Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Цефеидтерді түсіндіріңіз





Цефеидтер. Ең маңызды пульсацияланатын айнымалылардың бірі – цефеидтер, ең алғаш ашылған дельта-Цефей типіне байланысты аталған. Аса жоғары гиганттар I типтегі, спектральдық класстары F-K. Периодтары 1-50 тәулік, ал амплитудасы 0,3-2,5 жұлдыздық шамада. Жарқырау қисығының формасы дұрыс, жарқырауының тез өсуімен қатар баяу кемуін көрсетеді. 1912 ж. Генриетта Ливитт ашқан Кіші Магелландық бұлттағы цефеидтер үшін, цефеидтің периоды мен оның абсолютік жұлдыздық шамасы арасында керемет байланыс бар. “Период-жарықтылық” тәуелділігі жақын Галактика мен жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықты анықтауға қолданылады. Пульсация периоды орташа тығыздықпен байланысты. Екінші жағынан жұлдыздың өлшемі, сонымен қатар оның орташа тығыздығы оның толық жарқырауымен байланысты. Пульсацияланатын жұлдыздардың периоды мен жарқыраулары арасында неліктен байланыс болу керек. Классикалық цефеидтердің абсолюттік жұлдыздық шамасы М мен периодының P байланысы суретте келтірілген. М мен lg P байланысы сызықтық. Цефеидтер жарқырауы түсіне де тәуелді.

Классикалық цефеидтер. АЖЖК бойынша: DCEP, DCEPS, CEP(B). Пульсацияланатын жұлдыздардың типтеріне тоқталайық. Астрономиядағы цефеидтердің үлкен роліне байланысты бірінші цефеидтерге тоқталамыз.
Алғашқы зерттеулерде барлық жұлдыздарды жарқырау қисығының морфологиясы бойынша цефеидтерге ұқсастығы бойынша жатқызды. Цефеидтердің екі негізгі кіші типтері (классикалық цефеидтер, АЖЖК бойынша: DCEP, DCEPS, сфералық құраушының цефеидтері (гало), CWA мен CWB) және "қысқапериодты цефеидтер", яғни RR Лира айнымалылардың барлық типтері. Галактиканың жазық құраушылары жататын ұзақпериодты классикалық цефеидтер. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде цефеидтердің жарқырау қисығы мен периодының байланыстыратын заңдылықтар орнатылды. Кейбір жұлдыздар Герцшпрунг тізбегіне кірмейді, олардың жарқырау қисығы шартәрізді шоғырлардың жарқырау қисығына ұқсас. Классикалық цефеидтер Галактиканың жазық құраушыларына, "аномальды цефеидтер " мен шартәрізді шоғырлардағы цефеидтерді Галактиканың сфералық құраушыларына жатқызамыз. Біздің Галактикадағы сенімді топтастырылған классикалық цефеидтердің периодтары 1d пен 45d аралығында. Ұзақ периодты (125d) тәулікке дейін бірнеше жұлдыздар белгілі, бірақ олардың классикалық цефеидтерге жататыны дәлелденбеген. Басқа Галактикаларда (Магелландық бұлттында) цефеидтерге ұқсастық белгілері (периоды мен жарқырау қисығының тұрақтылығы, спектрі мен жарқырауы) периоды 200d тәуліктен асатын жұлдыздар анықталған,.

4-ші АЖЖК басылымында классикалық цефеидтерге 460 жұлдыз, сфералық құраушы цефеидтері 173 жұлдыз, ал 180 жұлдыз Галактиканың қай құраушысына жататыны дәл анық емес болғандықтан цефеидтер қатарына топтастырылған. Бұл топта классикалық цефеидтер саны көп. Жақын Галактикалардағы (Магеллан Бұлты мен Андромеда M 31 галактикасында) мыңдаған цефеидтер анықталған.

Астрономиядағы жұлдыздардың физ. мағынасын түсіндіретін цефеидтердің ең негізгі қасиет период-жарықтылық тәуелділігі табылады. 1908 ж. Х.Ливитт (КМБ) Кіші Магеллан Бұлтында 1777 айнымалы жұлдыздарды ашты. Оның ішінде 16 жұлдыздың периодын анықтады, период ұзақ болғанымен жұлдыз соғұрлым жарығырақ болды. Кіші Магеллан Бұлтына дейінгі өте үлкен ара қашықтық КМБ өлшемімен салыстырғанда жарықтылықтың (тек көрінерлік жұлдыздық шама емес) периодқа тәуелділігімен түсіндіруге болады. Мисс Ливиттің ашқан айнымалы жұлдыздарын цефеидтер екені анық болмады. 1913 ж. Э.Герцшпрунг дәл анықтады. Жеке цефеидтерге, жұлдыздық жүйелерге дейінгі ара қашықтықты анықтауда период-жарықтылық тәуелдігі үлкен роль атқарды.

1918 ж. Х.Шепли период-жарықтылық тәуелдігін тексерді. Ол зерттеулерге Магеллан Бұлтындағы, шар тәрізді шоғырлар мен Күннің маныңдағы цефеидтер мәліметтерін пайдаланды. (Қазір Шеплидің сұрыптауы біртексіз болды, бұл барлық жұлдыздар бір периодта бірдей жарықтылыққа ие емес.) Шеплидің ұсынған период-жарықтылық тәуелдігі 30 жыл бойы пайдаланылды.Спиральдық тұмандықтардың галактикадан тыс табиғаты дәлелденді, Галактикадағы Күннің орны анықталды. 1940 жылдың аяғында Шеплидің тәуелділігін қайта қарастыруға болатындай мәліметтер жиналды.

Период-жарықтылық тәуелділігі цефеидтердің кеңістіктегі орнын анықтайды. Құс жолы жазықтығында классикалық цефеидтер жоғарғы дәрежелі концентрациясымен ерекшеленеді. Цефеидтердің Z-координатасының орташа абсолюттің мәні 65 пк.-ке жуық. 1940 ж. Аяғында Б.В. Кукаркинге Z-координата бойынша цефеидтердің таралуын зерттеу, цефеидтерді сфералық құраушының жеке типіне жатқызуға маңызды аргументі. (Модулі бойынша 1000 пк. асатын Z-координатамен жұлдыздар) Жазық құраушының цефеидтері өте жоғарғы жарықтылыққа ие. Галактика жызықтығында цефеидтердің таралуы б/ша спиральдық бұтақтарында үлкен периодымен цефеидтер. Ұқсас сипатталарымен цефеидтер (периодтары бір, жастары жақын екенін көрсетеді) жазықтықты өлшемі 200-1000 пк топтарды құрайды. Шартәрізді шоғырларда цефеидтер кездеседі, бірақ бұл сфералық құраушы цефеидтері. 20 ғ. ортасында шашыранды шоғырларда тіпті айнымалы жұлдыздар кездеспейді деген ой болды. 1956 ж. Холопов П.Н. 16 цефеид тізімін шоғырларға жататынын көрсетті, 1920 ж. П.Дойг U Sgr мен S Nor цефеидтерін М25 пен NGC6087 шашыранды шоғырларға жататынын көрсеткен болса да. Қазіргі уақытта шашыранды шоғырлар мүшелері – оңдаған цефеидтер белгілі. Бірінші цефеидті, сосын оның айналасындағы шоғырларды анықтаған кезеңдер де болған. Шоғырлар мүшелерін цефеидтерді период-жарықтылық тәуелділігін калибрлеу үшін қолданады. Шашыранды шоғырларда цефеидтердің кездесуі, бұл жұлдыздың эволюциялық статусын (кезеңін) түсінуді жеңілдетеді. Цефеидтер бұл бас тізбекті стадиясын өткен (В жұлдыз болған) бұдан соң қызыл аса алыптарға аймағына бағытталған жұлдыздар.

Рис. 2.4. Полоса нестабильности и эволюционные треки (схема, по Р.Кристи и Ю.Н.Ефремову). У треков подписана масса (в солнечных единицах). Нанесены также линии постоянных периодов.

Сурет 2.4. эволюциялық тректер көрсетілген. Жұлдызды тұрақты емес жолақты бернеше рет қиятыны көрінеді. 1-ші қиылысуға өте аз уақыт кетеді (жуық шамамен 103 жыл). Бұл қиылысу кезеніңде цефеидтер бақыланатын объектілер ішінде өте аз. Келесі қиылысуға көбірек уақыт кетеді. Суреттен көрінетіндей жұлдыз массасы көп болған сайын, тұрақты емес аймақта жұлдыз үлкен периодқа ие. Жұлдыз массивті болған сайын, ол тезірек бас тізбектен кетіп цефеидке айналады. Шоғырлар жасы мен шоғырға кіретін цефеидтер периоды арасында байланысты білдіреді. 1960 ж. ортасында Ю.Н. Ефремов бұл байланысты шынымен де анықтады. Шоғырларға жатпайтын классикалық цефеидтер жасын анықтауға, жасына тәуелді байланысты кинематика ерекшеліктерін зерттеуге бұл тәуелділікті қолдануға болады. Бұл қазіргі заманғы астрофизикада жеке жұлдыздардың жасын анықтау жеңіл мүмкіндік. Класс. цефеидтер ассиметриялық тез көтерілетін және ақырын баяу түсетін жарқырау қисығына ие. Цефеидтердің жарқырау қисығының формасы период ұзақтылығына тәуелділігі бар екенін алғашқы Герцшпрунг байқады, бұл тәуелділік Герцшпрунг тізбегі д.а. Бұл тәуелділікті бірнеше авторлар зерттеген. Оның ішінде 1937 ж. Б.В. Кукаркин мен П.П. Паренаго. 6d периодқа дейін жарқырау қисығы тегіс формада d Цефей үшін (Р-5,37d). Р-6 болғанда, төмен түсетін қисығы төбешік пайда болады. (Стрелец Р=6,74d). Периодтың өсуіне б/ты төбешік өседі ж/е максимумге жақындайды. 9-10 тәулік период маңында төбешік өте жоғары, және жарқырауы екі бірдей максимумге ие. Период ары қарай жоғарылаған сайын төбешік бататын қисыққа ауысып ақырындап әлсірейді.

Рис. 2.5. Кривая блеска d Цефея по наблюдениям Н.Ф.Флори с визуальным фотометром.

Date: 2015-07-27; view: 2145; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию