Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гепатоциттің құрылысы





Гепатоциттер үлкен көлемді, полигональды н/е алты қырлы жасушалар. Көбінесе бір, кейде екі ядролы болады, ядролары полиплоидты болуы жиі анықталады. Жасушаның ядросы сопақша пішінді, гепатоциттің ортасында орналасады. Нуклеоплазманың құрамында ұсақдисперсті орта электрон-дытығыз эухроматин және жоғары электрондытығыз гетерохроматин ажыратылады. Жасушалардағы ядрошықтар-дың саны олардың қызметтік белсенділігіне тәуелді. Гепатоциттерде трофикалық – гликоген, май; пигменттік – липофусцин сияқты қосындылар болады. Кейінгінің мөлшері адамның жасы ұлғайған сайын көбейе түседі. Ас құрамында майлардың үлесі артқан кезде гепатоциттерде ірі липид тамшылары түрінде май қосындылары анықталады. Әрбір гепатоциттің 2 бөлігін ажыратады: васкулярлық (синусоидалдық) және билиарлық. Васкулярлық бөлігі синусоидты гемокапиллярға қарай бағытталған. Гепатоциттердің бұл бөлігінде эндотелиоциттердің арасымен гемокапиллярдың қуысына кіре орналасып, тікелей қанменен байланысатын микробүрлері болады. Синусоидты гемокапиллярдың қабырғасынан гепатоциттің васкулярлық бөлігі Диссенің перисинусоидалды кеңістігі арқылы бөлінеді. Гепатоциттің васкулярлық бөлігінен қанға ақуыздар, глюкоза, витаминдер, липидтік комплекстер бөлінеді.

Гепатоциттердің билиарлық бөлігі өт капиллярына қарай бағытталады. Бір-бірімен байланысқан гепатоциттердің беткейлері инвагинациялар және микробүрлер түзейді. Осылайша құралған өт капиллярының жанында байланысқан гепатоциттердің цитолеммалары бір-бірімен десмосомалар, тығыз және саңылаулы байланыстар арқылы бірігеді. Өт капиллярына, одан кейін өт өзегіне гепатоциттің билиарлық бөлігі арқылы өт бөлініп шығады.

Классикалық бауыр бөлікшесін, шамамен бірдей 3 бөліктерге бөледі: орталық, аралық және шеткі. Бұл аймақтарда бауыр жасушалары қоректенуі және оттегімен қамтамасыз етілуіне орай әртүрлі жағдайда болады. Бұл айырмашылықтар гепатоциттердің көлемінің, құрамындағы органеллалардың даму деңгейінің, ферменттердің белсенділігінің, митозбен бөліну қабілеттерінің, қосындылардың мөлшерінің әртүрлі болуына әкеледі.

Бөлікшелердің шеткі аймақтарында гепатоциттердің өсуі мен цитодифференцировкасы қарқынды жүреді. Бөлікшенің орталық аймағының гепатоциттеріне қарағанда, оларда плоидтылық дәрежесі жоғары, митохондрияларының көлемі үлкенірек, саны молдау болады.

Бөлікшенің шеткі аймақтарында уытсыздандыру қызметі айқынырақ жетілген. Бұл жасушалар цитоплазмасындағы сукцинат- және лактатдегидрогеназаның, глюкозо-6-фосфатазаның тағы басқадай ферменттердің жоғары белсенділігімен сипатталады. Бөлікшенің шеткі аймақтарының гепатоциттерінің цитоплазмасы гликогенге бай болады, ксенобиотиктерді бейтараптандыруға, өт өндіруге көбірек қатысады. Осыған байланысты олар уытты заттардың әсерінен тез зақымданады.

Орталық аймақтарда орналасқан гепатоциттер қоректік заттардың және оттегінің жетіспеушілігі кезінде көбірек зақымданатындығы анықталған.

Date: 2015-07-27; view: 1346; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию