Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йқы безінің эндокринді бөлігінің құрылысы





Эндокриндік бөлігінің құрылысы. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің құрылымдық-қызметтік бірлігі Лангерганс аралшығы (инсула) болып табылады. Ол ацинустардан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен бөлектенген, гистологиялық препараттарда ол ашықтау болып келеді. Фенестрленген гемокапиллярлар орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттарының арасында анықталатын инсулоциттер аралшықтарды құрайды. Бояуды қабылдауына орай инсулоциттерді А, В, Д, Д және РР деп жіктейді.

В – жасушалар немесе базофильді инсулоциттер негізгі бояуларды қабылдап, көк түске боялады. Олар аралшықтың барлық жасушаларының 75% түзейді. Жасушаларда ақуызтүзеуші органеллалар жақсы дамып жетілген, ал секреторлық түйіршіктерінің сыртында жалпақ ашық жиекше анықталады. В – жасушалар инсулинді өндіреді. Инсулин жасушалардың глюкозаны сіңіруін арттыру арқылы қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Бауырда инсулин глюкозадан гликогеннің түзелуін жоғарылатады. Инсулиннің аз өндірілуі нәтижесінде қант диабеті қалыптасады.

Барлық ациноциттердің 20-25% құрайтын ацидофильді немесе А-жасушалардың цитоплазмасында қышқыл бояуларды қабылдайтын өнім түйіршіктері болады. Түйіршіктердің сыртында жіңішке ашық жиекше анықталады. Жасушалардың жақсы дамып жетілген ақуызтүзеуші аппараты бар. Олар глюкагон гормонын өндіреді. Бұл гормон инсулинге қарама-қарсы әсер көрсетеді. Атап айтсақ, ол бауырдағы гликогеннің ыдырауын белсендіру арқылы қанның құрамындағы глюкозаны көбейтеді.

Д – жасушалар барлық эндокриноциттердің 5% жуығын құрайды. Жасушаның цитоплазмасында орташа тығыздықты түйіршіктер анықталады. Ашық жиекшесі жоқ түйіршіктер соматостатин гормонынан тұрады. Ол А және В жасушалардың және ациноциттердің жұмысын тежейді. Сонымен қатар соматостатин әртүрлі жасушалардың митозын тежей алады.

Д₁ - жасушалардың секреторлық түйіршіктерінің жіңішке ашық жиекшесі болады. Олар артериалалық қан қысымын төмендететін және панкреаттық сөлдің өндірілуін арттыратын вазоинтестинальды полипептидті (ВИП) бөледі.

РР – жасушалар аралшық эндокриноциттерінің жалпы санының 2-5% түзейді. Көбінесе олар Лангерганс аралшығының шетінде орналасады, кейде бездің экзокриндік бөлігінде кездеседі. Жасушаның құрамында пішіні, көлемі, тығыздығы әртүрлі өнім түйіршіктері болады. Жасушалар панкреаттық полипептид өндіреді, ол ұйқы безінің экзокриндік қызметін тежейді.

Жас балалардың ұйқы бездерінің аралшықтарында гастрин өндіретін G– жасушалар анықталады.

Ұйқы безінің бөліктерінде экзокриндік және эндокриндік жасушалардан басқа, аралас инсулоациноздық жасушаларды да ажыратады. Бұл жасушаларда ірі зимогенді және ұсақ эндокринді түйіршіктер бірдей анықталады. Инсулоациноздық жасушалардың үш түрін ажыратады: А, В және Д. Олардың эндокриндік түйіршіктерінде инсулин, глюкагон және соматостатин болады. Бұл жасушалар бір мезгілде гормонды және ферментті өндіреді. Инсулоациноздық жасушалардың маңызды қызметтерінің біріне өндірілген протеаздардың ықпалының нәтижесінде гормондарды белсендіру (мысалы проинсулинді инсулинге айналдыру) болып табылады. Кейбір ғалымдар инсулоацинозды жасушалардың ациноциттердің инсулоциттерге айналуының бір көрінісі деген пікір айтады.


Date: 2015-07-27; view: 886; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию