналық деонтологиялық және эстетикалық мағыналарды беретін латын афоризмдері мен ертедегі ойшылдардың қанатты сөздерін меңгерген болашақ дәрігер – маман.

Латын грамматикасының элементтерін, грек-латын терминдерін тануды, олардың қазақша, орысша мағыналарын білуді, басқа тілдердегі арнайы хабарламаларды түсінуді және оқуды жеңілдетеді. Халықаралық мамандар арасындағы қатынастарды және ғылымданған ақпараттық инфрақұрылымдарды байланыстырады.

 

Курсты оқып болғаннан кейінгі студенттің білімі мен әсері:

· оқудың негізгі ерекшеліктері туралы;

· дыбыстардың оқылу ерекшеліктері туралы;

· әліпби мен әріп тіркестерінің жазылуы туралы;

· зат есімнің септеуі туралы;

· сын есімнің септеуі туралы;

· сын есімнің зат есіммен қиысуы туралы;

· дәрілік заттардағы тривиалды атаулардың құрылуы мен тәсілдері туралы;

· лексикалық сөздерді есте сақтауы туралы;

· рецептің құрылысы мен жазылу талаптары туралы;

· латын тіліндегі қанатты сөздер мен афоризмдердің қолданылуы туралы.

 

Date: 2015-07-27; view: 1568; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию